«Зима 2025»

Шоқан Уалиханов

Шоқан Уалиханов. Әдебиеттік оқу. 10 сынып. Шоқанның өмірі мен шығармашылығы

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Тақырып жоспары:

Тақырып жоспары:

  • 1. Шоқанның өмірі мен өскен ортасы
  • 2. Білім мен ғылымның қия жолында
  • 3. Қызмет жолы және ғылыми, мәдени мұрасы
  • 4. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмыр
  • 5. Халқының мәңгі жадында...
Сан қырлы талант  • Заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы • Қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші • Қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші • Қазақтың демократтық сынын бастаушы, публицист жазушы • Қазақтың табиғат зерттеушісі, географ, тілші ғалым, суретші, экономист
  • Сан қырлы талант
  • Заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы
  • Қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші
  • Қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші
  • Қазақтың демократтық сынын бастаушы, публицист жазушы
  • Қазақтың табиғат зерттеушісі, географ, тілші ғалым, суретші, экономист
Аялаған алтын бесік  • Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың  қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы  Сарыкөл ауданындағы
  • Аялаған алтын бесік
  • • Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.
Туып-өскен ортасы  • Атасы Уәли хан , әжесі Айғаным ханым • Әкесі Шыңғыс сұлтан , шешесі Зейнеп ханым • Нағашы атасы Шорман , нағашысы Мұса • Інілері: Сақыпкерей (Қозыке), Мақы (Мақажан), Махмұт
  • Туып-өскен ортасы
  • • Атасы Уәли хан , әжесі Айғаным ханым
  • • Әкесі Шыңғыс сұлтан , шешесі Зейнеп ханым
  • • Нағашы атасы Шорман , нағашысы Мұса
  • • Інілері: Сақыпкерей (Қозыке), Мақы (Мақажан), Махмұт
Балалық шағы  • Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. • Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. • Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай , Шоқан оның шөбересі. • Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында , жазда  Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда
  • Балалық шағы
  • • Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған.
  • • Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді.
  • • Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай , Шоқан оның шөбересі.
  • • Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында , жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен.
Білім жолы  • Күнтимес  ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таниды, сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. • Жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, ақындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өседі. • 1847 жылы
  • Білім жолы
  • Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таниды, сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.
  • • Жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, ақындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өседі.
  • 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады.
Кадет корпусы  • Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше. • Әскери оқу орнында әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылған, орыстың озық ойлы интеллигенттері сабақ берген. • Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де, өзінің зеректігімен тілді тез үйренеді.
  • Кадет корпусы
  • • Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше.
  • • Әскери оқу орнында әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылған, орыстың озық ойлы интеллигенттері сабақ берген.
  • • Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де, өзінің зеректігімен тілді тез үйренеді.
• Г.Н. Потанин:   «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін».  «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік... Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Еуропаға ашқан терезе сықылды болды».
  • Г.Н. Потанин:
  • «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін».
  • «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік... Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Еуропаға ашқан терезе сықылды болды».
Білімге құштарлық • Шоқанға орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. • Ол Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын оқиды. • «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының біріне айналады.
  • Білімге құштарлық
  • • Шоқанға орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті.
  • • Ол Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын оқиды.
  • «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының біріне айналады.
Ілкі ізденістер  • Жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. • Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын,
  • Ілкі ізденістер
  • Жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты.
  • Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березин назар аударып, жазып алған.
  • Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.

Қызмет жолы

Уақыты

Қызметі

1853 жылы

Кадет корпусын он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады.

1854 жылы

• Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады.

1855 жылы

• Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей , Аягөз , Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады.

1856 жылы

Полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді.

1857 жылы

П.С.Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш.Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды.

1858-1859 жылдары

• Атақты Қашқария сапарына барып қайтты.

1860 жылы

Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александр дің өзі қабылдады.

1859-1861 жылдары

Петербургте болған кезінде Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді.

1864 жылы

Генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.

Ғылыми, мәдени мұрасы • «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» • «Жоңғария очерктері» • «Қырғыздар туралы жазбалар» • «Ыстықкөл сапарының күнделігі» • «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы» • «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» • «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» • «Қырдағы мұсылманшылық туралы» • «Қырғыздардың көші-қоны туралы» • «Сот реформасы туралы жазбалар», т.б.
  • Ғылыми, мәдени мұрасы
  • «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»
  • «Жоңғария очерктері»
  • «Қырғыздар туралы жазбалар»
  • «Ыстықкөл сапарының күнделігі»
  • «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»
  • «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»
  • «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы»
  • «Қырдағы мұсылманшылық туралы»
  • «Қырғыздардың көші-қоны туралы»
  • «Сот реформасы туралы жазбалар», т.б.
Шоқан қазасы • 1864  жылы Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шаһар халқына жасаған жауыздығына ренжіп, кейін қайтқан Шоқан Верный (қазіргі Алматы ) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. • Тезектің немере қарындасы Айсары ға үйленеді. • Ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. • Сүйегі Алтынемел тауының
  • Шоқан қазасы
  • 1864 жылы Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шаһар халқына жасаған жауыздығына ренжіп, кейін қайтқан Шоқан Верный (қазіргі Алматы ) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады.
  • • Тезектің немере қарындасы Айсары ға үйленеді.
  • • Ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады.
  • • Сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмыр  Академик Николай Иванович Веселовский
  • Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмыр
  • Академик Николай Иванович Веселовский :
  • «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!»
  • Халқының мәңгі жадында
  • • Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталады.
  • • Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы ҚР ҰҒА Тарих, археология және этнология институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады.
  • • Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар.
  • • Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған.
  • • Ш.Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін Қазақстан Республикасы ҰҒА сыйлығы және көркемөнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалған.
  • • Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар.
  • • Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған.
  • • Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар).
  • • Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарған.
  • • «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша  «Ш.Уәлиханов»  көп томдық шығармалар жинағының 6 томдығы (2010) жарық көрді.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее