«Зима 2025»

Сценарий к празднику Наурыз

Қош келдің, Наурыз! – мерекелік ертеңгілі

Әдемі қазақ оюларымен безендірілген кигіз үй. Есік алдында ошақ. Жерге сырмақ төселген. Дөңгелек үстел, қымыз құйылған ыдыс, пиала, ожау. Басты кейіпкерлер: Әже- Келін- Екі немере- Алдар көсе- Бай- Бәйбіше- Би: «Көктем биі» Күй ойналады. Әже келінге көмектесіп, қымыз сапырады. Немерелері асық ойнап жатады. Көрініс: Әже: Немерелерім асық ойнағанды қойындар. Қонақтар келді-ау деймін. Аттарын байлап, қонақтарды үйге кіргізіңдер. Немерелер: Жақсы әже. Қонақтарды күтіп алайық, -деп асықтарын жинап шығып кетеді. Әже: Келінжан, қазанға ет сал. Келін қазанға ет салады. Ет салып болдың ба? Жүр, енді Наурыз көжесін жасайық, - деп шығып кетеді. Екі бала атпен шауып кіреді.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Қош келдің, Наурыз! – мерекелік ертеңгілі

Әдемі қазақ оюларымен безендірілген кигіз үй. Есік алдында ошақ. Жерге сырмақ төселген. Дөңгелек үстел, қымыз құйылған ыдыс, пиала, ожау.
Басты кейіпкерлер: 
                        Әже- 
                        Келін- 
                        Екі немере-
                        Алдар көсе-
                        Бай-
                        Бәйбіше-
Би: «Көктем биі»
Күй ойналады. Әже келінге көмектесіп, қымыз сапырады. Немерелері асық ойнап жатады.
Көрініс: 
Әже: Немерелерім асық ойнағанды қойындар. Қонақтар келді-ау деймін. Аттарын байлап, қонақтарды үйге кіргізіңдер.
Немерелер: Жақсы әже. Қонақтарды күтіп алайық, -деп асықтарын жинап шығып кетеді.
Әже: Келінжан, қазанға ет сал. Келін қазанға ет салады. Ет салып болдың ба? Жүр, енді Наурыз көжесін жасайық, - деп шығып кетеді.
Екі бала атпен шауып кіреді.
1 бала: Сүйінші, сүйінші Наурыз тойы басталды. 
2 бала: Әз Наурыз бақыт сыйласын бәрімізге. 
Әуен ойналады. Көрініс: 4 қыз бәйшешекпен би орындайды, 2 ұл бала арқан тартысады, 2 ұл бала білек тіреседі.
Би: «Бәйшешек»
2 қыз бала шашу шашады.
1 қыз бала: Наурыз құтты болсын! 
2 қыз бала: Наурызда ақ мол болсын! 
Би: «Той»
Балалар жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрін бүгін, 
                      Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
                      Тойлайық халық тойын Наурызымның,
                      Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Ән: «Наурыз, біздің Жаңа Жыл!» 
Әнді орындап болған соң балалар отырады.Әуен ойналады.
Наурыз келді, балалар! Күн мен түн теңелді, 
Қуанышты ағалар. Жер шуаққа кенелді.
Наурыз тойын тойлайық. Думандаған күндерді,
Бәріміз балалар. Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз, Алақай, алақай, 
Сарқылмасын сары уыз. Наурыз келді балақай. 
Малға толсын тауымыз, Бұл - көктем! 
Құтты болсын Наурыз. Нұр төккен. 

Жайдары көктемде, Наурыз айы басталды, 
Наурыз тойы жеткенде. Күн жылына бастады.
Гүлденсін жеріміз, Қуанышты күндер,
Қуатты еліміз. Енді ғана басталды.

Жүргізуші: Аңызбен ертегіден бізге жеткен,
                     Құрметті Алдар Көсені қарсы алайық.
Алдар әндетіп кіреді.
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
                         Сайтанды да алдаймын.
                         Байларға қаттымын,
                         Кедейлерге балдаймын.
                         Ақ пейілмен дос боламын,
                         Жамандармен қастанамын.
                         Құтты болсын Жаңа Жыл!
                          Құт әкелсін Наурызым!
Жүргізуші: Алдар аға, айтқаныңыз келсін. Тойымыздың қонағы боп бірге қарсы алайық.
Алдар Көсе: Жарайды, қарсы алсам, қарсы алайын. Алдар Көсе Наурыз туралы айтып өтеді. Менің өзіммен бірге алып келген ойыным бар. 
Ойын: «Арқан тартыс» балалармен, ата аналармен.
Алдар Көсе: Ой, балалар ойынды жақсы ойнадыңдар. Бәрің де шапшаң, жылдам екенсіңдер. Сендермен ойын ойнаймын деп қарным ашып кетті иіскейді. Тәтті иіс сездіңдер ме? Осы байдың үйінен шығып жатыр-ау деймін. Қазір мен байды алдап қарнымды тойдырайын. 
Көрініс: Бай мен бәйбіше кіреді, бәйбіше нан пісіреді.
Бай: Бәйбіше, менің қарным ашты. Сен не пісіріп отырсын? 
Бәйбіше: Бүгін мереке ғой! Мен таба нан пісіріп отырмын.
Алдар Көсе: Оу, менің қарным ашты. Мына жерде тәтті иіс шығып жатыр. Бай, сен маған дәм татырмайсын ба? Бай ыстық табананды кеудесіне тығады. 
Бай: Ой, Алдар Көсе, беретінім жоқ. Өзімніңде қарным ашып тұр.
Алдар Көсе балаларға сыбырлайды:Бәрібір де мен байды алдаймын. Біз көптен көріскен жоқпыз. Мен сенімен амандаспадым-ау. Кел, амандасайық. Бай мен Алдар құшақтасады.
Бай секіріп: Күйдірдің, күйдірдің,-деп Алдардан қашады.
Алдар Көсе: Кел, кел дұрыстап көрісейік. Мен сені сағындым ғой.
Бай табананды алып: Мә, мә, осы нанды жеп қарның жарылсын. 
Алдар Көсе: Баеке! Бүгін мереке ғой, бір-бірімізді ренжітпейік. Екеуі бөлісіп жейді.
Бай: Өзі ыстық, дәмді, жұпар иісі аңқыған ыстық нанды бөлісіп жеген қандай дәмді! Қарнымыз тойды, енді көңіл көтерейік! Менің қыздарым биші. 
Би: «Домбыра» 6 қыз билейді.
Бай: Көрдің бе, менің қыздарым қалай билейді.
Алдар Көсе: Сенің қыздарын биші болса, менің жігіттерімде биші.
Би: «Тұлпар» 6 ұл билейді.
Балалар өлендерін оқиды.
Ойын: «Ақ сандық, көк сандық»
Алдар Көсе: Баеке, балалардың бәрі өнерлі екен. Кел, одан да күш сынасайық.
Бай: Алдар, расында да балалар әнші, биші, ойынды да жақсы ойнайды екен. Жүр, көрші ауылдың балаларының өнерлерін тамашалайық. Екеуі шығып кетеді.
Келді көктем далаға, Дала гүлге бөленді, 
Келді сұлу шағала. Қуанышқа кенелді.
Наурыз келді тамаша, Наурыз тойын тойлаймыз,
Тойлаймыз жаңаша. Наурыз тойы әдемі.

Жылдың басы Наурыз, Наурыз тойы, Наурыз тойы, 
Жырдың басы Наурыз. Құтты болсын халайық.
Наурызға арналсын, Қане, қане достар 
Бүгінгі жыр әніміз. Шырқап әнге салайық.

Жүргізуші: Ежелгі салт-дәстүр халқымыздың,
                      Бесікке бөлеу тойы жалғасады.
Көрініс: «Бесікке бөлеу»
                               Көктем, көктем, көктемде,
                               Наурыз келіп жеткенде.
                               Қуанып біз қаламыз,
                               Әнмен қарсы аламыз.
Ән: «Балапан» Карима 
                               Құтты болсын Наурыз,  
                               Жылдың басы Наурыз. 
                               Бүгін ойын ойнаймыз, 
                               Мерекені тойлаймыз. 
Ойын: «Тақия тастамақ» 
Алдар Көсе: Ал енді ортаға ер азаматтарды шақырамыз. «Білек тіресу» ойынын ойнаймыз. Ойының шартын айту.
Ойын: «Білек тіресу» Ата-аналармен ойын.
Қыдыр ата: Ассалаумағалейкум халқым менің,
                       Ардақты Наурыз тойын сайыңды елім.
                       Мереке басы болсын берекенің,
                       Игі еңбектің жемісін бәрі тегін.
Ән: «Құстар әні»Айлина
Наурыз келді тамаша, Наурызда күлімдеп, 
Ән айтайық таласа. Күн нұрын төгеді.
Би билейік жараса, Атамыз әжеміз, 
Бәріміз оңаша. Батасын береді. 

Армысыздар халайық, Наурызды халқымыз, 
Бармысыздар халайық. Жыл басы санайды.
Наурыз тойын тойлайық, Көнермей салтымыз,
Жырларды тыңдайық. Көп елге тарайды.

Ән: «Наурыз» 
Алдар Көсе: Айдаhар туралы айтады. 
Жүргізуші: Ал халайық, тұрмайық,
                      Әндетейік жырлайық.
                       Ортамызды ашайық,
         Думандатып би билеп.
           «Қара жорға» биімен мерекелік ертеңгілік аяқталады





















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее