«Зима 2025»

Салқын және тәтті көжелерді дайындау

Мақсаты: Оқушыларға салқын және тәтті көжелер туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру, тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу. Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, аспаздық шеберлігін дамыту.

Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - суретті, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық - түліктер, құрал - жабдықтар, нұсқау карта.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Технология пәні мұғалімі: Лаура Молдажанова


Сабақтың тақырыбы. Практикалық жұмыс № 1 «Салқын және тәтті көжелерді дайындау» Қаржы шешімдерін қабылдау.


Мақсаты: Оқушыларға салқын және тәтті көжелер туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру, тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу. Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, аспаздық шеберлігін дамыту.

Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа , өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - суретті, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық - түліктер, құрал - жабдықтар, нұсқау карта.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Арнайы формасын түгендеу.

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

5. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Салқын және тәтті көжелер. Көжелер — біріншіден, суда пісірілетін және 50%- ы судан тұратын, екіншіден, нан және жеміс көжелерінен басқалары бірінші тағам болып саналатын әр түрлі сипаттағы тағамдар тобы. Дайындау әдісі бойынша көжелер ірі ұлттық және географиялық аймақтар бойынша ажыратылады. Шығыс Еуропада көженің негізгі түрі — сорпалар мен езбе - көжелер. Шығыс Еуропаға орысша типті қатық көжелер, яғни негізгі қайнатпаға бірнеше құрамдас бөліктер (5 — 20), оның ішінде көкөністер, жармалар, татымды шөптер, майлар қосылатын көжелер тән. Мысалы, славян типіне тән щи, борщ. Қатық көжелерден басқа орыс көжелерге салқын көжелер — тюра, окрошка, ботвинья және ыстық көжелер — уха және похлебка, сонымен қатар сүйық бөлігін су емес, қышқыл - тұзды арнайы орталар — квас, қияр түздығы құрайтын көжелер — калья, тұз көже, қышқыл көже жатады. Бұл топқа, сонымен қатар Молдавия және румын чорбалары жатады. Грузияда сорпа негізінде дайындалған жұмыртқа - қышқылды қатық қосылған көжелер (чихиртма) кең тараған, сонымен қатар қатық көжелер де бар (харчо). Әзірбайжан мен Шығыс Грузия, Солтүстік Кавказға қыш ыдыстарда тұмшапеште пісірілетін көжелер (пити, чанахи, путук) төн. Орта Азияның негізгі көже типі — "қуырылған" көжелер, онда, алдымен, ет және көкөніс бөлігін майда қуырады, содан кейін су құйылады, және сүт қышқылды көжелерде пісірілген жарма - көкөніс бөлігіне су орнына сүт қышқылды өнімдер құйылады. Қиыр Шығыста, Қытай мен Жапонияда құрама көжелер кең тараған. Онда, дайын ыстық сорпаға дастарқан басында эр түрлі алдын ала жеке пісірілген және суық және кепкен түрінде жеке ыдыстарға салынған дайын өнімдер — ет, балық, терпанттер, шаян, күріш, пияз, көкөністер, дәмқосарлар беріледі, оларды өз қажетіне қарай қосып жеке көже жинақтайды.


ІІІ. Сарамандық жұмыс.

Кіріспе нұсқау

- қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау

- түсіндіру

- практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

- нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің міндеттерін айту.

Аспаздық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігін өткізу нұсқауы.


Электрлі тұрмыстық құралдарды қолданғанда:

1. Қосылғыш баудың сынбағанын тексеру.

2. Электр құралдарды тек құрғақ қолмен қосу немесе ажырату, қосылғыш баудың ашасынан ұстау.

3. Жұмыс соңында электр құралды ажырату.

4. Электрлі ет турағышты, және етті өңдеу кезінде басқа да құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережені сақтау.


Газ плитасымен жұмыс кезінде:

1. Газ плитасының сынбағанын тексеру.

2. Өзіндік иіс болғанын сезінсең газ плитасы орналасқан бөлмені желдету.

3. Ашық горелкеге отты еппен жақындату.

4. Ашық отқа тез жанатын заттарды жақындатуға тыйым салу.

5. Жұмыс соңында газ плитасын ажырату, сөндіру.

Ыстық сұйықтармен және қыздырылған маймен жұмыс кезінде.

1. Ыдысқа суды, 4 - 5 см дейін толтырмау.

2. Сұйықтық қайнаған кезде, оттықты бәсеңдету.

3. Қақапақты ыстық ыдыстан өзіңе қаратып еппен ашу.

4. Азық түліктерді ыстық ыдысқа және қыздырылған табаға өте еппен салу.

5. Майы қызған табаға тағам саларда май шашырамас үшін, «өзіңнен кері» қарата абайлап салу.

6. Ұстағыштың көмегімен ыстық ыдысты көтеру.


Тазалық ережелері.

Тағам дайындар алдында қолды тазалап дұрыстап жуу.

Шашты орамал астына жинақтау.

Жұмысты арнайы тазалық киімінде орындау (тұрмыс жағдайында – алжапқыш).

Көкөністер турағанда, ет және балықты өңдегенде арнайы нөмірленген тақтайшаны қолдану.

Азық түлікті сақтау блогында тағам даярлау орындарын (пәтерде ас үйді) таза сақтау.

Қажетті ыдыс - аяқтар: кастрөл, тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.


Нұсқау қарта № 1 Кальдо верде – көже. Португал тағамы. Уақыт аз алады. 60 минутта піседі.

Құрамы: қызыл ұнтақталған бұрыш 1 дәм бойынша, картоп 250 гр., зәйтүн майы 0 стақан, құрғақ сарымсақ шұжығы 60 гр., тұз 1 ас қасығы, туралған қырыққабат 150 гр., су 1 л.

Дайындау тәсілі:

• Қырыққабатты салқын сумен жуады. Жапырақтарын қауданнан ажыратамыз және олары майдалап тураймыз.

• Жарты сағатқа қалдырыңыз.

• Шұжықты шанышқымен бірнеше жерден тесу керек және үлкен отта пісіру қажет. Су қайнағаннан кейін, отты басып, тағы да 15 минут пісіру қажет. Кептіріп, ұзынша етіп тураймыз.

• Картопты тазалап, тұздалған суда 15 минут пісіру керек.

• Картопты алып, оны жақсылап езіңіз. Езбені қайтадан картоп піскен суы бар кастрюльге салыңыз.

• Зәйтүн майын қосыңыз, сосын пісіріңіз.

• Туралған қырыққабатты кастрюльге салыңыз және тағы да 5 минут қайнатыңыз.

• Сосын кастрюльге шұжықты қосып, 3 минут қайнатасыз.

Нұсқау карта № 2

Окрошка «Бондюэль» көк бұршағымен. – салқын тәтті көженің түрі, орыс асханасы, 40 минутта піседі. Құрамы: жасыл бұршақ 400 гр., аскөк 1 шоғы, қара ұнталған бұрыш 1 дәм бойынша, тауық жұмыртқасы 3 дана, тұз 1 дәм бойнша, қияр 3 дана, ақжелкен 1 шоғы, картоп 500гр., квас

Дайындау тәсілі


Ағымдағы нұсқау:

Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Қорытынды нұсқау:

Дайын тағамдардың дәмін, сапасын тексеру

Әр бөлімшеге бір - бірінің дайындаған тағамдарына сараптама жасап, өз ойларын айту. Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.


ІV. Э және ҚСН Қаржы шешімдерін қабылдау. Қаржы менеджменті.

1) Ақша айналымын, кәсіпорынның, ұйымның қаржы ресурстарының құралуы мен пайдаланылуын басқару, яғни кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы ресурстарын қалып тастыру және реттеу үдерісі. Жоспарлау, шешімдер қабылдау өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржы жоспарлауы ұғымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқару. Оралымды Қаржы менеджментіне өтімділікті қамтамасыз ету жатады;


2) Қаржыны басқару, кәсіпорындардың, ұйымдардың өз мақсаттарына жетуі үшін қаржы қатынастарын орнату туралы ғылым. Қаржы менеджменті менеджменттің бөлігі, баскарушылық еңбектің түрлі бағыттарын қамтитын қызмет аясы болып табылады. Қаржы, несие, статистика, экономикалық және қаржылық талдау саласында ғылыми және практикалық талдамалар қаржы менеджментінің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін негіз, құрал қызметін атқарады.

Қаржы менеджментінің атқарымы: ағымдағы және келешектегі қаржылық жоспарлау; ақша қорларын жасақтау және пайдалану; ақша айналымын ұйымдастыру; материалдық және қаржы ресурстарының теңдестірілуі; капиталдың тиімді құрылымын қолдау; ақшалай қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын бақылау; қаржының көмегімен кәсіпорынның тиімді жұмысын және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін уәждемелеу. Қаржы менеджментінің негізгі әдістері кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеті мен қаржылық орнықтылығын, кәсіпорынның несиеге қабілетін оның теңгерімінің өтемпаздығын, қаржы нәтижелерін, айналым активтерінің айналымдылығын талдау, ықтимал банкроттығын бағалау.


Қорытынды. Бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее