«Весна — лето 2024»

Тәрбиешілерге кеңес "Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету"

Көп ұлтты балалар тәрбиеленетін балабақшада қазақ тілі фонетикасына тән дыбыстарды үйретудің өз тәсілі болуға тиіс.

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Көп ұлтты балалар тәрбиеленетін балабақшада қазақ тілі фонетикасына тән дыбыстарды үйретудің өз тәсілі болуға тиіс.

Бүлдіршіндерді қазақ тіліне тән дыбыстарды дүрыс шығаруға, еріндер мен тілдің үйлесіп қимылдауына баулу үшін , өткізілетін дәріске мына төмендегі мақсаттарды қою қажет:

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу ерекшелігін түсіндіру;

  2. Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға төселдіру;

  3. Сөздік қорды дамыту;

  4. Қазақ тілі дыбыстарын меңгертуге ерекше мән беріп,үнемі көңіл бөлу;

  5. Тіл дамыту сабағын осы дыбыстарды дұрыс естіп, бір – бірімен ажыратуға көбірек уақыт бөлінетіндей етіп жоспарлау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, алдымен дыбыстарды үйретудің бірнеше кезеңін ескерген жөн:

  1. Дыбыстың айтылу,дыбысталу жолдарын түсіндіру,жеке дыбысты бірнеше қайталау.

  2. Дыбыстың буын сөз ішінде қайталануы, осы дыбыстардың дауысты,дауыссыз тіркесімен қайталануы.

  3. Үйренген дыбыстарды сөз және сөйлем ішінде дұрыс анық айту.

Дыбысты дұрыс айту ,үйрету үшін олардың артикуляциясына айрықша көңіл бөлеміз. Баланың өз ана тілін дамыту сабағындағы алған біліміне сүйене отырып тілдің ,еріннің ,тістің,жақтың атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіреміз. Бұл дыбыстарды айтылуы жағынан ана тіліндегі дыбыстармен салыстырып оны дұрыс,анық айтуға машықтандырамыз.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды үйретуге бағытталған ойындар мен жаттығуларда , жеке баламен жұмыс жасауда айрықша көңіл бөлінуі керек. Себебі: бір бала ол дыбысты айта алмайды,екінші бала дыбысты айтқанмен сөз ішінде анық емес, үшінші бала дұрыс,анық айтады. Дыбыстың қиындығына қарай балаларды әр топқа бөліп кезекпен айтқызған жөн.

Тағы бір ескеретін мәселе, көп жағдайда баланың сөздік қорын молайтуға тырысып көп сөз жаттатамыз да, сол сөз ішіндегі дыбыстардың анық айтылуына , оны дұрыс пайдалануына мән бермейміз. «Саны бар сапасы жоқ» демекші,баланың сөздік қоры мол бола тұра , ол оны сөйлем ішінде пайдалана алмайды.

Біріншіден, дыбыстар дұрыс айтылмағаннан кейін сөздің мағынасы өзгереді.

Екіншіден, пайдаланбайтын заттың ескерусіз ұмытылып қалатыны әлімсақтан белгілі. Сондықтан бала аз сөз білсе де оның сапалы болуы тиіс.

Дыбыстарды жақсы меңгеру үшін оларды басқа дыбыстар тіркесінде ( бұ, құ, жұ, зұ,..) қарапайым сөйлемде, мәтелдерде, жаңылтпаштарда,қысқа өлеңдерде айтқызу керек.

Ұ,ү дыбыстарына жаңылтпаш:

  • Бұл қар, сұр қар, сүр қар.

  • Ұясы - үй ғой шынында, ұзақ үйін қорғайды.

Балапанға ұрынба, ұя бұзған оңбайды.

  • Үкі деген әдемі,үлпілдеген желегі.

Қыздар әсем болсын деп, үкі тағып береді.

Бар деп айтылған сөздегі жасырынған дыбысты дұрыс айту.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дәл,анық айтуда дидактикалық ойындардың маңызы зор.

  1. «Жасыл доп па,қызыл доп па?»

Бұл ойынның мақсаты: Естіген сөзде қазақ тілі дыбыстары бар жоғын ажырату (ә,і,ү,ұ,қ,ө,ғ). Балалардың әр қайсысына жасыл,қызыл, доптар бейнеленген, кішкентай карточкалар ұсынылады.Бірнеше сөздерді жайлап оқылады,егер сөздеқазақ тіліне тән дыбыстар естілсе жасыл допты көтеру керек, жоқ болса қызыл допты көтеру керек.

  1. «Өзіңе қажетті суретті тап»

Бұл ойынның мақсаты: Дыбыстарды дұрыс,анық айтуға жаттықтыру. Оларды сөз ішінде тауып,дыбысталуын қайталау «а-ә»,»о-ө», «ы-і», «г-ғ», «к-қ», «н-ң». Әр дыбысқа тең суреттер беріледі.Ойында пар әріпке келетін суреттерді табады. Мысалы: «а-ә» Балаларды екі топқа бөліп,әр қайсысынанбір – бірден бала шақырып,сен «а»,ал сен «ә» дыбысы бар суретті табасың. Одан кейінгі екі бала «к-қ» дыбыстары бар суреттерді іздейді. Тапқан суреттерін балалар өздеріне ала алады.Барлық суреттерді алған соң екі топтағы балалар бір – біріне көрсетіпатап шығады.Барлық суреттерді тауып алған топ жеңеді.

  1. «Кино»

Бұл ойынның мақсаты: «к- қ», «н-ң», « г-ғ», «ө-о»,ұ-ү», «а-ә» дыбыстарының айтылу айырмасын түсіну. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар суреттерді дискіден теледидар арқылы көрсетіп,балалар көрген суреттерді атайды. Мысалы: қоян,қой,қаз, мысық,қасқыр, әже,сәбіз,ғарыш, көктем,т.б.

  1. «Кім көп сөз ойлап табады»

Бұл ойын өткен тақырыптарды бекітуге,ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.Балаларға қазақ тілі дыбыстарына сөз ойлап табу керек. Дұрыс,анық айтқан бала ұпай алады, кім көп ұпай алса сол жеңеді.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее