«Зима 2025»

"Ұстаз ұлы тұлға!" тәрбие сағаты

"Мен – елімнің патриотымын" тәрбие сағаты

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Ұстаз ұлы тұлға!

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Ұстаз ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Әр жанұяға береке,бірлік, табыс тілей отырып, тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Камила: Қош келіпсіздер, қадірменді ұстаздар. Шұғыла: Жүректеріңіз жырға, құшақтарыңыз гүлге толсын. Аружан: Есігін ашып сырлы әлемнің айқара, Таланттарды өзің ғана байқа да. Білім беріп жалықпастан балаға, Жүре берші, гүлдей болып жайқала. Айдана: О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге, Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде. Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз, Сая тапсын, ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде. (би - қыздар) Камила: Мұалім-ұстазысың балалардың; Болашақ ғалымдардың, даналардың. Өмірде сенің алар орыныңды Бірі де жеткізе алмас бағалардың. Шұғыла: Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Бойына құйдың ақыл, ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана (ән Ұстазым) Нұрбол: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін, Ұстаздың алып журген атын еркін. Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз, Жүректің алғысымен рақметін. Артық: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Ұстаз деген шуағы мол шапағат, Шаршамайтын шалдықпайтын тәйірі. (Қойылым математика пәнінен) Камила: Ұстаз деген ұстаз болып туғандар, Ұлылықты ұлықтаған имандар. Ұрпағының ертеңіне жол ашқан, Өмірінің өр шақтарын қиғандар. Шұғыла: «Ұстазым» деген ұлы сөз, Жүректің берген бағасы. Мұғалімөұстаз бола алса. Баланың көп қой данасы. (би Камила, Аружан, Шұғыла ) Дінмұхамед: Мөлдір бұлақ сәнденеді, Армандардың шулап жатыр нуымен. Ал баланың тәрбиесін беретін, Мерекенің шалықтаған күнімен! Тамирис: Аманат жүгін көтерген Ұстаздық оңай іс емес Шаршауын шәкірт өтеген Ұстаздар осал күш емес. (қойылым орыс тілінен)

Камила: Ұстаздың Көзінде жылылық бар Сөзінде ұлылық бар Мінезін осы бастан ұғынып қал! Жай ғана күлгені Ойлана біл дегені Сыйламай, ренжітіп жүрме оны! Шұғыла: Сені ұстазың Ұялтып терлеткенде Бетіне жел боп келме Өйткені ұстазыңды Сағына еске аларсың Ер жеткенде!!! (барлығы қосылып ән айтады «Ұстазым», сыйлық таратылады!) Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Ұстаз ұлы тұлға атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөлгендеріңізге көп рахмет!!!

Қиындыққа мойымай, аман есен болыңыздар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее