«Зима 2025»

Сабақ жоспары "Ұлттық валюта"

Поурочный план для 5 классов на тему: "Ұлттық валюта"

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Пән қазақ тілі Сынып 5 «В» Күн 03.02.2017ж.

Сабақ тақырыбы: Ақша – төлем құралы. Грамматикалық тақырып:

Тұйық етістік.

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Тұйық етістік туралы түсінік беру, жалғану ерекшеліктеріне тоқталу. Мысалдар арқылы пысықтау, бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімдерін, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.

3. Тәрбиелілік: Мәтін тақырыбы арқылы оқушыларды ел тарихымен, ел тәуелсіздігінің айғағы ретіндегі ақша тарихымен таныстыру, ақшаның төлем құралы екендігін сұхбаттар арқылы айтып үйрету.


Сабақ түрі: Дәстүрлі. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сұхбат, жаттығу жұмыстары.

Сабақ көрнекілігі: тақырып бойынша үлестірмелі карточкалар.

Пайдаланылға әдебиеттер: 6 сынып оқулығы

А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров «Казахский язык. 453 б.

Қазақша-орысша сөздік.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру. (1. Оқушылармен амандасу, түгендеу; 2. Тіл кеңістігін икемдеуге арналған сұрақтар). 1. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Бүгін сабақта кім кезекші?

- Бүгінгі сабақта кім жоқ? 2. - Бүгін айдың нешесі?

- Аптаның қай күні? Апта күндерін кім атайды?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

  • Етістік дегеніміз не?

  • Үстеу дегеніміз не?

  • Үстеудің қарай қандай түрлері бар?(Мекен, сын-қимыл, негізгі, туынды)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпқа кіріспе. (Тақтаға ай, күнді, тақырыпты жазу) Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.


  1. Грамматикалық тақырып. Тұйық етістік.

Тұйық етістік (Неопределенная форма глагола)

Тұйық етістік етістіктің түбіріне –у жұрнағын қосу арқылы жасалады.

Неопределенная форма глагола образуется путем прибавления к глаголной основе суффикса –у.


Мысалы:

Оқ-у

Читать

Іш-у

Пить

Сұра-у

Спросить

Тұр-у

Встать

Жаз-у

писать

Күт-у

Ждать


2. Сөздік жұмысы:

Төлем құралы-средство оплаты

Сауда-торговля

Ақша-деньги, валюта, монета

атқарылған жұмыс үшін-для исполненной работы

еңбек ақысы-заработная плата

ұлттық теңге – национальная валюта

айналым – оборот

арнайы тапсырыс – специальный заказ

ұлы адамдар – великие личности

елтаңба – Герб


Жаңа сөздерді оқып шығу, қазақ тіліне тән дыбыстардың оқылуларына баса назар аударту.

Оқушылардың жаңа сөздерді аудармасымен қоса оқулары.

Сөз тіркестерін құру.


- Жаңа сөздермен, таныстық, олай болса, сөздік дәптерімізге көшіріп жазып алайық.


3. Мәтінмен жұмыс.

Ұлттық теңгеміз

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін белгілерінің бірі – ұлттық ақшасы. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткзгеннен кейін өз ақшасын щығаруды қолға алды. Сөйтіп, 1993 жылы қараша айынан бастап, өз теңгеміз айналымға түсе бастады.

Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалған. Теңгенің шеттері қазақтың ою – өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылады. Екінші бетінде ою – өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, Елтаңбамыз салынған.

(Мәтінді мәнерлеп оқып беру, жаңа сөздердің көмегімен оқушыларға көмек көрсете отырып аударту).


Мәтін арқылы сұрақтарға жауап алу:

- Мәтін не туралы?

- Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін нені қолға алды?

- Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі неде?

- Теңгенің шеттері немен безендірілген?


4. Тақтамен жұмыс.

1– тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беру.


1.Әрбір мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілеріннің бірі не?

2.Төл теңгеміз нешінші жылы жасалынды?

3.Ол қандай қағаздан жасалынды? Онда нелер бейнеленген?


2-тапсырма.

Етістіктерден тұйық етістік жасау, аудармасын жазу.

Сурет салды

Сурет салу


Өлең жаттады

өлең жаттау


Күнге қыздырын

Күнге қыздырыну


Отырыңыз

Отыру


Тынығамыз

Тынығу


Демаламыз

Демалу


Шұғылданады

Шұғылдану


Айналысады

Айналысу


Кір

кіру



Үлестірмелі карточкаларды тарату.

1 карточка

(Үлгерімі төмен деңгей)

2 карточка

(Үлгерімі төмен деңгей)

3 карточка

(Үлгерімі орта деңгей)

4 карточка

(Үлгерімі орта деңгей)

5 карточка

(Үлгерімі жоғары деңгей)

Сөйлемді буынға бөліп жаз.

Бірінші бетінде қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылады.


Сөздердің аудармасын жаз.

Аялдама-

Демалыс-

Түйдей құрдас-

Оқу озаты-

Еңбек ақысы-

Арнайы тапсырыс-

Сөздердің түбірін тап.

Үйрету, түсіну,

Жинау, кету, апару, жіберу, ұйықтау.

Сөздерді ретімен орналастыр.

Бірге, келеміз, дүкенге, үнемі, отбасымызбен, осы, Біз.

Кез келген тұйық етістікті септе.

Оқу, Сұрау. Жазу.


IY. Қорытындылау. Сонымен, бүгін қандай тақырып өттік?

Сабақта қандай жұмыстар жасадық?

Қандай жаңа білім алдыңдар? Не туралы білдіңдер?

Y. Үй тапсырмасы. Мәтінді мазмұндау; жаңа сөз жаттау; 5 етістіктен тұйық етістік жасау. .


YІ. Бағалау. Сабаққа қатысулары мен жауап берулері бойынша бағалау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее