«Зима 2025»

"Сөзжасам. Сөз тұлғасы мен сөз құрамы" 6 сынып.

1.Жигсо әдісі арқылы «Сөзжасам» тақырыбын ұғындыру.

2. Венн диаграммасы әдісі арқылы сөзжасамның ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтау.

преннрптеооне

3.Тапсырмалар орындау.

1.Сөздердің жасалуы мен сөздік күрамының арасында қандай байланыс бар?

2.Түбірге қосымша қосылу аркылы кандай сөздер жасалады?

3.Түбірдің негізгі белгісі кандай?

4.Түбір мен косымшаның айырмашылыгы қандай?

5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылыгы неде?

6. Туынды түбір деген не?

7. Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылыгы қандай? 8. Түбірлес сөздер деген не?

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі


8-сынып

29.11.2017ж


Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8 сынып оқулығы


Жалпы мақсаты

Махамбет Өтемісұлының төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіру, өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу ,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру.



Оқыту нәтижесі

Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыландыру. Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.


Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу


Оқуда қолданылатын әдістер

Түсіндіру (ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану), жұптық жұмыс, топпен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)


Құрал – жабдықтар

Тірек сызба, оқулық, көрнекі құралдар, стиктер.


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет.

1.Кластер бойынша жұмыс.

Ислам дәуіріндегі әдебиет

2. Сонымен балалар, біз өткен сабақта Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасынан бойымызға не алдық?

Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

2 мин


Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)







Оқулықпен жұмыс













Дәптермен жұмыс










Жеке жұмыс


































Жұппен жұмыс

1. «Ой қозғау» стратегиясы.

Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру.

Білу, түсіну

І жұпқа: Махамбет Өтемісұлы кім?

Ақын, мерген, домбырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы

ІІ жұпқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?

Түртіп алу стратегиясы

Қолдану.

5 – 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту.

Талдау. Аудио тыңдалым. Өлеңді тыңдау

1.«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

2. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар.

Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:(Слайд)

Теңеу – терлігі майдай ерімей

Аллитерация - Тебінгі терге шірімей,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай

Ассонанс - Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку, еңку жер шалмай,...

Эпитет – қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза.

2. Ақын тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі

Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі

Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темірқазық- жұлдыз

Түйінді сөздер” стратегиясы


Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт




І жұп: Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар.

ІІ жұп: Өлең құрылысына қарай талдау

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс. Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде деп ойлайсың? (ойтолғаныс жасау)

(бірнеше сөз немесе сөз тіркестерінің тізбегін құру керек. Мысалы, тәрбиелеуде, адамгершілік, рухани байлық, қайсарлық, азаматтық, жігерлілік, найзалы ерлігінде, болашағын ойлауы т.б.

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау 2 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу


Рефлексия 2мин

«Білім теңізі» Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее