«Зима 2025»

Тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, қоғам қайраткері»

Бұл материал 7а сынып бойынша тарих пәні мұғалімдеріне арналған.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, қоғам қайраткері»

Сынып сағатының мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту.

Сынып сағатын өткізу түрі: әңгімелеу

Көрнекілігі:

Сынып сағатының жоспары

І. Кіріспе

Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу (сұрақ-жауап)
ІІ. Негізгі бөлім

1. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш ұстазы

2. Кел, балалар оқылық (өлеңдерін жатқа айту)

3. Ыбырай – әңгіме шебері (әңгімелерінен көрініс)

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы ғалым, жаңашыл педагог.



Сынып сағатының барысы

слайд 1

Саламатсыздарма құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен ашық сынып сағатын өткізгелі жатырмыз. Оқушылар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Ендеше, бүгінгі сынып сағатымыз қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына орай Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналады.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы Затобол жерінде дүниеге келген. Ол 1889 жылы қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы ғалым, жаңашыл педагог, ақын-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Оқушылар,
Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?

слайд 2

Оқушылар, Ыбырай Алтынсаринді неліктен ағартушы деп атап отырмыз?

(Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты және тұңғыщ рет ана тілімізде «Хрестоматия» оқулығын шығарған.)

Жоғарыда атап Ыбырай атамызды ақын – жазушы деп атап өттік. Енді балалар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мектеп табалдырығынан аттағаннан бері біліп жаттап жүрміз. Ең алғаш 1-сыныпта қандай өлеңімен таныстық? (Кел, балалар оқылық)

1-оқушы «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады

2-оқушы «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін оқиды.

3-оқушы «Ананың сүюі» (өлеңін оқу)

Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы. Әңгімелері көбінесе балаларға арналған.

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада
түсінуге шақырамыз.
1 әңгіме: «Атымтай Жомарт»
2 әңгіме: «Мейірімді бала»
3 әңгіме: «Лұқпан Хакім»
1 әңгімеден көрініс
Атымтай Жомарт кедей бола тұрып, кейін өзінің еңбегі арқылы
байыған адам.
Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.
Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: - Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: - Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі - құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Жомарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір - екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп - жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: - Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті.
2 -кісі: - Бейнетсіз рахат жоқ.
Ал еңбектің түбі рахат.
2- әңгімеден көрініс.
«А құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін - бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал - мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата - анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.
Мейірімді бала.
Патша: - Біздің Қытай халқында мынадай заң бар. Егер кімде - кім біреуді алдаса қолы кесіледі. Осы заңды білесің бе?
Төре: - Білем.
Патша: - Білсең, өзің істеген күнәңді мойныңмен көтересің. Сондықтан сен өз еліңдегі адамды алдағаның үшін қолың кесіледі. Уәзірлер дайынсыңдар ма?
Уәзір: - Дайынбыз.
Патша: - Жазаны бастауға рұқсат.
Қыз бала: - Тоқтатыңыздаршы, құдай үшін тоқтай тұрыңыздаршы.
Патша: -(тоқтат деген ишара беріп) Бұл кімнің қызы?
Төре: - Менің қызым.
Қыз бала: - Тақсыр патша, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болады. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы.
Патша: - Қызым сенің қолыңды кескеннен не пайда? Кінәлі сен емес қой.
Қыз бала: - Уа, әміршім! Мен осы төренің қызымын. Мына қолды осы төренікі деп есептеңіз. Өйткені, мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр! Осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша: -(Төреге) Мына қызыңның ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында сенің қолыңды кеспеуге бұйырамын.
Төре: Басын иіп, рахмет айтады.
Патша: - Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Төре: - Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
3 әңгімеден көрініс.
Осы әңгімеде Лұқпан хакім тіршілік үшін, денсаулық үшін күреседі. Әр түрлі шөпті емге пайдалана отырып, халықты бейімділікке, өз бетімен оқып үйренуге, басқаға жақсылық жасауға, қайырымдылыққа үйретеді
Лұқпан хакім
Лұқпан хакімге бір кісі жиналыста айтты.
1 адам: - Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген, құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.
Лұқпан: - Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса біз таба етіп, дәрігерлікті қоялық.
2 -адам: - Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз.
3 -адам: - Лұқпан хакім халықтың денсаулығын ойлайды. Ол бақсы емес, ол молда емес. Ал сен сопы айтқан сөзің үшін жауап бересің.
Лұқпан: - Уа, халқым менің өтінішім бар.
1 - 2 адам: - Айтыңыз.
Лұқпан: - Мен бұл кісімен жеке сөйлесем деп едім. Бір ауыз сөзге бола, істі насырға шаптырып қайтеміз.
2 -адам: - Оныңыз да жөн болар, сөйлесе беріңіз.
Лұқпан: - Алла разы болсын молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе; тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді, құдай тағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді, ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсау обал болмаса керек».

Бүгінгі Ыбырай әңгімлерінен көрініс қойып, оны тамашаладыңыздар. Енді, балалар осы әңгімелерде не туралы айтылады, бізді неге шақырады, неге тәрбиелейді. Қорытындылап айтып берейік. Ыбырай Алтынсарин жайлы қосымша мәлімет алдыңдар ма?

слайд 3

Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее