«Весна — лето 2024»

"Сиқырлы бағдаршам" сайысы

Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін сарапқа салу мақсатында өткізілетін сайыс

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

31 «Күншуақ» МДҰ















«Сиқырлы бағдаршам» сайысы


(топтар арасында)









Өткізген: Жубатова Р.Ж.
















Ақтөбе – 2017 жыл

Тақырыбы: «Сиқырлы бағдаршам» сайысы


Мақсаты:

Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету.

  1. Балалардың ойларын тыңдау, толықтыру. Алғыр да, тапқыр балаларды анықтау.

  2. Түрлі тапсырмалар арқылы баланың танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.

  3. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Түрі: сайыс


Көрініс.

Инспектор:

  • Ережесіз жүргенде бәрі орманда,

Бағдаршамды көтеріп,

Алып келді аю, орманға.

Содан барлығы жиналып:

Түлкі:

  • Бұл дегенің түк те емес!

Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес.

Егер ол жөнімен жанбаса,

Онда бұған қарап тұру далбаса.

Қасқыр:

  • Мен түлкімен келісем!

Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда?

Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса,

Кім тоқтап тұрсын, қоян ба?

Сондықтан маған бәрібір, жанса да қызыл, жасыл да,

Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға.

Қоян:

  • Мен де жүгіріп келе жатқанда,

Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға.

Инспектор:

  • Бұларың не, достар!

Барлық жолда бізге жақын,

Бағдаршам бізге көмекші.

Ол әрқашан ескертеді,

Түсімен жол жүруді.

  • Ал, сендер ғажайыптар елі «Күншуақ» балабақшасына барғыларың келе ме?

Бәрі:

  • Онда не бар?

Инспектор:

  • Онда, балалар бар. Олар сендерге жолда жүру ережесі және сиқырлы бағдаршам туралы айтып береді.

Бәрі:

  • Ендеше, не істеп тұрмыз, барайық.

Инспектор:

  • Балалар, саламатсыздар ма? Мен ертегілер елінен аңдарды ертіп келдім. Сендер оларға жол да жүру ережесін үйретесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә.

Жүргізуші:

  • Бүгінгі «Сиқырлы бағдаршам» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережісіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Ендеше, сайыскерлерді шақырайық! (ортаға сайыскерлерді шақырады)


Жүргізуші:

І топ мүшелері:


Жумагулов Жансерік – «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Жансерік ойы ұшқыр, өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол, сабырлы бала.


Искалиев Жалғас – «Достық» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Жалғастың мінезі ашық, ұтқыр, сөзге шебер.


Жаңалық Күнқия – «Еркетай» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Күнқия салмақты, ойы ұшқыр, алғыр, сымбатты жігіт.


Амандық Мейірбек – «Шаттық» арнайы ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Мейірбектің мінезі ашық, алғыр, шапшаң, ақылды.


ІІ топ мүшелері:


Джайлибаев Қайсар – «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Қайсар зейінді, шапшаң, өз ойын жеткізе алады, достарын сыйлайды, алғыр бала.


Кульбаев Қалқаман – «Достық» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Қалқаман бәрін білгісі келеді, өз ойымен әңгімелейді. Бойынан бишілік, әншілік қасиеттері де табылады.


Мерген Батырхан – «Еркетай» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Батырханның мінезі ашық, ойы ұшқыр, алғыр, әрі қуақы.


Мусамадин Бекжан – «Шаттық» арнайы ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Бекжанның мінезі ашық, білімге құштар, ақылды, сымбатты жігіт.


Бүгінгі шарамызды бастамас бұрын, сайысымыздың әділ өтуін қадағалайтын сарапшылар, яғни әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 

Сайыс шарттары:

1-айналым: «Сен білесің бе?»

2-айналым: «Сиқырлы бағдаршам»

3-айналым: «Жағдаяттар»

4-айналым: «Кім жылдам?»


1-айналым: «Сен білесің бе?». Бұл айналымда сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңыздар. Егер жауабыңыз дұрыс болмаған жағдайда, келесі топ жауап беруге болады.

  1. Бағдаршамның қызметі қандай? (жол тәртібін реттеуші)

  2. Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз? (аялдамадан)

  3. Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай?

  4. «Жолаушылар» дегеніміз кімдер? (кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

  5. Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек? (03-жедел жәрдем шақырып, 02-полиция бөліміне хабарласу керек)

  6. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?

  7. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады? (14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат)

  8. Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері қандай қызмет атқарады?


2-айналым: «Сиқырлы бағдаршам». Бұл айналымда интерактивті тақтада берілген сиқырлы қобдишаның бағдаршам түстес қызыл, сары, жасыл түсті ұяшықтарын таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз. 1-қатардағы ұяшықтарда жұмбақтар келеді. 2-қатардағы ұяшықтарда жол белгілері және 3-қатардағы ұяшықтарда әр түрлі сұрақтар келеді.


1




2




3




  1. Жұмбақтар:

Қызыл ұяшық:

  • Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. (бағдаршам)

Сары ұяшық:

  • Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді ізетпен,

Ысқырығы күзеткен. (Милиционер)

Жасыл ұяшық:

  • Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым.


Жол белгілері:

Қызыл ұяшық:

  • Жаяу жүргінші.

Сары ұяшық:

  • Демалыс орны.

Жасыл ұяшық:

  • Аялдауға тиым салынады.


  1. Әр түрлі:

Қызыл ұяшық:

  • Жол белгілеріне немесе жол ережесіне қатысты тақпақ айтып бер.

Сары ұяшық:

  • Берілген жол белгілері арасынан ескерту белгілерін тауып бер.

Жасыл ұяшық:

  • Берілген жол белгілері арасынан тыйым салу белгілерін тауып бер.


3-айналым: «Жағдаят»


4-айналым: «Кім жылдам?» (конструкторлардың көмегімен машина құрастыру)


Жүргізуші:

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі балалар» - деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділқазыларда. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)


«Мен полицей боламын!» мультфильмін тамашалау.


Жүргізуші:

  • Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
    Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
    Жеңбедім деп, жеңдім деп ренжімеген,
    Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын –

дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! – деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее