«Зима 2025»

Уақытты өлшеу. Секунд

Оқушылар уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы мағлұмат алады, уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтап, өміріміздің өзі уақытқа тәуелді екенін меңгеріп, оны тұрмыста қолдануға қалыптасады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Күні:

Пәні: математика Бекітемін:

Сынып: 2 «Ә»

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Тақырыбы

Уақытты өлшеу. Секунд.

Сілтеме

МАН, Орта мерзімді жоспар, оқулық. СТО стратегиялары 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы мағлұмат алады, уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтап, өміріміздің өзі уақытқа тәуелді екенін меңгеріп, оны тұрмыста қолдануға қалыптасады.

Барлық оқушылар:

Уақыт бірлігі – секунд туралы ұғым қалыптасады

Оқушылардың басым бөлігі:

Топ ішінде жұмыс жасай алады. Уақыт бірліктерін дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Атаулы даталарды біліп, қай күні екенін атай алады.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдай білуге , тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйренеді

Тілдік мақсат:

Оқушылар: уақыт – время –  time

Модульдері:


АКТ, СТО , ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп ҚМЖ жасалды.), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (топ ішінде оқушылар белсенділік көрсетеді. оқытуды басқару және көшбасшылық), ОБ (оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Уақытты үнемді пайдаланып, қадірін біл!»

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Оқушыларды топқа бөлу Психологиялық дайындық

2 мин

«EXPO 2017» логотип түсі арқылы топқа бөлінеді. Үш тармағындағы сұраққа жауап беру арқылы топ атауы анықталады. Оқушылар үш топқа бөлініп, өз ұрандарын айтады.

Көк – су энергиясы – «Талап» тобы – Талаптыға нұр жауар

Сарғылт – күн энергиясы – «Білім» тобы – Білімдінің күні жарық

Жасыл – жер энергиясы – «Атамекен» тобы - Отан отбасынан басталады.

  • Балалар, бұл бейнеден нені байқап отырсыңдар?

  • ЕКСПО 2017 - «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін кең көлемді халықаралық жоба. Ол ғылым мен техниканың озық технологиялары мен бүкіл әлемнің тарихы мен дәстүрі және мәдениетінің көрмесі. Ендеше біз де өз білімімізді көрсету арқылы үлес қоса отырып, «Уақытты үнемді пайдаланып, қадірін біл!» сөзін түсіне отырып сабаққа белсенділікпен қатысайық.

Барлық оқушы хормен:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Мен «Мәңгілік ел» көрдім.

Алдыңғы оқу

5 мин

Миға шабуыл әдісі арқылы өтілген тақырып бойынша тапсырмалар

500 см = 5 дм

78 см = 7 дм 8 см

6 дм 3 см = 63 см

425 см = 4 м 2 дм 5 см

70 дм = 7 м

Үй тапсырмасына берілген есепті жұп бойынша тексеріп, топ басшысы олардың жұмысын бағалайды.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

3 мин






3 мин


Сағат жүрісінің дыбысы естіледі. Оқушылар сыни ойлай отырып, бұл сағат дыбысы екенін анықтайды.

Сағат - тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал.

Ендеше балалар, біз бүгін сабақта не туралы біледі екенбіз?

№1. Бұл суреттерден нені байқап тұрсыңдар?

  • Ерте уақытта сағат болмағандықтан ата-бабамыз уақытты күнге қарап бағдарлаған. Сол сияқты күн сағат, құм сағат, кварц сағаты, механикалық сағат, электронды сағат түрлері бар екен.

  • Күн қай тұстан шығады, қай тұстан батады?

  • Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы, яғни таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері бір тәулікті құрайды.

  • Ал секунд бұл уақыттың ең кіші өлшем бірлігі. Сағат бізге уақытты өлшеу үшін қажет.Уақыт-өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалын сипаттауда және нәрселердің қозғалысын сипаттауға пайдаланылады. Келесі суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Ұшақ сағатпен; поезд тәулікпен; автобус сағатпен немесе минутпен; адамның дене қозғалысы секунд-пен; қойын кітапша аймен, жылмен өрнектеледі.

Мр3 – тикание часов







Слайд арқылы түсіндіру




Бағалау парағына топ басшысы бағалап отырады.

Сағат макеті.


  • Есіңе сақта!

60 с = 1 мин

60 мин = 1 сағ

24 сағ = 1 тәул.

100 жыл = 1 ғасыр

Дәптерге жазып алады

Ортасы

12 мин




















Сергіту сәті

2 мин













6 мин




№2. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып сөйлемдерді оқиды.

Біз – 21 ... өмір сүрудеміз.

Пойыз – 48 ... жолда болды.

Ұшақ – 3 ... ұшты.

Сабақтың ұзақтығы – 45 ... .

Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38 ... уақыт жұмсады.

№3. «Күннің көзін ашайық» ойыны бойынша әр топтан екі оқушы шығып орындалады.

  • Еліміздің Ата заңы күні қашан атап өтіледі?

  • Жеңіс күні ше?

  • Наурыз мейрамы ше?

  • Халықаралық әйелдер күні қашан?

  • Жаңа жыл қай айдан басталады?

  • Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата.

  • Сол сияқты 2016 жылдың 16 желтоқсанында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілсе, 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығына Алматыда қысқы универсиада өтеді екен...


Оқушылар орындарынан тұрып «Амандасу» түрлерін көрсетеді: бетпен, құлақпен, иықпен, т . с . с


№4. тақтадағы жұмыс

Есеп тақтада орындалып, талқыланады.

Үкі – 68 жыл

Аққу - ? 44 жыл қысқа

68 – 44 = 24

Ж: аққу 24 жыл жасайды.

Бүркіт – 46 жыл

Жапалақ - ? 31 жыл қысқа

Қарға - ? 44 жыл ұзақ

(46 – 31) + 44 = 59

Ж: қарға 59 жыл тіршілік етеді.

Топтық жұмыс

1 топ: 8 сәбіз - 2 қоян

2 топ: 6 машина – 3 бала

3 топ: 10 конфет – 2 ыдыс

Әр топқа ресурстар таратылады.








«Бұлтта» жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы «Күн көзі» ашылады.

Мерекелердің ерекшелігі мен мәні айтылып кетеді.






Оқулық




Тапсырмалар жазылған ресурстар беріліп топ ішінде талқылап постер жасайды, тақтаға шығып қорғайды.

Аяқталуы

6 мин


3 мин

Кері байланыс – «Ыстық орындық» әдісі бойынша уақыт/ ұзындық бірліктерін қайталайды.

Рефлексия – оқушылар «тазалық» ойыны арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


1 мин - Қосымша ақпарат: үйге №5 (189бет) шығармашылық тапсырма

2 мин - Бұл аралықта топ басшысының қалыптастырушы бағалауы арқылы мұғалім оқушыларға жиынтық бағы қойып отырады.

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Дүниетану пәні





































Сабаққа рефлексия



Жекелей жұмыс




Оқушыларды марапаттау





Топтық жұмыс

Ұстаздың сабақ өткізгенде негізгі басшылыққа алары; мақсатыма жете алдым ба, жоқ па деген сұрақ тұруы заңды. Мен 2 «Ә» сыныбында математика пәнінен «Уақытты өлшеу. Секунд.» тақырыбы бойынша сабақ өткізгенімде осы сұрақ көкейімде тұрды. Мұғалімдікте істегеніме 20 жылдай уақыт болса да, қобалжыдым. Бірақ сабаққа кіргенімде-ақ өзімді реттедім, барлығын ұмыттым, алдыда бір ғана мақсат, оқушыларым біліп шықса...

Сыныпты 3 топқа бөлдім де, өтілген сабақ бойынша алған білімдерін пысықтадым. Оқушылардан «топ ережесін» сақтауын өтіндім. Сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасы сұралды.

Аудиожазылым, слайд көрсету арқылы сұхбат –интервью әдісін қолдандым.Оқушылар оны тамашалау арқылы сабақ тақырыбын өздері ашты. Талантты дарынды балаларды оқыту модулі бойынша әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.

Сабақ барысында «Диалогтық оқыту әдісін» пайдаланып, мағынаны топтастыра білдік. Уақыт бірліктері туралы жауап алғаннан кейін, жаңа сабақты туралы білімдерін пысықтауға бағыттадым. Мұндағы мақсатым- оқушыларға тақырыпты өздері меңгеріп, талдап, қандай ой түйгендіктерін айтқыза отырып, өздері болжам жасай білуге, пікірлерін ашық та еркін жеткізуге дағдыландыру. Өзім жоспарлағанымдай, оқушылар уақыт, апта, ғасыр, секунд туралы білімдерін топ-топпен ынтымақтаса отырып талдап, мазмұнын ашып, тапсырмаларды орындау барысында топ басшысы бағалай отырып, тақырыпты емін-еркін меңгергендері мені қатты қуантты. Сонымен қатар «Аяқталмаған сөйлемдер» кезінде сыни тұрғыдан ойлануға қалыптаса отырып, сөйлемдерді дұрыс оқи алды, келесі кезеңде ұғымтал оқушылар мереке күндері туралы білімдерін ортаға салды. Ал топтық жұмыс кезеңінде үш топ жеке-жеке постер құрып қорғады. Әр топтың басшысы«Критериалды бағалау» бойынша өз тобындағы оқушылардың білімін бағалап отырса, өзім үш топты жеке-жеке бағалап, алған ұпай санын шығарып, орындарын анықтап бердім. Әр топ шығармашылық жұмыстарын «Аялы алақан» арқылы бағалады. Сабақты бекіту мақсатында «Ыстық орындық» айдарымен жылдам сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін көрсете білді. Әр топқа жауаптарына сәйкес смайликтер беріліп отырды. Менің ойымша, бұл сабақта үндемеген оқушы жоқ, әркім шамасы келгенше жеңіске ұмтылып отырды, тіпті көшбасшы оқушылар, «үнсіз» оқушыларды жетелеп, олардың да сабаққа қатысуына ықпал жасады. Сабақ соңындағы «Тазылық» ойынында 11 бала өз қоржынына салса, 15 оқушы әлі де уақыт туралы білерім алда деп ой қорытындылапты. Маған керек емес ақпарат нұсқасына еш бала смайлик жабыстырмапты. Себебі, 2 сыныпта оқыса да балаларым, уақыттың құнды екенін түсінеді екен…

7 модульді ықпалдастыра отырып жасаған сабағым мақсатына жетті. Олай дейтінім, оқушылар тақырыпты меңгерді,ойға алғандарым жүзеге асты, келесі сабақта олар алған ақпараттарымен бөлісе алды.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінен не білдім?

Сабақ барысында менің түсінгенім: «оқушыны қадағалау, себебі олар қалай оқыту керектігін өздері айтады» топтық жұмыстағы көшбасшылық, жеңіске деген ұмтылыс, бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін жұмыс жасайды. Постер жасаудағы қызығушылық, жаңа сабаққа деген ізденушілік, өздерін өздері бағалауы менің сабағымдағы оң өзгерістер болды. Ал келесі сабақтарда оқушыларды топ ережесін сақтауда жаңа тәсіл ойлап табуым керек болса, әлі де уақытты тиімді пайдалану үшін өз ізденістерімді жүргізу қажет екенін түсіндім.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы

«№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ

















Уақытты өлшеу. Секунд.

(2 класс. Математика)







Бастауыш сынып мұғалімі: Ж.А.Қапанова













2016-2017 оқу жылы



























Бастауыш класс мұғалімі: С.А.Ахметқұлова









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее