«Весна — лето 2024»

Тәрбиешілерге кеңес "Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы – ойын."

Балабақшада өзге ұлт балалрына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы - ойын

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін

үйретудің тиімді бір жолы – ойын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім – деңгейі нақты берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып , шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев : «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл – де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі – балалар үн – түнсіз ойнамайды,тіпті, жалғыз болғанның өзінде –де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын - бала үшін нағыз өмір. Өйткені , ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Егер ойын , ақылмен ұйымдастырылса , ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік береді.Балалардың өмірі мен іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз . Бала үшін ойын – өзін –өзі жетілдіру мен өзін – өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз , бар жан – тәнімен ойынға кірісіп кетеді- де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады.Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды ,қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс – тәсілдерді таңдаумен сай келеді.Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады,ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді.Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.

Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін ,мақсатын дәл анықтауға ,оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына , ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуына, ойын үрдісіне балаларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Қорыта айтқанда, ойын – балалардың негізгі іс – әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты.Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады,олардың ойлау қабілеттерін , ізденпаздылығын арттырады,сөз қорын молайтуға көмектеседі,сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда балаларды әдептілікке, адамгершілікке қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Тіл жеке адамның шаруасы емес.Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы,ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі - елдің мерейі.Оның мерейін асыратын да ,құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее