«Зима 2025»

Ұлттық тәрбие - Отбасынан басталады.

для учителя начальных классов классный час 3 класс

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Ұлттық тәрбие - Отбасынан басталады.

Мақсаты:

  • Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Ата - бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру.

  • Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

  • Оқушыларды халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім

Кіріспе сөз

II. Негізгі бөлім

1. Таныстыру

2. Көрініс

3. Шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым, тыйым сөздер

III.Қорытынды бөлім



I. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар , бүгінгі «Ұлттық тәрбие- Отбасынан басталады» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біз бүгін сіздермен салт-дәстүріміз туралы әңгіме қозғамақпыз.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі , яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін,тарихын білу. Оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз, осы халқымыздың аса қадірлі салт-дәстүрлеріне, тарихына, бізге қалдырған мұраларына арналады.





1. Аяжан

Армысың, аманбысың асыл халқым.

Әрқашан арта берсін сенің даңқың.

Ұмытпай қазағымның ата салтын

Әрқашан арта берсін сенің даңқың.

2. Ерасыл

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

3. Аяжан

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған,

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған

4. Ерасыл

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен,кіші . жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге

5. Аяжан

Өнерлі халық-өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Ұлттық тәрбие- отбасынан басталады» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

6. Аружан

Көк байрағым, ар-намысым, жігерім

Әнұраным қайрат күшім, тірегім.

Елтаңба-бүкіл елдің тарихы,

Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін

7. Шолпанай

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсе жүздер жарқын.

Салт дәстүрін бабамның үйреніңдер,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.



8. Ерасыл

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт дәстүрлер туралы қысқаша мәлімен беріп өтсек.

9. Айдана

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: Отау көтеру дәстүрі, отбасы, тұрмыс дәстүрі, еңбек дәстүрі, тәрбие дәстүрі, наурыз дәстүрі, қаза ғұрпы,

ислам тағылымы.

10. Айсұлу

Әр ұлттың діні мен сеніміне, тұрмыс,тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана-жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той. Кіндіккесер\салт\ - нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер \кіндік шеше\ дайын тұрады. Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу \салт\ -жаңа туған баланы бесікке салу.

11. Назерке

Бесік- қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару \салт\ - баланың туғанына қырық күн толған соң ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.Тұсау кесер \салт\- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б қолдану мен дәріптеуді- ғұрып дейміз. Ән "Жарасты жанұя"

12. Әлихан

Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар ат қою \ғұрып\. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.Айдар \ғұрып\ - балалардың төбе шашын ұзартып, өсіріп қояды.Бұл ер балаға ғана жасалады.Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл \ғұрып\- жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қояды.

13. М.Аяжан

Дәстүр- атадан балаға көшіп,жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Базарлық \дәстүр\ - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы. Байғазы \ дәстүр\ - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай немесе заттай сый.

14. Ыбырай

Тілашар \дәстүр\ - баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді.Мұны -тілашар той деп атайды.Жеті ата \дәстүр\-халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.Асату \ дәстүр\ - ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

15. Тоғжан

Шашу,шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық

16. Мұхамметжан

Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!

17. Гүлсім \әжей\

Ой айналайын, балам , бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінекей, сүйіншіңді ала ғой.

18. Ерасыл

Ой, қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші! Балаға қандай ат қойсақ болады екен? Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне берейік.

Балаға ат қою рәсімі жасалады.

19. Аяжан

Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты.Қызықты үзбей бесікке салу рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты сен қалай ойлайсың?

«Бесікке салу» рәсімі жасалады»слаид

20. Ерасыл

Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінгі жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.

«Тұсау кесу» рәсімі жасалады

Ән: "Қазақтың дәстүрлері" Орындайтын қыздар тобы

Әжей: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауыңды кесейін,

Күрмеуіңді шешейік.

Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.

21. Ерасыл

Баталы құл арымас

Батасыз құл жарымас

Батаменен жер көгереді,

Баламызға аталарымыз батасын берсін.

22. Заңғар бата береді:

Тұсауың кесілді, құлама

Тізеңді жаралап жылама

Құлындай құлдырап жүгірші,

Қанекей өзіңді сына да,

Секірсең құздардан сүрінбе

Шыңдарға шыққанда бүгілме

Болаттай қабырғаң қатайып

От ұшқын ойнасын түгінде

Ұзақ боп иншалла өмірің

Тасысын шаттықтан көңілің,

Жарқырап күн санап өсе бер

Жарқылдап семсердей сенімің, Аумин.

23. Аяжан

Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін кезекті танымдық ойынға берейік.Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтардың бетінде сан жазылған.Қоржыннан кез-келген бір асықты аласыңдар.Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Сол сұраққа толық жауап берілуі тиіс.Жүргізуші асықты алады,сол сұраққа балалар жауап береді.

24. 10саны Нұрәлі он ата шежіресін таратып беріңіз . Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жекжат, жұрағат, жұмағат.

25 Назерке үш саны

Үш мақсат .Жол мақсаты жету, дау мақсаты біту, сауда мақсаты ұту.Үш арсыз- ұйқы арсыз,күлкі арсыз,тамақ арсыз.Үш алыс- кәрі мен жас,жақсы мен жаман, алыс пен жақын. Үш би Төле би,Әйтеке би, Қазыбек би. Үш жүз : ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.Үш даусыз:міне, кәрілік,ажал.Жігіттің үш жақын жұрты: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

Үш арыс:Сәкен,Ілияс,Бейімбет.:Үш сауап: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Үш байлық: денсаулық, ақжаулық, он саулық.Үш тәтті: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

26. Ернұр

төрт саны. Төрт қонақ түрі: арнайы қонақ, құдайы қонақ,қыдырма қонақ, қалғыма қонақ. Төрт түліктің пірі: Түйенің пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі-Қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгі баба, қой пірі-Шопан ата,ешкі пірі-Шекшек ата.Төрт қымбат не?

Алтын ұяң –Отан қымбат,

Құт береке-атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

27. Елназ

Бес саны Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ. Бес асыл: Талап, еңбек,терең ой,қанағат,рақым. Бес байлық: әуелгі байлық- денсаулық, екінші байлық –еркіндік, үшінші байлық- тіл байлық, төртінші байлық – қайрат, күш,ақ жаулық, бесінші байлық – балаңыз.

28. Үмбет.

Бес қару: мылтық, садақ, найза,қылыш, айбалта. Бес жақын кімдер? Тату болса- ағайын жақын,

Ақылшы болса – апайың жақын

Бауырмал болса- інің жақын,

Инабатты болса- келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асың

Қимас жақын қарындасың

Үкілі Ыбырайдыңі әні: "Гәкку" Орындайтын - Бақытбек Айсұлу

29. Айым. Алты саны. Алты алаш деген кімдер? Алаш ханның балалары:Қазақ,Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылхан. Алты қиын: Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын

Іске аспаған серт қиын

Ақылынан адасып өзің түскен өрт қиын

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бас миың

30.Абдурахим Жеті саны Жеті жұт: құрғақшылық,мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел.Жеті күн: бүгін-дүйсенбі,ертең –сейсенбі, бірсігүні-сәрсенбі,арғы күні- бейсенбі,қасиетті күн-жұма,соңғы күн-сенбі,а зына – жексенбі.

31.М. Аяжан Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық. Жеті ата: әке, бала, немере,шөбере, шөпшек,немене, туажат. Жеті жетім: Тыңдаусыз қалған сөз жетім,

Қиюсыз қалған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім .

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім

Елінен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім

32. Ерасыл . Ата дәстүр абырой көтергенде

О бұл сөздер сүйектен өтер демде

Тоқталамыз енді біз уа халайық

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге .Сөздің көркі мақал деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді.Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.Екі жақтан жарысқа кім шығады?

33. Арыстан. - Ассалаумағалейкүм ,қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді дегендей» сәлем беруге келдім.

34. Аспандияр. –Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құры шықпа деген» тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти.

- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ, жайғасайық.

- «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.

-«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін?

- «Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой о, не дегеніңіз.

- «Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

- «Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады, жақсымен сөйлессең- көңілің ашылады» дегендей , көңіліміз марқайып қалды ғой.

-« Әңгіме әңгіме дегізер, ә ңгіме бұзау емізер» демекші , қой қайтайын мал келетін уақыт болды.

Ән: Қазақы дастарханым" Орындайтын қыздар тобы

43. Аяжан Мен- қазақпын, биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім. Балалар.бабамыздан бізге не қалған?

44. Арлан Шешендік сөз өнері,салт-дәстүрлер,ырымөтыйым сөздер.

45.Нұртілеу. Жаңарғаны санамның,

Ұмытады мұны кім

Ата баба дәстүрін

Жайып салар келді күн

46. Ерасыл Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі.

Өзіңе келер ұятын,

Өзі біліп тұрса игі деп Төле би айтқан екен.

47. Шолпанай. Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт береке атаң қымбат.

Асқар тауың- әкең қымбат.

Аймалайтын- анаң қымбат,

Туып өскен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

Өзің сүйген жар қымбат. -деп қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен.

48. Аружан. Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады-леп Әйтеке би айтқан екен.

49. Елназ Жәнібек халықты жиып:үш арсыз,үш ғайып,үш жетім борады .Соны кім табады –депте. Жиналған халық көп дағдарып,үш арсыз :ұйқы,күлкі.тамақ.

50. Ернұр Үш ғайып:қонақ ғайып,несібе ғайып,ажал ғайып деп шешіпті.Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

51. Тоғжан. Сонда Жәнібек хан: Елде келмеген кім қалды ?-деп сұрапты.Келмеген Қарабас шешен қалды – депті халық. Жәнібек хан Қарабас шешенді шақырып алып, жауабын содан сұрапты.

52. Айдана . Сонда Қарабас: Жетім үшеу емес , бесеу еді ғой депті де,Оты жоқ – жер жетім, басшысы жоқ – ел жетім, елінен ауған ер жетім, тыңдаусыз қалған сөз жетім,жоқтаусыз қалған қыз жетім депті.

53. Ыбырай. Ата баба ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.Ата бабамиыз кейбір сандарды қасиетті деп есептеген. Ол сандар 3, 5, 6, 7, 9 т.б. Үш байлық.Төрт мұрат.Бес қару. Алты парыз.

54. Назерке. Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты,

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

55. Ерасыл. Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайығ

Аңқау , ашық мінезім бар аңқылдақ.

56. Айша. Отан дейміз- от жаққан жерімізді,

Отан дейміз – өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

57.Аяулым Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін Қазақтан.?!

Қорытынды сөз : -21 ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры». Аңсарлы азаматтығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!21 - ғасыр азаматтың бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қаны тамған туған жерін,асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, бүгінімізді ертеңге жалғайтын , қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Бір шаңырақ астындағы ұлттар бірлігі Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып жатыр.Осы орайда айта кеткен жөн сияқты, сыныбымызда өзге ұлт өкілдерінің балалары да білім алып, қазақтың салт-дәстүрімен танысып, тәрбиеленуде. Бұл Елбасымыздың Мәңгілік ел бағдарламасы мен Рухани жаңғыру саясатының бір негізі. Осымен сіздерге арналған тәрбие сағатын аяқтаймыз.


Хор: "Әрқашан күн сөнбесін!"





























Алматы қаласы Әуезов ауданы

№141 жалпы білім беретін мектеп















Ашық тәрбие сағаты

« Ұлттық тәрбие Отбасынан басталады»

















4 «Д» сынып жетекшісі Омарова С.Т

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее