«Зима 2025»

Сойлей де билу онер

Открытый внекласный урок. Как разговаривать культурно.Для 7 го класса.Включены ситуационные вопросы

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер



Сабақтың мақсаты: оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып,сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, үлестірме материалдар, А- 3,А-4 ақ қағаздар, түрлі-түсті маркерлер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сынып тазалығына мән беру, сабаққа көңіл аударту

Әңгімелесу

І -топ

Адамдармен қалай тіл табысуға болады?

ІІ-топ

Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне білетін адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді,жағымды әсер етеді.Адам сөзді есту,тыңдау арқылы шебер болады. Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп,туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.



Мәтінмен жұмыс

Не айтатыныңды ойлап ал





Үнді аңызы

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

  • Ата ,менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?

  • Жақсы, - деп жауап берді ақсақал. «Базарға барып,тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып , жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел» - дейді.

Әйел данышпанның айтқан сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

Ертеңгі күні тағы келеді.

  • Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың,енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,- дейді данышпан.

  • Ол мүмкін емес қой ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам ?

  • Данышпан әйелге қандай тәлім берді?

  • Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Неліктен біреу туралы ғайбат сөз өсек айтуға болмайды?



Бейнеролик. Сөз –сенің кім екеніңді айқындаушы



Мәдениетті сөйлесудің қарапайым ережелері:

Ұстамды болыңыз

Ұстамдылық – көп адамдарға бұйыра бермейтін қасиет. Басыңызды қасынып, қолдарыңызды сермеп отырғаныңыз жаныңыздағы әңгімелесушілерге ұнай қоймайтыны анық. Сол себепті сөздеріңіз бен іс-қимылдарыңызды бақылай біліңіз. Артық ым-иширалар көрсетіп, өзіңіздің дәрежеңізді түсіріп алуыңыз да мүмкін.

Айтар сөзіңіз орынды ма? "

Оны айтсам, маған ешкім ренжіп қалмай ма?" Маңызды құжаттарды талқылып отырғанда, қалжың айтып отырғандығыңызды елестетіңізші. Амандасқанда көрмей өтіп кетумен бірдей болады. Сол себепті отырған ортаңызға лайық сөз қозғай біліңіз. Мұнымен қатар, әңгімелесушіңіздің жасын да ескеріңіз.

Ойыңызды нақтылап жеткізіңіз

Сөзге шешен болу барлығымыздың қолымыздан келмесе де, ойымызды нақты жеткізу көпшілігіміздің қолымыздан келеді. Сол себепті артық дөрекі, былапыт сөздерден аулақ болыңыз. Уақытыңызбен қатар осы сөздерді тыңдауға мәжбүр болатын достарыңызды аяңыз.

Артық кетпеңіз

Бастаңғыларда қалай көңіл көтергеніңізді бүге-шүгесіне дейін айтып, жұртты ұзақ монологпен мазаламаңыз. Алайда барлығы да отырған ортаңызға байланысты. Көп уақыт көріспей жүріп кездесіп жатсаңыз, әңгімеңізді ұзағынан қызықты етіп айтып беруіңізге болады.

Бірер секундке аялдаңыз

Ойыңызды айтпас бұрын, ой елегінен жақсылап өткізіп алыңыз. Бұл оңай шаруа емес, алайда айтқан сөзіңіз өзіңізге зиянын тигізіп жататын сәттер аз емес. Біреудің сыртынан сөз айтып жатқаныңызда да осы мәселені ойлаңыз.



Ситуациялық жағдаяттар

1-жағдаят .Көлікте орын жоқ,бір қария мінді,ол кезде сен отыргансың. Не істейсің?

2-жағдаят.Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен.Сен аулада ойнап жүргенсің? Не істейсің?



Кері байланыс: Не үйрендік?








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее