«Зима 2025»

"Сымсыз желілер"

Wi-Fi (ағылшын тілінде wireless fidelity – сымсыз дәлдік ), WLAN, WPAN, WMAN, Bluetooth, 4G, Сымды желі, Сымсыз желі, мобильді байланыс.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Бөлім

6.1А – Компьютерлік жүйелер мен желілер

Мерзімі:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандардың саны:

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сымсыз желілер.

Оқу мақсаттары

6.1.3.1 Сымсыз байланыс артықшылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- сымсыз байланыс артықшылықтарын түсіну;

Оқушылардың көбісі:

- сымсыз байланыс түрлерін ажырата алу;

Оқушылардың кейбірі:

- сымсыз байланысты қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критериилері

- Сымсыз желілердің артықшылығын түсінеді;

- Сымсыз байланыс түрлерін ажыратады және мысал келтіре алады;

- Сымсыз байланыс түрлерін қолдану арқылы құрылғыны желіге жалғап жұмыс жасай алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік мақсат


Тақырыпқа байланысты лексика және терминология:

Wi-Fi (ағылшын тілінде wireless fidelity – сымсыз дәлдік ), WLAN, WPAN, WMAN, Bluetooth, 4G, Сымды желі, Сымсыз желі, мобильді байланыс.

Диалог пен жазуға арналған пайдалы түсіндірме:

Сымсыз желілер туралы не білесіңдер?

Сымсыз желіні қалай орнатамыз?

Құндылықтар


Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Өз бетімен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Бәсекелестікке дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Физика. Толқындық қозғалыс. Радио байланыс.

Ағылшын тілі – сөздік.

Алдын ала білім


Интернеттегі ақпаратты іздей алады. Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп барын біледі.

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар


Ресурстар

Сабақтың басы

«Ыстық алақан» әдісі


«Мозайка» әдісі

2 мин

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру.

Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша суреттер

қиындысын жинау арқылы 2 топқа біріктіріп, құрастырылған суреттерде не бейнеленгенін сұрау арқылы топтың атын қойып, сабақ тақырыбына назар аударту.

Интербелсенді тақта, слайд, сурет қиындылары.


Сабақтың ортасы

Қайталау

1 мин


















Видеосабақ

3 мин




8 мин




















«Көршіңді тексер» әдісі

5 мин




















5 мин



























«Сергіту сәті»

1 мин


«Кім жылдам» әдісі

10 мин

  1. Жаңа білімнің ашылуы

Талқылауға арналған сұрақ:

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына суреттерден не

көріп тұрсыңдар?

- Интернет дегеніміз не?

- Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?

- Әрбір желідегі ақпарат қалай беріліп жатыр?

- Желілердің әрбір түріне қандай атау беруге болады?

Оқушының білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Компьютерлік желілердің түрі туралы видеосабақ қарау.

Видеосабақтан кейін жалпы сынып компьютерлік желілерді қолдануға мысал келтіріп, талқылауға арналған сурақтарға жауап береді:

- Тағыда қандай жағдайда компьютерлік желілерді қолдану ыңғайлы?

3. Тапсырмалар.

1.Тапсырма. Топтық жұмыс.

Сымсыз желілердің артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып шығады.

Артықшылықтары

Кемшіліктері









Бұл тапсырманы оқушылар интерактивті тақтада орындайды. Тапсырманы екі топ оқушылары жеке ізденіп, өзара талқылап, кезекпен кестені толтырып шығады.

Дескриптор:

1. Сымсыз байланыс түрлерін ажыратады.

2. Сымсыз байланыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» оқушылар әр топ қарсы топқа өздерінің ойларын жеткізу арқылы бағалайды. Мұғалім

қолдау қажет ететін оқушыларға ауызша кері байланыс беріп кетеді. 

2.Тапсырма. Жеке жұмыс. Тапсырманы оқушы өзі ізденіп жеке орындайды, біткеннен соң жауап тақтадан көрсетіледі, дұрыс жауап арқылы топта дәптерлерін көршісімен ауыстырып тексереді. Жауап талқыланады. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Дескриптор:

- Сымсыз технологияға сипаттама береді;

- Сымсыз технологиялардың түрлерін ажыратып, мысал келтіреді;

- Сымсыз технологияны қашықтан әрекет ету ұзақтығына қарай топтастырады;

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен үш түсті стикер арқылы «не білдім?», «нені түсінбедім?» және «нені оқу қажет?» деп өзін-өзі бағалайды.

3.Тапсырма. Жеке жұмыс (компьютерде орындайды).


Дескриптор:

- Қолжетімді желілер тізімінен өзіне керек желіні табады;

- Пайда болған сұхбат терезесінде құпия сөзін енгізеді;

- Құрылғыны Wi-Fi сымсыз желісіне қосады;

ҚБ: Мұғалім оқушылардың жасаған тапсырмасына сай «Керемет», «Орташа» және «Жақсы» деген стикерлермен бағалап өтеді.

4. Сергіту сәті.

Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды.

4.Тапсырма. Жеке жұмыс. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Кестенің сол жағының жауаптарын жазып талдайды да, бірінші топ оқушылары Wi-Fi желісінің көмегімен поштасына, екінші топ оқушылары Bluetooth желісінің көмегімен мұғалім компьютеріне жібереді.

Интернет

Ең үлкен желі, бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады

WLAN (Wireless Local Area Network)

Негізінен жергілікті жерлерде орнатылатын Wi-Fi желісі

WPAN (Wireless Personal Area Network)

Арнайы сымсыз желілерде қолданылады

WWAN (Wireless Wide Area Network)

Қалалық көлемдегі сымсыз желілер

Wi-Fi желісі

Wireless Fidelity деген сөзінің қысқартылған нұсқасы, мағынасы «сымсыз дәлдік» дегенді білдіреді

Сымсыз желілер

Wi-Fi, WiMAX, Bluetooth, 3G, 4G

Жергілікті байланыс

Түрлі географиялық жағдайдың қиындығына байланысты орнатылады

Модем

Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы

Дескриптор:

- Сымсыз желінің түрін анықтап, байланыс орнатуды біледі;

- Электронды поштаны ашады.

- Жұмысын жүктейді, жібереді.

ҚБ: Мұғалім оқушылардың жасаған тапсырмасына сай оқушыны «Жарайсың», «Орташа» және «Жақсы» деген стикерлермен бағалап өтеді.

Интербелсенді тақта, слайд.



























https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/internet-zhelisindegi-resurstarha-shyhu-telefon-zhelisi-kengzholaqty-kanal-3g-4g

Интербелсенді тақта, слайд.















Информатика 6 «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 34 бет, дәптер.



















Информатика 6 «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 35 бет, компьютер.



























тақта, слайд, кесте, компьютер.

Сабақтың соңы ҚӘМҚ талдау (SWOT-талдау) әдісі

4 мин
















«Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі

1 мин

5. Қорытындылау. Білімді қорытындылау мақсатында

ҚӘМҚ талдау (SWOT-талдау) әдісін пайдаланамыз.


Күшті жақтары








Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер








Қауіптер

6. Рефлексия. «Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі

арқылы оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша рефлексия

жасауды ұсынамын.

1. Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым

белсенді/ енжар

2. Сыныптағы өз жұмысыма

ризамын / риза емеспін

3. Маған сабақтың уақыты … көрінді

қысқа / ұзақ

4. Мен сабақта

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл күйім … болды

жақсы / нашар

6. Сабақта қолданылған тапсырмалар … болды

түсінікті / түсініксіз

маңызды / маңызды емес

қызықты / қызықсыз

7. Менің ойымша, үй тапсырмасы

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз


7. Үй жұмысы

1) Кітаптан параграфты оқу

2) «Сымсыз байланыстың шығу тарихы» туралы қосымша мәліметтерді тауып, эссе жазып келу.

Интербелсенді тақта, слайд, жұмыс дәптері.






























СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сaбaқ бaрысындa үш деңгейлі оқушығa мaқсaт қойылды, сол мaқсaтқa жетудегі жолдa топтық, жұптық және жеке жұмыстaры жүргізіледі.

Жіктеу:Мозайка әдісімен аралас топтарға біріктіріп, топта әртүрлі деңгейдегі оқушылар жиналады

Диалог және қолдау: Жаңа сабақты оқып игеруде жетелеуші, түрткі сұрақтар қойып қолдаймын.

Интернет дегеніміз не?

Сымсыз желілер туралы не білесіңдер?

Сымсыз желіні қалай орнатамыз?

Тапсырма:Оқышылардың білім деңгейіне қарай әртүрлі тапсырмалар жасадым.

А деңгей: тапсырма-1 Топтық жұмыс

В деңгей: тапсырма-2 «Көршіңді тексер» әдісі

С деңгей: тапсырма-3 Пр. Жұмыстарын жасап мақсатыма қол жеткіземін.

Қарқын:Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам ойланып, тапсырмаларды тез уақытынан алдын орындайды, сондықтан оларға «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік тапсырма бере отырып, күрделілігіне қарай ілгер,леп отыратынын саралаймын.

Бағалау:Ерекше шапшаңдығы мен терең білімімен дараланатын оқушыларға смайликтер беріп, қызығушылығы мен ынтасын арттырамын. Әрбір тапсырмаға баға беруде дескрипторлар құралады. Соған сүйене отырып, оқу мақсатының қай деңгейіне жеткендігін саралаймын.

Құрылған дескрипторлар арқылы оқушының тапсырмаларды орындау деңгейі смайликтер арқылы анықталады. Жұптық, топтық әрі жеке жұмыстарда оқушылар бірін-бірі, топтарды өзара бағалайды. Әр оқушығa жеке тұлғa ретінде мұғалім тарапынан жетелеуші бaғa беріледі (жaрaйсың, қолыңнaн келеді, көп еңбектендің, саған сенемін, сенің қолыңнан келеді). «Бағдаршам» әдісімен үш түсті стикер арқылы «не білдім?», «нені түсінбедім?» және «нені оқу қажет?» деп өзін-өзі бағалайды.

«Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі бойынша кері байланыс алынады.


Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында оларға қолдау көрсетіп, көңіл-күйіне назар аударылады. Әрбір оқушыға компьютерді пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі.

«Сергіту сәтінде» оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығулары жасалынады.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее