«Зима 2025»

Сарбаз болғым келеді

ұлдар мерекесіне арналған тәрбие сағаты. Тәрбие сағаты ұлдарды әр қырынан тануға бағытталған

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Апталық модуль тақырыбы: «Сарбаздар»

Ойын сабақтың тақырыбы: «Сарбаз болғым келеді»

Ойын сабақтың мақсаты: патриоттық тәрбие беру арқылы балалардың отансүйгіштігін ояту. Балалардың денелерінің түзу және сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу. Марш екпінімен жүруге, кеңістікте еркін бағдар ұстауға, қатардан қатарға бөлінуге, өз қимылдарын музыкамен дұрыс үйлестіре білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: могнитофон, үнтаспа, төсбелгілер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, тыңдату, түсіндіру

Билингвалды компонент: сарбаз – солдат, шекарашы – пограничник, билейміз – танцуем.

Ашық алаң

Ойын-сабақтың барысы:

Балалар би залына марш екпінімен аяқтарын жоғары көтере жүріп шеңбер бойына тұрады.

Хороеграф:

  • Балалар, сәлеметсіңдер ме?!

Сәлемдесу

(Ұлдар қолдарын кеудесіне қойып иілу, қыздар позиция бойынша 1ден 3ке ауысу).

Ашық алаң: Балалар шеңбер бойында тұрады.

Хореограф:

  • Балалар, маған қараңдаршы, менен қандай өзгерісті көріп тұрсыңдар?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, мен кімге ұқсап тұрмын?

  • Мен қандай киім киіп тұрмын? (Балалардың жауабы). Дұрыс айтасыңдар, балалар, мен сарбаздың киімін киіп тұрмын. Мен сарбаздар қатарына өттім,оны мына киіп тұрған киімім ғана емес мына төсбелгі де аңғартып тұр. Ал сендер де сарбаздар қатарына өткілерің келе ме?.

  • Ол үшін біз не істеуіміз керек?. Олай болса дайындық жаттығуларын жасауға дайынсыңдар ма?.

  • Түзел! Тік тұр! Оңға бұрыл. Бастаушының артынан жүріңдер. Мен төрт кегли қойып қойдым, осы кеглидерге қарай төртке бөлініп тұра қалыңдар.

КІРІСПЕ: Жалпы дамытпалы жаттығу

(Музыка қосылып, ритмикалық жаттығулар орындалады)

  1. Б.қ. аяқ алшақ, қол белде аяқтарын бүге музыка әуенімен қимылдап тұрады.

  2. Б.қ. аяқ алшақ, сол қолы белде, оң қолын жоғары көтеріп, сол жақтарына иілу.

  3. Б.қ. аяқ алшақ, оң қолы белде, сол қолын жоғары көтеріп, оң жақтарына иілу.

  4. Б.қ. аяқ алшақ, қол белде белдерін айналдыру.

  5. Б.қ. аяқ бірге, қол белде аяқтарын жоғары көтере басу.

  6. Б.қ. аяқ алшақ, еңкейіп тұрып, оң қолдарын сол аяққа, сол қолдарын оң аяққа тигізу.

  7. Тыныс алу жаттығулары: мұрынмен тыныстап, ауыз қуысы арқылы шығару.

Негізгі бөлім:

Балалар, біз өткенде қандай билерді биледік? «Теңізшілер», «Сарбаздар» биі. Ендеше мен сендерге сарбаздардың тағы бірі – «Шекарашылар туралы » ән тыңдатқым келіп тұр. Ұлдар малдас құрып, қыздар бір тізелеріңе отыра қалыңдар да мұқият музыканы тыңдаңдар.

(Л.Агутиннің орындауында «Шекара» әнін тыңдату)

- Балалар, бұл ән баяу ма, әлде тез бе? (Балалардың жауабы)

- Көңілді ме, көңілсіз бе?

Өте жақсы, сендер сарбаз болуға біртабан жақындадыңдар.Енді айтыңдаршы, нағыз сарбаздар қандай болуы тиіс?(Балалардың жауабы)

Ия, сарбаздар тек шынығып, қару-жарақ, ауыр техникамен ғана жұмыс істемей, өнер көрсете де білуі керек.

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар,тек ұл балалар ғана сарбаз бола ала ма? Дұрыс айтасыңдар, бір казармада мереке болғалы жатыр, ұл сарбаздар мен қыз сарбаздар бірігіп би билейді. Ендеше, бір ұл, бір қыздан қолұстасып шеңбер бойына тұра қалыңдар. Қанеки, музыка әуенімен еркін қимылдайық.

(Балалар музыка әуенімен қозғала шеңберге тұрады)

Хореограф:

  • Ұл сарбаздар, есік жақтағы қанатқа сапқа тұр!

  • Қыз сарбаздар, терезе жақтағы қанатқа сапқа тұр!

  • Ұл сарбаздар, қыздарды музыка әуенімен биге шақырамыз.

(Ұлдар мен қыздар екі қатарда бір-біріне қарап тұрады.

  1. Ұлдар сол қолдары белінде, оң қолдары жанында, денелерін тік ұстап жүріп келіп, бастарын ие қыздарды биге шақырады.

  2. Қыздар тізелерін сәл бүге, сол қолдарын ұлдардың алақанына қояды.

  3. Қолдарын жоғары көтере орындарына тұрады.

  4. Қолдарын екі жаққа созып, айналу.

  5. Қарама-қарсы қолдарынан ұстап,1 -ге – алға, 2-ге – артқа айқаса аттау.

  6. Қолдарын екі жаққа созып, айналу.

  7. Ұлдар бір тізелеріне отырып, қыздар ұлдарды айнала жүру.

  8. Қолдарын екі жаққа соза орындарында айналу

  9. Би аяқталғанда ырзашылықтарын білдіре ұлдар қыздарға қарап бастарын иеді, қыздар тізелерін сәл бүге иіледі.

  • Тамаша балалар! Сендер өте жақсы биледіңдер. Енді шеңбер бойына отыра қалыңдар.

Рефлексия:

  • Біз бүгін сарбаз бола алдық па?

  • Ол үшін біз қандай кедергілерден өтіп, қандай тапсырмалар орындадық?

  • Достарыңнан кімдер ерекшеленді, кім нағыз сарбаздардай қимылдады?

  • Кім ойын-сабаққа дұрыс қатыса алмады?

Қорытындылау.

  • Балалар, сендер ойын сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындай отырып сарбаз қатарына өттіңдер. Құттықтаймын! Соның белгісі ретінде сендерге мына төсбелгілерді тапсырамын. Ал бізді құттықтау үшін «Қошақан» тобының бишілері «Сарбаздар» биін билеп бермекші.

  • Сарбаздар, түзел! Тік тұр! Бастаушының артынан алға бас! Сау болыңдар, сарбаздар!













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее