«Зима 2025»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сыныптан тыс жұмыс,тақырыбы:"Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім"

Бұл сыныптан тыс жұмыс жоғарғы сынып оқушыларымен өткізіледі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім


Құрметті мұғалімдер оқушылар Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші Айжан

Мен қазақпын, мың өліп , мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн түтіліп,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген


Жүргізуші Ербұлан

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Европа да, Азия да емеспін мен

Аралықпын, жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен


Жүргізуші Айжан

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмедік

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жердеді.


Жүргізуші Ербұлан

Тәуелсіздік Қазақстанның баянды бақытты көл көсір қуанышының бастауы - 1456 жыл

Алтайдан Алатауға дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен ата бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Көшіп қонып өмір сүрген ата бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол жер мен және ана тілі.


Жүргізуші Айжан

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай , іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны оның еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Сонау сақтардан басталып, ғұн,қаңлы, қыпшақ, Ақ Орда мен Қазақ хандығының жалғасы бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.



Жүргізуші Ербұлан.

Бұл далада халқым 300 жыл бостандық пен еркіндік жолында соғысты.Солардың ішінде жалпы халықтық сипат алып, бүкіл қазақ даласын шарпыған қасіреттің ең ірісі 200 жылға созылған Жоңғар басқыншыларымен жүргізген шайқасы еді. Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді.Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.


Жасқанат

Қазақ дейтін бастау үшін бір көшті,

Елі үшін жорық жасап жан кешті

Бөгенбай да, Қабанбай,Абылай,

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті,

Елге айналып,Қазақ хандық құрғалы,

Өтті өмірден небір қазақ тұлғалы.

Махамбет те Исатай да ,Шернияз,

Тәуелсіздік ұлы жолдың құрбаны.

Айта берсем құрбандарым көп әлі,

Өтегенім, Сұраншы мен Райыбек.

Шора батыр, Кенесары Наурызбай,

Бекет батыр Жанқожа мен Жәнібек.


Жүргізуші Айжан

Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы тарихи арпалысқа толы , жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешті тынымсыз заман еді.Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты. Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге, орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Кенесары, Сырым, Есет,Нұрмұханбет бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті. Соның бірі Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістер еді.


Жүргізуші Ербұлан

ХХ ғасыр ұлттың ұлт ретінде өзін тануы, ұлттық болашағы не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді. Олар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар еді.Қазақ төңкерісінен кейін ұлт зиялылары не істеу керек, қалай ел боламыз деп ойын он саққа жүгірттіп, алдымен мемлекетімізді құрып алайық, қалғаның бәрі содан соң болады деп, Қазақ Автономиясын жариялады. Бұл ұлы қадамның көшбасышылары Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай еді.

Даяна

Қазақ десем, қаным қызып денемде,

Қайнап кетем ғажап күйге енем де .

Қазақ десем Абай болып елестеп,

Абай мені шақырады өлеңге.

Қазақ десем айдарымнан жел есіп,

Кетем ойша Мұқанменен кеңесіп,

Қазақ маған Әлиядан айбынды.

Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп,

Қазақ десем , қаламымнан жыр тамып.

Өткенді еске алып отырмын бұрқанып,

Қазақ деген тәуелсіз ел бүгінгі.

Түп тамыры жатқан сонау тереңде,

Қазақ бүгін тәуелсіз ел біл мұңы,

Ақиқатқа айналғандай шындығы.

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып

Атар таңға айқара ашық түндігі.


Жүргізуші Айжан.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан Қызыл империя көсемдері Алаш туының астына біріккендердің бәрін құртты . Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң , қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя қиналған жоқ. 1932-1933 жылдардың ашаршылығы . 1936-1938 жылдардың репрессиясы 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында көп қырылған қазақ еді. 1949 жылдан бастап, Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды. 1954-1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Қазақ жеріне өзге ұлттар келе бастады. 70-80 жылдары тіліміз бен салт дәстүрімізден алшақ қалдық. 1986 жылы жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ызакегі бұрқ етіп,қазақ жастарының көтерілісі басталды.


Жүргізуші Ербұлан

Отыз жеті! Есік бұзар кез кірді,

«Халық жауы » естімедік өзге енді,

Бірінен соң бірі атылған қазағым,

Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.


Жүргізуші Айжан

Қызыл империяныңқылышынан қан тамып тұрған кезеңінде, ақ мен көк мұзға Жастықтың, Тәуелсіздіктің жалауын желбірткен 1986 жыл еді.


Жүргізуші Ербұлан

1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақыттты күні сол еді! Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.


Гүлназ

Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ

Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап.

Ұран жазып , қып қызыл ту көтеріп,

Біз де келдік алаңға «Елім айлап».


Жауды алаңға тілектің нөсері кеп,

Шешеннен соң сөйледі шешен үдеп.

«Демократияны бұғаудан босатыңдар

Әр халыққа өзінің көсемі » деп.


Тәртіп қорғау санаға екті нені?

Өз халқына, ойпырмай, кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі.


Не азапты бауырым көтермедік,

Соны жырлап өмірім өтер менің.

Камераңы қанішер салмағанда

Бізбен бірге ақталып кетер ме едің.


Шайқады ғой біздерді шайтан арба,

Оның бәрін жеткізіп айта алам ба.

Түсіп кетсе есіме қаным қайнап

Атып шыққым келеді қайта алаңға.


Жүргізуші Айжан

Иә , бостандық , теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды.Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан. Ол бір жан тіршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.



Біржан

Сол сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік Желтоқсанмен бітпейді,

Тәуелсіздік күресі енді басталды!


Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік құрған күн.


Обырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.


Жүргізуші Ербұлан

Аяулы қырандарым, қыршындарым,

Ақ еді, анық еді шын сырларың!

Ел үшін құрбан болған боздақтарым,

Төрінде жұмақтың жүрсін жаның.

Өткердің жүзіндей боп қылшылдадың,

Сынаққа түскен кезде бір сынбадың.

Қараймын сағынышпен сендер жаққа,

Сөнбейтін шырақ болып тұрсың бәрің.


Жүргізуші АЙЖАН

1922 жылы құрылған КСРО 1991жылы өз өмір сүруін тоқтатты. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманы орындаған күн болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн Ұлы мереке еді .Қазақстан Тәуелсіздігін алып , ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт дәстүрін қайта жаңғыртып, Тәуелсіздік туын биік көтерді.


Жүргізуші Ербұлан

Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.



Ән: Гүлназ Сарбаздар


Ділназ

Тәуелсіздік ел!

Қараймын да тамсана,

Жылдарды осы ата бабам аңсаған.

Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан

«Бақыттымын» деп айқайлап жар салам

Шапақ атып

Тәуелсіздік нұр таңы,

Арайланып атқалы әне тұр тағы.

Өз бақытын Отан бағынан жоғары

Қойған қазақ емес қазақ ұрпағы.

Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын, қанын аямаған сан ғасыр

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

Мұнда жатыр күресуге өткен қазақ бар уағы,

Ұлылықтың таңдауы мен ұлылықтың танбауы.



Нұрсұлтан

Арайлап өлкемізде нұр таң атты,

Баянды тәуелсіздік салтанатты.

Тәуелсіз Қазақстан,

Ынтымағы жарасқан.

Жасампаз халқыма,

Мың алғыс Алаштан!

Елімнің берік ұстап көк байрағы ,

Елбасым, болашаққа бел байладың.

Әуелде қазақ деген халық барын,

Танытар әдеп ғұрпын, ел жайларын.


Айжан

1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіздік қазақ елінің қасиетті көк байрағы мен Елтаңбасы жер жаһанға жарияланды.Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасы мен еңселі.




Жүргізуші Ербұлан

Бақтың құсы әр Адамға қонып бір,

О,Тәңірім бізді Баққа жолықтыр!

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!


Гауһар

Салт дстүрім қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

НЕ деп оны түсіндік

Тәуелсіздік ар ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.

Тәулсіздік! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік ақ батасы атаның,

Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім

Көк байрағым, Ел таңбасы, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!


Зайда

Қазақстан менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның

Өзің едің көз тойматын алтын бақ

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.


Шалқы қазақ , шалқытып заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Амангелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

Жырлап қазақ жаңа күй, жаңа ән келді


Алмас тақпағы


ӘН: Иманғазы





Жүргізуші Айжан

Желдей еркін, түздей кең кең қандай азат

Мен қазақпын деген де қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын!

Жетер сан жыл шеккені малдай азап


Жүргізуші Ербұлан

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.


Жүргізуші Айжан

Әрқашанда еліміз тыныш, жұртымыз аман, Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып , егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын деп сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее