«Весна — лето 2024»

Уыапваврпеаовпкыуецецункгеаогеа

врварввраоровчрчвос

вакперпавыоапеоглрпавываперлшрпа

Олимпиады: ЗОЖ 1 - 4 классы

Содержимое разработки

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ







Реферат


тақырыбы:


«Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары»





Орындаған: Булижанов Е.


Тексерген: Саденова Б.Б.











Көкшетау – 2013 ж.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Тас дәуірі және оның кезеңдері

  2. Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары


Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

























Кіріспе


Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең.
3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі.
Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Мақсаты: Алғашқы адамдар тобырын зерттеу, оларлың ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыру.

Міндеттері: Әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінуі.


























1. ТАС ДӘУІРІ

.з.б. 2 млн.- 12  мың жылға дейін)


          Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері  және ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге бөлінеді.

Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады, себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.

                                                               

Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

Тас дәуірі Мезолит (орта тас дәуірі)

                                                             Неолит (жаңа тас дәуірі)    

              


ПАЛЕОЛИТ

Ежелгі  палеолит                                        Соңғы палеолит

(б.з.б. 2 млн.-140 мың жыл бұрын)         Орта палеолит      

(б.з.б.40-12 мың  жыл бұрын)

(б.з.б.140-40 мың жыл бұрын)

 

(б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар)

Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Біздің заманымыздан 100 - 80 мың жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат қалыптасты.

Ежелгі  палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың – 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).

Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады. 

        Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар) дәуіріне жатады.

 

ОРТА ПАЛЕОЛИТ( мустье )

(б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі басталды)

       Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.

        Өзгерістер:

· ауа – райы салқындады

· тау түзілу құбылысы жүрді

· мұз басу нәтижесінде өзен – көлдер өзгеріске ұшырады

· үлкенді – кішілі өзендердің арналары қалыптасты

Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас, балта.

Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.

Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей алмаған.

Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы, Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы  Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және 2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары кездеседі.




КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ

(б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын)


Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.

Тұрпаты:

Ш маңдайы жазық.

Ш қабақ үсті шығыңқылау.

Ш мұрыны кішірек.

Ш бас сүйегі сопақшалау.

Ш иегі айқын.

Ш шекелі.

Ш бас сүйегі – 1500 – 1800 смі.

Ш бойы биік – 168 – 194 см.

Ш аяқтары ұзын, тік жүрген.

 

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі – аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.

Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның  бірлескен ұйымының алғашқы түрі­ рулық қауым болды.

Саналы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымен, рулық қауымның қалыптасуы үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды. Соныме, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.

Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін – символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магия алғашқы өнер болып табылады. Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын , аналық қасиетті бейнеледі.

Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі  өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршақтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.

Еңбек құралдары: пышақ тіліктер, шақпақ тас пен яшма.

 

МЕЗОЛИТ  ДӘУІРІ

(б.з. б. 12- 5 мыңжылдықтар, 10-шы мыңжылдықта мұз басу дәуірі аяқталды).

 

Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады.  Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.

Өзгерістер:

·      ауа – райы күрт жылынды;

·      мұздар еріді;

·      шөбі мол далалардың көлемі азайды;

·      жануарлар құрып кетті;

·      адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.

 

Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің  жойылуы  тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.

Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.

Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.


НЕОЛИТ ДӘУІРІ

(б.з.б. 6 – 5 мыңжылдықтар)

  

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды.

Өзгерістер:

· адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады.

· қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған.

· тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады.

· тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен – дән үккіштер жасады.

· жаппай отырықшылыққа көшу басталды.

· кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды.

 

Неолит дәуірі – тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық  әдістер – арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.

Еңбек құралдары:  тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар

          Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды.  Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. 

Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.

 

 

ЭНЕОЛИТ

(мыстас ғасыры – б.з.б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар)


Энеолит – тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы археологиялық өтпелі кезең. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Жалпы алғанда тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Бірақ бір жағынан тас индустриясы жоғары деңгейде де дами түсті.

Өзгерістер:

· жалпақ түпті, өрнегі бар керамика

· ұсақ қалақша

· тұрғын үйлер

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: энеолит дәуірінде климаттың ылғалды болуы ірі сүтқоректілер санының өсуіне әкелді. Әсіресе, жылқы көбейді. Бұл түрдің экологиялық тепе-теңдікті бұзбай күрт көбеюі , аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздерінің көшіп жүрген аумақтарын қысқартуы, отырықшылыққа ауысуына әкелді.

Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп, жұмыртқа сияқты жабық түрде істелінген. Оған ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек салынған. Сонымен қатар, қарапайым геометриялық өрнектер де қолданылған. Әшекей бұйымдары ретінде теңіз молюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтар мен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ жасаған.








  1. Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары


ЕЖЕЛГІ ПАЛЕОЛИТ

Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы, Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған, Ақ көл 1 тұрақтары, Шу өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы, Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы, Жезқазған қаласының маңындағы Жаман-Айбат және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары.

Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас.

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды. 


ОРТА ПАЛЕОЛИТ( мустье )


Ескерткіштері:

1.Шолаққорған қалашығының  батысындағы Ащысай тұрағы. Бұл жерден 15 от орны анықталды.

2.Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан қырғыш тастар, сүңгі ұштары табылды.

3.Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар жиналды. 

4.Шығыс Қазақстан территориясында – Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское, Шүлбі тұрақтары.


МЕЗОЛИТ  ДӘУІРІ


Ескерткіштері:

1.   Солтүстік Қазақстанда – шағалалы мәдениеті (Виноградовка – 2а,12 тұрақтары)

2.   Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды – 15 тұрақтары

3.   Оңтүстік Қазақстанда – Жаңа шілік, Маятас тұрақтары

4.   Батыс Қазақсстанда – Дүзбай – 6, Дачная, Евгеньевка тұрақтары

 


НЕОЛИТ ДӘУІРІ


Ескерткіштері:

Батыс Қазақстан – келтеминар мәдениеті (б.з.б. ІҮ мыңжылдық аяғы –ІІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық –1.

Солтүстік Қазақстан –1) атбасар  мәдениеті (б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы – ҮІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1,10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.

2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.

Шығыс Қазақстан – усть-нарым мәдениеті.

Орталық Қазақстан – Жасыл Балка, Қарағанды-15.

Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі тұрақтар. Өзен мен көл жағасындағы тұрақтарда адам өмірінің заттары жиі кездеседі. Бұл мұнда адамдардың түпкілікті және тұрақты өмір сүргенін дәлелдейді. Ал бұлақ бойындағы тұрақтар маусымдық болып есептеледі. Себебі, мұнда аңшылар тұрақтаған.



ЭНЕОЛИТ

Ескерткіштері:

Солтүстік Қазақстан – Ботай мәдениеті (б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықтар). Негізгі тұрақтары: Ботай, Красный яр, Васильков-4.

Орталық Қазақстандағы негізгі тұрақтар: Бестамақ, Тұздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай-3.













Қорытынды


Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптарпитекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды.




























Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.“ Қазақстан тарихы” 3 том Алматы 2002жыл.

2. Қазақ ССР тарихы 5 том Алматы 1985 жыл.

4. Нығмет Мыңжан “ Қазақтың қысқаша тарихы, Алматы, 1992

5. А. Сабырханов “ Ұлы бетбұрыс” А, 1981

6. Маданов, Мусин “ Ұлы дала тарихы” Алматы, 2000

7.Х. Маданов “ Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері” Алматы, 1980

8. Нәбижан Мұқаметқанұлы “ Тарихи зерттеулер” А 1994

9. Нәбижан Мұқаметқанұлы “ XVІІІ -XX ғасырлардағы Қазақ-Қытай
байланыстары А 1996ж

10.М. Қозыбаев “ Өркениет және ұлт” А, 2001

11.Ә. Жансейітов “ Маслихат төбелер тарихынан” А., 2005 ж.

12.С. Жолдасов “ Бірліктің басы болған Ордабасы” Алматы, 1995

14. Д. Жамбылов «Тәуелсіздік және саяси сана» Алматы, 1999

15. М.Мағауин. «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы 1995.

14

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее