«Зима 2025»

"Теңгенің шығу тарихы" ғылыми жұмыс

ғылыми жұмыс. оқушыларға ғылыми жұмыс жазуда қолдануға болады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мазмұны:



Аннатоция......................................................................................................3


І. Кіріспе.........................................................................................................4


ІІ.Негізгі бөлім


2.1. Теңгенің шығу тарихы...........................................................................5


2.2. Теңгенің бейнесін өзгертуі....................................................................6


ІІІ.Қорытынды...............................................................................................8


ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................9

































Аннатоция

Бұл жобада Қазақстан Республикасының төл теңгесі туралы қарастырылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің бір символы - ол төл теңгеміз.

Зерттеу жұмыстың өзектілігі:  Қазақ халқының төл теңгесінің жасалу тарихы мен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімімен көрегенділігі жайында болуы.  1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта–ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Респуб­ликасы экономикалы тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылуында.





































Кіріспе

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. 

Зерттеу жұмысының мақсаты: ғасырлар тоғысындағы алмағайып кезеңде пайда болып, жаңа ғасырда жаңа реңк алған төл теңгеміздің тарихына үңілу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: теңгенің тарихы мен бүгінін таразылау.

Теңге бағамының айналысқа шығу тарихын зерттеу.




























Негізгі бөлім

1. Теңгенің шығу тарихы

1991жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

1993жылы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды.

Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жылдардың басында теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді. Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен.
Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін»- деді.Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жарияланған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары»фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.
1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
2. Теңгенің бейнесін өзгертуі.

Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті. 2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.
Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде”Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған.”Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған
Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.
Теңгенің сипаттамасы-2006 ж
200 теңге.Басым түсі:сарғылт - жасыл .Мөлшері:126х64мм
500 теңге.Басым түсі:көкшіл - сұр.Мөлшері:130х67мм
1000теңге Басым түсі:сарғыш - қоңыр.Мөлшері:134х70мм
5000 теңге Басым түсі:күңгірт қоңыр - қызыл.Мөлшері:142х76мм
10000 теңге Басым түсі:күлгін - көк.Мөлшері:146х79мм
2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған теңге
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
2010 жылы 1мың теңгелік көкшіл - жасыл
2011 жылы Қысқы Азия ойындары
2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 20000 теңге. Жиырма мың теңге басқа ақша белгілерімен қатар 1 желтоқсаннан бастап заңды төлем құралы болып табылады. Төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша қабылдануы тиіс. Банкнотаның дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған. Көлемі: 155х79 мм.Басым түсі көк-сұр. Бет жағында «Қазақ Елi» монументі, пырақ және “Мәңгілік ел” қақпасы, сырт жағында Қазақстан картасы және Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттары бейнеленген.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасымыздың бейнесі бейнеленген 10000теңге шықты.
2016жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне 23 жыл толды.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны» Н.Ә.Назарбаев.

Қорытынды
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл – айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.







































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.

2. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13.12.1993.

3. Ғаламтор материалдары































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее