«Зима 2025»

Тіл және сөйлеу.

Тіл мен сөйлеудің адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сыныбы:2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.

Сабақтың мақсаты: тіл мен сөйлеудің адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже: Пәндік: тіл және сөйлеу туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін жетілдіру;

Тұлғалық: өз ана тілін білуінен және құрметтеуінен, дұрыс сөйлеу мәдениетін меңгеруінен;

Жүйелік-әрекеттік: өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білуінен, сөз мағынасынан түсіне білуінен көрінеді.

Әдісі : ой шақыру, түсіндіру, жеке, топпен жұмыс, талдау

Сабақтың көрнекілігі: туған жердің суреті салынған плакат, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

I.                 Қызығушылықты ояту.                                                                                       

Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға ертегі кейіпкерлері Мақта қыз бен мысық

келіпті. Бірақ екеуі әлі күнге дейін өзара дауларын шеше алар емес, қане, біз

көмектесейікші. Ол үшін үш төртбұрышта жасырын тығылған жұмбақты шешейік:

Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)

Үзсем, үзілмейді, Терсем, тізілмейді. (Із)

Тастан-тасқа секіреді, Қалқып қос құлағы. Ойын болып көкірегі, Аула оның

тұрағы. (Лақ)

-    Қане, балалар, жұмбақтың шешуінің бастапқы әріптерінен қандай сөз шықты, хормен дауыстап айтып көрейікші.

-         Тіл деген сөз шықты.

-     Олай болса, балалар, жұмбақты шешіп, Мақта қыз бен мысыққа үлкен көмегіміз тиді.

II.    Мағынаны тану:

1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз.

Керекті сөздер: жауап, хат, көп, тіл.

2- жаттығу. Екі баланың әңгімесін рөлге бөліп оқыңдар.

3- жаттығу.Әр суреттегі иттің «не айтуы» мүмкін екенін адамның тіліне аударып айт. 

Сергіту сәті:

Тоқ, тоқ, тоқылдақ,

 Шаршамайсыћ тоқылдап

 Емшісі боп орманның,

 Еңбектендің тоқылдап,

4- жаттығу. Ауызша талдау.

IV.     Ойтолғаныс: Тест-жазба нұсқа.

1)       Тілге байланысты мақалдың астын сыз

а)  Мектеп-кеме, Білім - теңіз.

ә) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады

б)      Кітап - алтын қазына.

2)       "Туған тілім" қандай мағынаны беріп тұр?

а)      Елім, жерім

ә)    Сөйлеу мүшесі

б)      Ана тілі

3) Сөйлеу үшін қажетті мүше.

а)     Тіл

 э)    Қол

б)      Кітап

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау,үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

5- жаттығу.197   бет.

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Кері байланыс. Балалар ойын тыңдау.

Рефлексия

-                    Бүгін сабақ қандай болды?

-                    Тіл және сөйлеу не үшін керек?

-                    Сабақта не істедік?


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее