Тақырыбы:«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тарбиелеу.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Сәлем беру салтының,
Жомарт күздей халқымыз.
Күздің берер байлығын,
Жинар бізден халқымыз.
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Жомарт күздің сыйлығын,
Біз сіздерге сыйлайық.
Армысыздар ұжымдастар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жапырақтар сарғаяды,
Күн бұлттанады,
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар жылы жаққа ұшады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта)
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып , теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз. -дей отырып тақпаққа кезек берейік.
Айдын
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрғанмын мен қызанақ
Күнге қарап ұялып
Лейла
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайын біз бәріміз
Саят
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Каусар
Мен өрікпін ірімін
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін
Дастарханның гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырыным
Нұрғали
Мен моншақтай шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім
Әділет
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қарсы егер салғыр кім
Инаят
Мен қиярмын сәндімін
Салаттардың сәтімен
Дәруменім мол менің
Жегеге қуат сыйлаймын
Арай
Мені бәрі жүзімдер
Бір-бірмен үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар-қатар тізілген
Шұғыла
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәміне
Жерге сілніп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Жүргізуші
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсерін жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар
Ән: «Күз бізге келді.»
Жүргізуші:Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Қолшатыр биімен
Би: «Қолшатыр»
Жаннат, Арман, Шұғыла, Санжар, Айкөрік, Данабек, Нарқыз,Сайфуллах, Нұрзада, Саят.
Жүргізуші:Келесі кезекті тақпаққа береміз.
Ясмина
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Данабек
Жемісті мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Айкөрік
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Сайфуллах
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіңіріп
Келгенің қызық-ау
Ойын: Сыңарыңды тап
Ойын шарты:
Жүргізуші:Бишілерде өнер көп
Би билейді мәнерлеп
Бишілер биін көріңдер
Өнерге баға беріңдер
Би: «Саңырауқұлақ»
Әділет, Саят, Әбілқайыр, Ерасыл, Инаят , Нұрғали, Айдын, Айқан
Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық
Әндетелік,жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып ән айтып
Інжу маржан шашайық!
Ән: «Күзде»
Жүргізуші:Келесі кезекті тақпақтарға береміз
Нұрзада
Аспанды сұрғылт бұл,
Жан- жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Нарқыз
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Әбілқайыр
Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі
Жаннат
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Камшат
Күздің қазан айында,
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр- сыбдыр түседі.
Жүргізуші:Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс көмей аруларға,
Кімдер басын имеген – деп келесі кезекте ұл, қыздарымыздың орындауында
Би: «Тамшы »
Назерке, Арай, Ясмина, Лейла, Каусар ,Феруза
Ойын:«Шалшық суды айналып өт»
Ойынның шарты:ойынға барлығы 8 бала қатысады, 8 бала 4-тен екі топқа бөлінеді. Бала резенке етікті киіп, қолшатырды ұстап шалшық суды айналып келіп кезекті кейінгі баладарға ретімен береді. Қай топ ойынды бірінші аяқтаса сол жеңімпаз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар.
Жүргізуші: Үйшік ертегі (сахналау.)
Жүргізуші: Ата-аналармен ойын: «Шебер қолдар»
Ойынның шарты: Түрлі құралдарды пайдалана отырып белгіленген уақыт аралығында күзгі киім дауындау.
(газет, түрлі-түсті қағаз, жапырақ, пакет, салфетка,қайшы,желім ,)
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2017» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Сән үлгісі.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.