«Зима 2025»

"Тілашар" (1 - сынып)

1 - сынып оқушыларының алғашқы айлардағы жеткен жетістіктерін көрсету, оқушының өзіне деген сенімін

нығайту үшін "Тілашар" мерекесі өткізіледі.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Тілашар тойы

Мақсаты:

  1. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

  3. Ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!

(ҚР Гимні)

ІІ. Негізгі кезең.

Мұғалім: «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,

Шәкірттерім жырдан шашу шашады.

Алихан: Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.


Ербол: Кешегі сәби балаңыз,


Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Жадыра: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.

Нұржан: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Нурдәулет: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.

Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.

Мұғалім:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығамыз білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Білімнің нәрлі сырына.

Болдың енді оқушы,

Оқитын әрі жазатын.

Білімге қол созатын.

Құтты болсын, қарағым,

Оқушы деген жаңа атың.

«Не жақсы?»

1 оқушы:

Келсе алмаймыз отырмыз?

Мектепте бізге не жақсы?

2-оқушы:

Мектептегі ең жақсы-

Дене шынықтыру сабағы

3-оқушы:

Салтанатты сап түзеу-

Мектептегі ең жақсы.

4-оқушы:

Тазалықшы болған ғой--

Мектептегі ең жақсы.

5-оқушы:

Үзіліс қой, үзіліс-

Мектептегі ең жақсы.

1-оқушы:

Біріншіден, білім ап,

Тазалықты сақтаймыз.

Салтанатты сап түзеп,

Асханаға барамыз.

Үзілісте демалып,

Спортзалда ойнаймыз.

Осылардың бәрі де,

Ең жақсысы әлемде.

«Мектебім» әні

Мұғалім: Биылғы 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылуда. Қолданыстағы білім «мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болса, жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, күтілетін нәтижеге және бала бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған және жаратылыстану атты жаңа пән енгізілген. Жаратылыстану пәнінде химия, физика және биология пәндерінің алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Олай болса, жаратылыстану пәніне қатысты жұмбақтар шешейік.

«Кім тапқыр?» Жұмбақ шешу.
1. Суда өседі, өседі, Сыртқа шықса өледі. (балық)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
3. Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге толады. (көбелек)
4. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)
5. Көк лағым көгенде жатып семірді. (қарбыз)
6. Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)
7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

8. Аяғы жоқ күледі, Сылқ - сылқ күледі. (су)

9. Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәсеке тігем, бұл шыным.

Құрт, қоңыз аулап, жарысам,

Орман дәрігері боп табылам. (тоқылдақ)

Би: «Бипыл». Орындайтын: қыздар тобы

Мұғалім: Елбасымыз 2007 жылғы кезекті халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасын ұсынды. Бұл «мемлекеттік тіл - қазақ тілін дамытамыз, ұлтаралық қарым - қатынас тілі – орыс тілін қолдаймыз, жаһандық тіл - ағылшын тілін үйренеміз» идеясына негізделген. «Үш тұғырлы тіл» саясаты – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. Осы идея аясында жаңартылған білім мазмұны негізінде биылғы 1-сынып оқушылары үш тілде қатар оқытылуда. Қане, осы тілдерді балалардың қалай меңгергенін көрейік.


Жанарыс:

Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

Ұлболсын:

Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Бекжайық:
Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

Мансур:

В школе многое узнаем

О своем любимом крае,

О горах и океанах,

О материках и странах.

Бейбіт:

Рашид:

Аслан:


«Жарқыра, жұлдызша» әні


Мұғалім: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты, Ақыл-ойын әлемнің өрбеп апты. Математика – ғылымдар патшасы деп, Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты. Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса, Омар Хайам, әл-Фараби жолын қуса. Елімнің болашағы гүлденеді, Ғылымның шамшырағы жанып тұрса,- дей келе, математика пәні бойынша алған білімдерін салайық. Ол үшін, текшені лақтырып, сол бойынша ұяшықты таңдайсыздар. Таңдаған ұяшықтағы есептерді шығара білу қажет.

1-ұяшық: Бұтақта өсті 5 алма, Оның алдым үшеуін, Қалды сонда нешеуі?

2-ұяшық: Ағашқа қонды 10 торғай, Ұшып кетті төртеуі, Қалды сонда нешеуі?

3-ұяшық: Ыдыста тұрды 10 кәмпит, Біреуін бердім ініме, Қалды сонда нешеуі?

4-ұяшық: Көлден ұшты 7 қаз, Қайта қонды бесеу, Қонбады көлге нешеуі?

5-ұяшық: 10 асықтың екеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады?

6-ұяшық: Табақта он өрік, Қолыңда 5 өрік. Қосқанда барлығын, Болады неше өрік?

Мұғалім: Мектеп – білім ошағы болса, Ыбырай атамыз айтқандай, мектептің жүрегі – мұғалім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ұстаз - ұлы есім. Ең алдымен, қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Олай болса, ұстаздарға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.

Жолдасбек: Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
Әсел: Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Мұғалім: Сіздерге білім нәрін себетін барлық ұстаздардың құрметіне «Ұстазым» әні. Орындайтын: Даулбай Сәния

(«Ұстазым» әні.)
Мұғалім:
Алғаш мектеп есігін ашқан бүлдіршіндердің тағы ұстазы әрі досы бар, ол – ата-ана. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ықпал ететін – ұстаз болса, сүйеушісі - ата-ана. Білім алуына көмектесіп, жүйелі білім алуына жағдай жасап отырған ата-аналарымызға үлкен алғыс айта отырып, ізгі тілектерін білдіруге ортаға шақырамыз.

(ата-аналар сөйлейді)

Мұғалім: Бүкіл аналарымыздың құрметіне Даулетмұрат Әселдің орындауында «Анашым» әні. Қабыл алыңыздар!

«Анашым» әні.

Мұғалім: «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман», - деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі оқушының алдында тұрған мақсат - алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын жеке тұлға болу. Ал біздің балаларымызға өмірге қажетті білімдерін толық меңгеруге көмектесетін тағы бір достары бар. Олардың кімдер екенін білгіңіз келсе, келесі көрініске назар аударайық.

«Оқушының достары» көрінісі

Кітап:

Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Бор:

Менің атым – ақ қалам,

Бормын деп те мақтанам.

Жақсы білсең сабақты,

Кездесейік тақтадан.

Сабақты егер білмесең,

Мен айтайын расын.

Бор-бор болып күнде сен.

Төмен қарап тұрасың.

Күнделік

Білімділік айнасы,

Қолыңдағы күнделік.

Тиеді көп пайдасы.

Жүремін саған күнде еріп.

Алып қалсаң екілік,

Ұяламын сен үшін.

Бестік алсаң желпініп,

Қуаамын сен үшін.

Дәптер

Мен дәптермін, балалар,

Ел құрметтеп бағалар.

Сақтап әрқашан тазалық,

Тап-таза қып жазалық.

Өшіргіш

Өшіргішпін – оқу құралы,

Қатеңді түзеп тұрамын.

Дәптерді қолмен тырналап,

Былғама оны жұлмалап.

Мен тазалық сақшысы,

Қатесіз жазған жақсысы.

Қалам:

Құтты болсын қадамың,

Мен боламын қаламың.

Жаңа келген мектепке

Мен де өзіңдей боламын.

Биік білім шыңына

Өзіңмен бірге барамын.

Мұғалім:

Биыл елімізде үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – қазақ елі үшін тарихи ұлы күн. Тәуелсіздік –ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан, біз үшін, тәуелсіздік – ең басты құндылық, ең қадірлі күш.

Сания:

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім!

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан – жасай берші гүл елім!

Ерасыл:

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетіне тұру – парыз.

Гаухар:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп әрқашан халқымыз,

Кетпесін туған жердің берекесі.



Мұғалім: Құрметті қонақтар, сіздерді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, сіздің назарларыңызға «Қазақстан» әнін ұсынамыз. Орындайтындар: Аманғали Бекарыс, Даулетмұрат Әсел, Тұрғанбай Азат, Ислом Гаухар. Қабыл алыңыздар!

(«Қазақстан» әні)

ІІ. Қорытынды кезең.

Мұғалім: Мектеп деген киелі ұғым, ғажап ат, Тынысы мен тіршілігі ғаламат. Бала шақтан болашаққа ұмтылған, Түлеп ұшты талай-талай азамат,- дей отырып, мектеп тәрізді үлкен кемеде әлі де 11 жыл білім алатын балаларымыздың оқушы антын қабыл алыңыздар.

Бәрі: Ер жетеміз, өсеміз,
Елге қызмет етеміз.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап миға тоқимыз.
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз.

Мұғалім:

Мектебің – алтын ұяң жарқыраған,

Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қағып,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған! – дей отырып, балаларымыз оқушы атына лайықты болып, ата-аналарын, ұстаздарын, құрбы – құрдастарын сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек болар деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!




































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее