«Зима 2025»

Шәкірім оқу-білімнің маңызы туралы

шәкәрім шығармаларындағы Абай сарыны. ақынның ағартушылық көзқарасы

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Шәкірім оқу-білімнің маңызы туралы

Хожабаева Марал

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі




Шәкәрім Құдайбердиев - қазақ әдебиетінің, ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымыздың көрнекті өкілі, ұлы ойшыл. Ол қазақ поэзиясын, прозасын байытуымен қатар, философия мен дін, жалпы рухани танымның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ақын шығармалары түрлі тақырыпты қамтиды. Оның өлеңдерінде көп қамтылатын тақырыптың бірі – оқу-білім, тәлім-тәрбие. Шәкірімнің өмір жолы мен ұстанған бағыты ұлы ұстазы Абайдың жолымен үндес болды. Шәкірім өз кезіндегі қазақ қоғамының барлық кеселдерін көзімен көріп білді. Халқының надандығына, ілім-білімнен кенже қалғандығына налиды. Шәкірім ел басқару ісіне де араласты, Меккеге де барды. Оның өлеңдерінде адамды жоғары адамгершілік қасиеттерге баулитын шумақтар молынан кездеседі.

Қазақты ілгері бастырар жалғыз ғана керегі- білім мен ғылым. Ұстазы Абайды толғантқан өнер-білім мәселесін Шәкәрім де қуаттайды.Шәкәрім өлеңдерінде Абай дәстүрі,Абай мектебі анық аңғарылады.

Кел, жастар, бір түрлі жол табалық,

Арам айла,зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық

... Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Жалыналық Абайға жүр баралық,-

деп кейінгіге Абай жолын нұсқайды. Ақын шығармаларында шыншылдық, сыншылдық сарын мен ғибрат әуен астасып жатады.Ақынның мені-лирикалық кейіпкері -жиынтық бейне.Ақын да Абай сияқты жалғыздықты көп көрді.

...Кім жалғыз бұл жалғанда- есті жалғыз

Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.

Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па?

Қазақтан табылды ма соның пары?

... Бұ дүние білімі бар адамды

Қайғылы бейнетпенен өткізер,-


деп жалғыздықты көп тартқанын айтады. Халықты дегеніне жүргізе алмады.Ақын тілімен айтқанда,«көп төбетке жетеді қайдан күші».

Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім өлеңдерінің өзегі де –ел мұңы, ел міні. Қазақтың мінін:

Ойда жоқ, өнер,білім, жол табатын,

Жалмауға жалықпайды өз маңайын.

Мұның түбі не болар деген жан жоқ,

Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын...

Көп айтып, а дариға, не қылайын.

...Қазақтың бұл күнде

Түзелер кезі жоқ,-

деп ащы айтады, күйіне,күйзеле, түңіле айтады. Өзі айтқандай, «ащы сөзі-достығы»

Ұрлық, ұрыс, араздықтың түбі –қанағатсыздық, көре алмаушылық. Ақын «сол тоймастық дүниені жамандатқан» деп қазақтың барлық артта қалуының түп себебін ашып көрсетеді. Бұның түбі,түптеп келгенде, ел берекетін кетірген қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық жасап жүрген неше түрлі қуаяқтардың ісі.Ақын олар туралы былай дейді:

Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,

Қой терісін жамылған жандар да бар,

Жазасызды жазалап атақ алып

Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар

Бұл қазақ тіпті ақыреттегі есеп берер күннен де қорықпайды екен

Ақты қойып, арамды әдет етсе,

Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма?

Ажал оғы бір күні атылмай ма?

Тура келсе тіл тартпай қатырмай ма?

«Әлхилла ассалата жаназа» деп

Ақ кебінге оралып жатылмай ма?

Қай пенде жолықпайды осындайға?

Соны ойлап жүрегіміз шошынбай ма?

«Дүниеде не қылдың, не қойдың?» деп

Алдыңда неше жерде тосылмай ма?

Шәкәрімнің тізіп берген жағымсыз мінездері бір бұл ғана емес. Қасыңда жүрген екіжүзді адамдардан да ақын сақтандырып сөйлейді.

Кейбір сөз аласалау, көзге сынық,

Көрінер, байқамасаң, мөлдір, тұнық.

Желдік салып, сақтанбай, міне көрме,

Асты арам, үсті жатық, ол бір қылық.

Мұны айтпай-ақ білерсің өздерің де,

Ондайларды көріп жүр көздерің де.

Қоқаң қаққан қолайсыз бір адам бар,

Байлау, матау болмайды сөздерінде.

Осы күнде арамның жолдасы мол,

Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.

Ақын шығармашылығы тұнып тұрған -ащы да терең шындық.

«Ашы сөзбен мен айттым ел мінезін,

... Өтірігін тап тағы жүзіқара қыл»

Халық қамқоры болған ол бір ғана «Жастарға» өлеңінде арамдық,зорлықсыз арам жолмен мал табу,өтірік, айла, надандық, арсыздық,ұрлық,көрсеқызар,құмарлық, жамандық,ғайбат,ынсапсыздық,пәлеқорлық,ұятсыздық,ерегіс, екіжүзділік,байлаусыз тұрақсыздық сияқты мінездерді сынай келе, осылардан арылам деген адамғасерік болар, адамды тура жолдан адастырмас мінездерді де санамалап көрсетеді,олары- адалдық, сақ жүру, ақылмен іс істеп, ашуланбау,тура мінез,мінін бетке айту,таза ойлау,татулық, уәдеде тұру, білмекке ұмтылу, жалқаулықтан арылу, жақсыбілім іздеу, талапшылдық,өнер қуу деп көрсетеді. Осы өлеңі - ақынның баройыныңжиынтық көрінісі.

Ақылды сол- ынсап пен ар сақтайды,

Надандар төрт аяқты малға ұқсайды,-

деген жолдар- осы өлеңнің өзегі.

Шәкәрім тек қазақтың мінін көрсетіп қана қоймай, олардан арылар тура,анық жолды өзі нұсқап көрсетеді.Шәкәрім адамға керегі айла-амал емес, шындық дейді.

Айла орнына ақылды жұмысталық!

Өтіріктің орнына Шын ұсталық!

Жалған айтып, жан сатып, жалынбай-ақ,

Тура жолда тұрып-ақ тынысталық!

Турашыл адам шындықты іздейді, осы жолдағы серігің ар-намыс болар, ар-намыстың иесі жүрегіне рахым мен мейірімді қонақтата алады, мейірімі мол кісіде әдеп те болады, бірақ кейбір замандастары ақын ойынан шыға білмеді. Надандыққа бой ұрып, ғылым мен білімге ұмтылмады, біреуді алдап, біреуді арбап күн көріп, аз\кем пайда тапқанды мол олжа санайды. Ондайларға үлгі етері - өзі ұстанған ғылым жолы.

Байладым белді бекем буайын деп,

Жүректі адалдықпен жуайын деп.

Талпынған мақсат іздеп мархұм қалмас,

Адамдық ғылым жолын қуайын,-

деп, тек қана жүрегіңді тыңдай біл, адал жүрек сені адастырмайды деген ой тастайды.

«Жарайды» деп, ұнаса, бас иземек,

Жек көрсе, жиіркеніп дірілдемек.

Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол,

Ұғып ал да бола көр соған көмек,-

деп Абай хәкім айтпақшы, «адам денесінің патшасы, үлкеннен ұятсақтап,кішіге рақым қылдыратұғын,жақсылыққа елжіреп, жаманшылықтан жиреніп,тулап кететін,әділет,нысап,ұят,рақым,мейірбаншылық дейтінді ойлататын –жүрек.Ақыл мен жүрек бірге болмақ керек.

Ойлаңыз ақыл -білім қайда болмақ,

Денеде, қандай орын-жайда болмақ?

Білу, нану, ұнату-ақыл ісі,

Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Ақыл мен жүректі тура жолға бағыттайтын-ғылым. Ақын «Сен ғылымға» деген өлеңінде «дүниені түзетуші,һәм бұзушы-бір ғылым» дейді.

Ғылым бір кенің ғой,

Ауырсаң емің ғой.

Бәріне жетеді,

Таусылмас көлің ғой.

... Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,-

дей келе, жастықта бос сенделмей, уақытыңды тек өткізбей. ғылым ізде дегенді өсиет етеді.

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

Бұл - ақынның өмірінің түйіні, кейінгі жастарға айтар өсиеті.

Шәкәрім - өз дәуірінің ұлы тұлғасы. Өз өміріне Абайды үлгі ете отырып, бүкіл бір ұлттың тағдырына араша түседі.


Сонымен қорыта айтқанда, Шәкәрім шығармашылығы-тұнып тұрған нақыл мен философия.Онда автор замана адамының мінез-құлқын терең ашып көрсетеді. Осы жағымсыз қылықтары бүкіл елдің артта қалуының себепшісі екенін баса көрсетеді. Бәрінің себепшісі –надандық.Ақын философиялық ой-толғамдарында «Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты,бірін жан мақсұты дейміз.Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік,мақтан көксейтін-тән мақсұты.Адамшылық, ар мен адал еңбек іздейтін-жан мақсұты.Бастапқыны көксейтін адамзұлымдық қиянатпен болса дамал,мансап,мақтан табуға құмар болады.Соңғыны көксеген адамның адал еңбек,ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді,қиянат қылуды тіпті ұнатпайды:адам жас күнінде тәжірибесіз балалықпенсәкекүл сәнді киімге, кеңесшіл қызығып, соған құмар болады. Қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да,адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек,ақ ниеттің жолында құрбан болатындардың да әдет алып кеткендіктен болады. ...Адам бірінен-бірі көріп тәлім алады» дейді.Сонда адам бір-біріне қарап өссе, өткеніміздің құнды дүниесінен ажырап қалған бүгінгі ұрпақты ар-намыс,ождан,адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты міндеті.Олай болса, қай шығармасын алсақ та адами құндылықты сөз етіп,кейінгіге өсиет айтатын Шәкәрім шығармалары -біздің басты құралымыз болмақ керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Шәкәрімтану мәселелері. Семей-Новосибирск. Талер-Пресс. 2006,

440 б.

  1. Шәкәрім шығармалары. Алматы «Жазушы» баспасы ,1988 ж.

  2. Бес арыс. Алматы. Жалын, 1992. 544 б.

  3. Шәкәрім. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 560 б.

  4. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы «Мектеп» баспасы,1987ж.

  5. С.Қалиев XV-XIX ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы

педагогикалық ой-пікірлер. Алматы «Рауан» баспасы, 1990 ж.

7.Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Құрастырған Х.Сүйіншәлиев

Алматы. «Рауан» баспасы, 1990 ж.

8.Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. Алматы, 1990 ж.

9.Шәһкәрім I-III том. Жидебай, 2008 ж.

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее