«Зима 2025»

Түркістан. М.Айтхожина

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға күллі түркі халқының рухани орталығына айналған Түркістан қаласы туралы мәлімет беру. Оқушылардың сөздік қорын, көзқарасын және оқушыларды рухани дамыту; Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: АКТ, мәнерлеп оқу, баяндау,сұрақ- жауап, «Буклет», «Синквейн», диалог, «Иә, жоқ» кестесі

Сабақтың көрнекілігі: «Киелі Түркістан» бейнетаспа,

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет, ән-күй

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу І топ «Мәңгілік ел» ІІ «ЭКСПО 2017» ІІІ топ «Нұрлы жол»

Әр топ өз атауы туралы мәлімет береді

Бағалау парағын тарату

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 топ. Сахналық көрініс «Бетпақдала»

Автор-Алия

Батырлар – Алпамыс пен Ербатыр

Мерген- Алдияр

Хан –Жаслан

2-топ Туған жер туралы мақал- мәтел

1.Туған жерге туың тік. 2.Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті. 4.Туған жердің жуасы да тәтті. 5.Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

3-топ Сөзжұмбақ шешеді

Бүгінгі сендермен бірге танысатын тақырыбымыздың аты сөзұмбақта шығып тұр

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Ашық сабақтың тақырыбы : Түркістан. Марфуға Айтхожина

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға күллі түркі халқының рухани орталығына айналған Түркістан қаласы туралы мәлімет беру. Оқушылардың сөздік қорын, көзқарасын және оқушыларды рухани дамыту; Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: АКТ, мәнерлеп оқу, баяндау,сұрақ- жауап, «Буклет», «Синквейн», диалог, «Иә, жоқ» кестесі

Сабақтың көрнекілігі: «Киелі Түркістан» бейнетаспа,

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет, ән-күй

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу І топ «Мәңгілік ел» ІІ «ЭКСПО 2017» ІІІ топ «Нұрлы жол»

Әр топ өз атауы туралы мәлімет береді

Бағалау парағын тарату



II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 топ. Сахналық көрініс «Бетпақдала»

Автор-Алия

Батырлар – Алпамыс пен Ербатыр

Мерген- Алдияр

Хан –Жаслан

2-топ Туған жер туралы мақал- мәтел

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас.

3.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

4.Туған жердің жуасы да тәтті.

5.Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.



3-топ Сөзжұмбақ шешеді

Бүгінгі сендермен бірге танысатын тақырыбымыздың аты сөзұмбақта шығып тұр



III. Жаңа сабаққа көшу

«Киелі Түркістан» атты фильм көрейік

Өзім оқимын: Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.

-Бүгінгі сабағымызда қазақтың кең де қасиетті жеріне тағы бір көз жүгіртіп өтсек:

Күллі түркі еліне ұран болған Түркістан,

Бір көруге адамдар арман болған Түркістан,

Түркі тілдес елдерге тірек болған Түркістан

Мына екі дүниеге жүрек болған Түркістан

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Түркістан - Қазақстандағы қала. Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 225 км. Түркістан – V-VІ (5-6) ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ (6-8) ғасырлар-да Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV (14) ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.

- Балалар, сендер әлемнің жеті кереметі дегенді естіген боларсыңдар, ал бүгін біз Қазақстанның 7 кереметімен танысамыз. Біз әр тапсырманы орындаған сайын алдымыздан қазақстаның, қазақ халқының бір-бір кереметі ашылып отырады



1. Тапсырма: Өлеңді дауыстап оқыту (Әр топтан бір бала оқиды)

1-2 слайд ашылады (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі) мәлімет________________________

2 Тапсырма: Сөздік жұмысы: кіл – үнемі; өрелі – дамыған, өркендеген

3 слайд ашылады. Тастағы таңбалар ________________________



3 тапсырма «Қобыз» әнін тыңдайық (Аружан мен Асем)

4 слайд Қорқыт ата туралы мәлімет ________________________



4 тапсырма Сөздер тарату, Түркістан өлеңіне қатысты сөздерді теріп жапсыр

5 слайд Алтын Адам туралы мәлімет ________________________



5 тапсырма «Иә, жоқ» кестесін толтырамыз

6 слайд Бекет ата туралы мәлімет________________________



6 тапсырма 1-топ бүгінгі сабаққа қатысты диалог құрастырады

2-топ Оразақын Асқардың «Туған жер» өлеңін жатқа айтады

3 – топ «Синквейн» қолданып, 5 жол өлең құрастырады

7 слайд Киіз үй ________________________



7 тапсырма «Буклет» әдісімен сабақ бойы құрастырылған мәтінді жинақтап, тақтаға жапсырамыз.

-Міне, балалар сендер тағы да Қазақстанның үш бірдей қасиетті жерлері туралы мәліметті жинастырдыңдар. Биылғы ерекше жыл саналып отырған- «Рухани жаңғыру» жылында, біз де бүгінгі сабақта өзімізді рухани жағынан жаңғыртып, рухани байып қалдық.

8 слайд «Астана-Бәйтерек» ________________________



-Ал, енді балалар, бүгінгі сабақ кімге түсінікті, қызықты болды, кімге онша түсініксіз болды ол балалар өз қолдарындағы смайликтерін өзі тиіс деп санаған смайликке жабыстырады.

Үйге тапсырма: Қазақстанның қасиетті, киелі жерлері деректер жинастыру.

Бағалау парағын жинау, қорытынды бағаларын қою.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее