«Зима 2025»

«Супер ӘКЕ!» сайысы

«Супер ӘКЕ!» сайысы

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі бұл ана. Бағыңды сынап сайысқа түсер кез келді.-деп жыл аралатып келетін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесінің қарсаңында «Айгөлек» шағын орталығының және мектепалды даярлық сыныбының әкелер арасындағы ұйымдастырылған «Супер Әке» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

«Супер ӘКЕ!» сайысы

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі бұл ана. Бағыңды сынап сайысқа түсер кез келді.-деп жыл аралатып келетін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесінің қарсаңында «Айгөлек» шағын орталығының және мектепалды даярлық сыныбының әкелер арасындағы ұйымдастырылған «Супер Әке» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру.

2.Шаш үлгісі

3.Сұрақ- жауап (психологиялық ситуация)

4. Тапсырма (кеспе кесу)

5.Ашық хат жасау

6. Тапсырма «Кім күшті»

7. Өнер көрсету

Әкелерді қошеметпен ортаға шақыру.

1.Таныстыру. Әр әке өзін таныстырады.

2. сайыс «Шаш үлгісі». Әкелер өз қыздарының шаштарына сәнді шаш үлгісін жасау және қорғау керек.

3.Сұрақ- жауап (психологиялық ситуация)

(әр әке қалташадан сұрақтар алып толық жауап береді)

1.а)Күлкі күні қашан?

ә) Өміріңізде ең қызықты оқиға

2.а)Аналарға арналған мақал мәтел

ә)Балаңыз дүниеге келгенде қандай күйде болдыңыз? (көрсету)

3.а)Бесік жырын айтыңыз

ә)Баланың жаялығын ауыстыру

4.а)«Ана» сөзін үш тілде айту

ә)Балаңызды жылаған кезде қалай жұбатасыз

Жүргізуші: Төртінші бөлім кеспе кесу. Әкелер 5 минут ішінде кеспе кесіп шығу керек.

Жүргізуші: Бесінші бөлім ашық хат жасау . Әкелер түрлі түсті қағаздан әдемі ашық хат жасайды. Уақыты 7 минут

Жүргізуші:Алтыншы бөлім«Кім күшті?» Әр әке өз баларын қолдарына алып отырып тұру керек. Уақыты 3 минут.

Жүргізуші: Жетінші бөлім өнер көрсету.

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Таңқалдырып сіздерді,

Әнді айтып,би де билеп береді.-дей келе ортаға әкелерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз. Әр әке кез келген әншіні таңдап сол әншінің әнін орындап беру керек.

Жүргізуші:

Сайыста бірі озар,бірі қалар,

Әділдігін дәл тапса би қазылар.

Сөз сөйлейтін шындықтың бетін ашып,

Әділдіктің туын биік ұстағандар.

-демекші сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Марапаттау жүргізу.

Жүргізуші:

Сайыс аты сайыс емес пе,

Бұған ешкім ренжімес те.

Қатысқанның өзі мәртебе емес пе

Бұл да алар бір қамал емес пе.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Ал, енді біздің балаларымыздың шағын концерттік ән шашуымызды тамашалаңыздар. Балалардың орындауында ән.

Ән: «Ақ әжем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

1. Үн қатасың бал тілмен
    Еркелеймін күнде мен 
      Құттықтаймын анашым
      Сегізінші мартыңмен. (Наргыз)
2.   Әлпештеген аялаған 
      Ақсүт берген апатайым
     Тақпақ айтып бүгін саған
      Мейрамыңмен құттықтаймын. (Гульмира)

3.   Жарқын жүзді жан анам
     Сендей болса бар адам.
     Шаттық кетпес баладан.(Рахат)
4.   Ана өмір шырағы
    Ана өмір бұлағы
     Бесігімнің жыр әні 
     Жүрегімде тұрады. (Дильназ)
5 . Біз доспыз гүлдермен 
    Тек оны жұлмаймыз.
    Той күні бірбірден 
      Анаға силаймыз. , (Бибарыс)
6  .Еркелеймін шаттанам

     Жарқын күлкің бақ мағепан
    Ақ бетіңнен сүйейін
     Келші кеплші ақ мамам (Дана)
 7.Бал бөбегін баптаған
    Мамам үшін мақтанам
    Ақ бетіңнен сүйейін
    Келші келші ақ мамам. (Айсулу)

8. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз. (Динара)
9. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар. (Назерке)

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән «Апатайым»

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық (Азель)

Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін! (Арман)

Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын (Жансұлу)

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен (Ансар)

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.(Томирис)

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам. (Мерей)

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ(Бекжан)

Менің апам бұл апам,

Айтқан сөзі дәл апам.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі апам. (Аян)

Туған күнмен құттықтайды немерең,

Келсін дейді енді өмірге шөберең.

Денсаулығың мықты болсын, ақ Әжем,

Жаратқаннан жақсы іс келсін жебеген.(Бегзат)

Кто открыл мне этот мир,
Не жалея своих сил?
И всегда оберегала?
Лучшая на свете МАМА.
Кто на свете всех милее
И теплом своим согреет,
Любит больше, чем себя?
Это МАМОЧКА моя.
Книжки вечером читает
И всегда всё понимает,
Даже если я упряма,
Знаю, любит меня МАМА.(Валерия)

В праздник мы подарим
Мамочке тюльпаны -
Стройные, красивые,
Как улыбка мамы!
В праздник мы подарим
Бабушке подснежники -
Строгие и добрые,
Как бабуля, нежные! (Жанна)

Маму я свою люблю,
Ей подарок подарю.
Я подарок сделал сам
Из бумаги с красками.
Маме я его отдам,
Обнимая ласково. (Иван)

С бабушкой моей вдвоем
Очень дружно мы живем!
Вместе ходим мы гулять,
Вместе мы ложимся спать,
Вместе моем мы посуду -
Правда, правда! Врать не буду!
Мы не любим унывать,
Можем спеть и станцевать -
Будет бабушка мне хлопать,
Ну, а я - кружиться, топать!
Не капризничать стараюсь,
Слез не лью, а улыбаюсь -
С ней большие мы друзья,
Потому что мы -  СЕМЬЯ! (Анель)

Ән: «Мамонтенок»

Жүргізуші: Гульмира мен Бибарыстың орындауында «Қошақан» әні

Жүргізуші: Динара орындауында «Анашым» әні

Би: Өзбек биі

Жүргізуші: Нарғыздың орындауында «Тұлпарым» әні
Жүргізуші: Балалар аналарына арнап жасаған ашық хаттарын табыс етеді және ұлдарымыз қыздарға арналған сыйлықтарын береді.Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік,көріскенше күн жақсы болсын ағайын!









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее