«Зима 2025»

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Білімділік:сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере отырып, білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту;

Дамытушылық: есте сақтау қабілетін,салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту, шығармашылыққа, жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;

Тәрбиелік: елін, жерін қорғайтын ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тексерген ДОТІЖО

Күні: 28.11

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8 «Г»

Пән мұғалімі: Кашаулиева Эльмира Кокталовна

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере отырып, білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту;

Дамытушылық: есте сақтау қабілетін,салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту, шығармашылыққа, жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;

Тәрбиелік: елін, жерін қорғайтын ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, слайд, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  2. « Көк тудың желбірегені» өлең шумақтарымен оқушыларды 2 топқа бөлу.


Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

Шымырлатқаны денені.



Көк тудың желбірегені –

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі –

Көк тудың желбірегені.


Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Үйге берілген 116-жаттығуды тексеру. Қосарлы айқындауыштарға құрап келген сөйлемдерін оқыту.

  2. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын. ( тақтадағы туды таңдайды, сұрақтарына жауап береді)


  • Айқындауыш мүше дегеніміз не?

  • Айқындауыш мүшенің қанша түрі бар?

  • Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Осы сөйлемде айқындауыштың қай түрі бар?

  • Оспан Амангелді батырдың жорықтас, ниеттес жолдасы болған. Осы сөйлемде айқындауыштың қай түрі бар?

  • Бастауыш дегеніміз не?

  • Баяндауышдегеніміз не?

  • Толықтауыш дегеніміз не?

  • Анықтауыш дегеніміз не?

  • Пысықтауыш дегеніміз не?

  • Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ата.



1. Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады. Оларды айқындауыш мүше дейміз.


2. Айқындауыш екі түрлі болады: 1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосарлы айқындауыш


3. Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл сөйлем оңашаланған айқындауыш. Жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.

4. Оспан Амангелді батырдың жорықтас, ниеттес жолдасы болған. Бұл сөйлем оңашаланған айқындауыш. Қосарлы айқындауыш Амангелді батыр сөзі өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болып тұр.

5. Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Кім?не? деген сұрақтарға жауап береді.

6. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Не істеген?Не қылған? деген сұрақтарға жауап береді.

7. Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз. Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? деген сұрақтарға жауап береді.

8. Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді.

9. Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. Қашан? Қайда?Қайдан?Қалай? Не үшін? деген сұрақтарға жауап береді.

10. Пысықтауыштың 6 мағыналық түрлері бар: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, амал пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш.


Миға шабуыл

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын төмендегі сөйлемдерді тақтадан оқытып, бір сұраққа жауап беретін сөздерді таптыру.

  1. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен.

  2. Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.

  3. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді.

  4. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.

  5. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!


Жауаптары:

1. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын ( нені?) ; хан-сұлтандар, батырлар ( кімдер?)

2. Қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек ( не істеу керек?)

3. Егемендігі мен тәуелсіздігі үшін ( не үшін?)

4. Тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға

5. Жердің де, елдің де ( ненің?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады.






Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да,жалғаулықтар арқылы да (мен,да,және,әрі,я,не,немесе) байланысады. Мысалы: Арба да,дөңгелектер де,адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір –ақ рет келсе,арасына үтір қойылмайды. Жақып пен Ербол жолға шықты.

Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау,сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмасалады.Үйге Әсия,шешем,мен – үшеуміз ғана кірдік. Мінезі де,түрі де – бәрі өзім.

Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,ондажалпылауыш сөзден кейін қос нүкте,сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады. Мысалы: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.




Бар білім – кітапта

Оқулықпен жұмыс:

  • 125-жаттығу. Төмендегі өлеңнен бірыңғай сөйлем мүшелерді тауып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар. (Тақтаға шығып, топтың оқушыларына морфологиялық талдау жасату)

  • Дидактикалық материалмен жұмыс

І топ. 63-жаттығу. Бірыңғай мүшелерді тауып, синтаксистік талдау жасау. (1, 4)

ІІ топ.64-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін қойып,синтаксистік талдау жасау. (7, 8)





« Ой шақыру»

«Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында 2 топ та эссе жазу.



1-топ

Тәуелсіздік – әр елдің бостандығы, аңсаған арманы, көрер жарығы. Бір сөздің ғана қанша адамға нұр мен күлкі сыйлайтыны сенгісіз бақыт. Оны алу оңай болғанымен де, сақтап қалу қиынның қиыны.Шындықты жас болса да, жастығын құрбандық етіп, ажал аузына түсіп, қорықпай айта алатын ержүрек те, батыл ақтаңдақтарымыз қазақтың тарих сахнасында мәңгілік қашалып жазулы.

Тәуелсіздік- елді бір отауға біріктіру ғана емес, қиын – қыстау кезеңде қиындықтан тізе біріктіре отырып шығу, жалын іздеу, арқа сүйер адамдарды жаныңнан таба білу, кіндік қаны сіңген жерін өлеңдеріне қоса отырып жырлау. Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, қатыгез оқиғадан кейін қазақ елі асқақтап, мемлекет болып, дүниежүзіне танымал елдер қатарында жүр.

Тәуелсіздік алғаннан бері елдегі жетістіктер артты, халықтың белсенділігі, ел болып қалыптасуы түзу жолға салынды. Әр жыл сайын қадамымыз нық болып, тау шыңына өрлеп бара жатқан альпинист сияқтанып, жаңа белестерді бағындырудамыз.

2- топ

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәеулсіздігін алды. Бұл күнді әр Қазақстанның азаматы есте сақтайды және мақтанады. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді.Сондықтан, бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені , отан сүйгішті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздік жариялағаннан бері мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының нәтижесі.

Қазақстан – қазақ халқының ата- баба мекені , ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенінін ұмытпау керек. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу- біздің буынның бағыты болуы тиіс.


Білімді бекіту:

І топ. Семантикалық кестені толтыру


Мысалдар

бірыңғай бастауыш

бірыңғай баянда-уыш

бірыңғай толықта- уыш

бірыңғай анықта-уыш

бірыңғай пысықта-уыш

Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.



+



Жойқын жұрт ерінбейді де, жалықпайды да.


+




Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.

+





Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.





+

Қазақ әндерін-де сол дала тауларының, өзендерінің, кең алқаптары-ның өрнектері бар.





+



ІІ топ. Сәйкестендіру


Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.


бірыңғай анықтауыш

Жойқын жұрт ерінбейді де, жалықпайды да.


бірыңғай бастауыш

Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.


бірыңғай пысықтауыш

Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.


бірыңғайтолықтауыш

Қазақ әндерінде сол дала тауларының, өзендерінің, кең алқаптарының өрнекте-рі бар.



бірыңғай баяндауыш




Сабақты қорытындылау:

«Топтастыру әдісі»

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бір сөзге қатысты болады.

Бір сөз табынан жасалады,

тұлғалас болып келеді.



Бағалау:үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарды топ басшысы бағалайды. (жауап берген ұпайларын есептеп отырады)


Рефлексия кезеңі:

Сабақ бойынша ойыңды білдір


Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер




Үйге тапсырма:

126-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, бірыңғай мүшелі сөйлем құрау.

Бағалау: топ басшылары топ мүшелерінің ұпайларын есептеп шығарады.

Оқушының аты-жөні

Ұпайы

Бағасы

 

1

Малика

20

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

2

Жанияра

25

5

Өте жақсы!

3

Асел

25

5

Өте жақсы!

4

Ариана

25

5

Өте жақсы!

5

Мухтархан

18

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

6

Досбол

19

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

7

Алихан

25

5

Өте жақсы!

8

Дамир

18

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

9

Фатима

18

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

10

Анель

20

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

11

Енлик

20

4

Жақсы! Дегенмен, әлі де оқу керек.

12

Айша

25

5

Өте жақсы!

13

Камила

25

5

Өте жақсы!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее