«Зима 2025»

Үздік сынып жетекші

Аннотация

«Сыр – Алаштың анасы. Тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың үш астанасы болған: Жент, Сығанақ, Қызылорда. Сыр өңірі Қорқыт бабаның, Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейлері Кердері мен ғұлама Тұрмағамбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, Әбдіжәміл мен Қалтайдың және көптеген аруақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі. Сонан да Қызылорда күллі қазақ үшін қасиетті ортақ жер». Н.Ә.Назарбаев.

«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі. Қазақтың байтақ даласына қарап Алла Тағаланың өзі қазаққа пейіліндей дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан құлан даланың қай тұсын болмасын Жерұйық дерсің… Сыр елі де – сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен.

Көненің көзі болған көрікті қала

Жазса Тарас Днепрді, Жазса Пушкин Еділді. Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді.-Әбділда ТӘЖІБАЕВ

Иә, қызылордалықтар сырғып аққан Сырымен мақтанады. Сырдарияның бүгіп жатқан сыры да мол сынды. Ол көне грек тілінде Яксарт деп аталса, ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен Сейхун деп аталған. Тарихшылар­дың айтуынша, Ескен­дір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өткен екен. Міне, сан тарихтың куәсі болған Сыр өзені – бүгінде барша Алаштың мақтанышы. Сырдың бойын жағалап, сыр бөліссең, Сыр сенің сырыңды ұғар сырласың, мұңыңды шағар мұңдасың, тіпті жаныңа медеу жолдасың да бола алады. Ендеше, қай-қайсысыңыздың болмасын Сырға жолыңыз түссе, Сыр суымен сырласыңыз. Қимастықпен қоштасарыңыз анық.

Кіріспе

«Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында: «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Соның ішінде Қызылорда қаласы өте киелі жер. Бүгінгі «Туған жерге тағызым» жобасы аясында өткізгелі отырған «Туы биік, тұғыры берік -Сыр елі» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі. Бүгінгі сабақта Туған жеріміздің тарихы жайында толық мәлімет алатын боласыздар. Міне балалар, біздің Қазақстанымыз туған еліміз егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды. Адамның өз туған жері өзіне ыстық болады. Себебі дүниеге келген сәттен бастап, туған жердің табиғаты, ауасы, қоршаған орта баурап алады. Адам өз туған жерінің тарихын білу міндетті. Қызылорда облысы сыр елі деп аталған себебі күріш, бидай, дәнді-дақылдар егіп кәсіпке айналдырған.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
















Тақырыбы:

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА »











Орындаушы: «№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің»

9 сынып оқушысы Қалықберген Әміре Қайнарұлы


Жетекші: «№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің»

тарих пәнінің мұғалімі Мұратаев Бекжан Кеңесұлы











Шиелі-2018


Аннотация


«Сыр – Алаштың  анасы. Тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың үш астанасы болған: Жент, Сығанақ, Қызылорда. Сыр өңірі Қорқыт бабаның, Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейлері Кердері мен ғұлама Тұрмағамбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, Әбдіжәміл мен Қалтайдың және көптеген аруақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі. Сонан да Қызылорда күллі қазақ үшін қасиетті ортақ жер».  Н.Ә.Назарбаев.

«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.
Қазақтың байтақ даласына қарап Алла Тағаланың өзі қазаққа пейіліндей дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан құлан даланың қай тұсын болмасын Жерұйық дерсің… Сыр елі де – сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен.

Көненің көзі болған көрікті қала

Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді.
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді.-Әбділда ТӘЖІБАЕВ


Иә, қызылордалықтар сырғып аққан Сырымен мақтанады. Сырдарияның бүгіп жатқан сыры да мол сынды. Ол көне грек тілінде Яксарт деп аталса, ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен Сейхун деп аталған. Тарихшылар­дың айтуынша, Ескен­дір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өткен екен. Міне, сан тарихтың куәсі болған Сыр өзені – бүгінде барша Алаштың мақтанышы. Сырдың бойын жағалап, сыр бөліссең, Сыр сенің сырыңды ұғар сырласың, мұңыңды шағар мұңдасың, тіпті жаныңа медеу жолдасың да бола алады. Ендеше, қай-қайсысыңыздың болмасын Сырға жолыңыз түссе, Сыр суымен сырласыңыз. Қимастықпен қоштасарыңыз анық.

Кіріспе

«Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында: «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Соның ішінде Қызылорда қаласы өте киелі жер. Бүгінгі «Туған жерге тағызым» жобасы аясында өткізгелі отырған «Туы биік, тұғыры берік -Сыр елі» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі. Бүгінгі сабақта Туған жеріміздің тарихы жайында толық мәлімет алатын боласыздар. Міне балалар, біздің Қазақстанымыз туған еліміз егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды. Адамның өз туған жері өзіне ыстық болады. Себебі дүниеге келген сәттен бастап, туған жердің табиғаты, ауасы, қоршаған орта баурап алады. Адам өз туған жерінің тарихын білу міндетті. Қызылорда облысы сыр елі деп аталған себебі күріш, бидай, дәнді-дақылдар егіп кәсіпке айналдырған.

Сыр өңірі – жыр сүлейлері шыққан киелі өңір. Сол себепті де «Сыр елі – жыр елі». Мұнда жыраулық дәстүрдің мектебін қалыптастырған Ешнияз сал, Шораяқтың Омары, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Даңмұрын, Нартай, Нұртуған, Әзілкеш Шымырұлы, Құлан Алдабергенұлы, Қаңлы Жүсіп сынды тұлғалар Сырдың даңқын асырды, мәртебесін арттырды. Сыр елі – қазақтың кемеңгері, от тілді, орақ ауызды шешенінің бірі Әйтеке бидің, туған жерін жаттан жан аямай қорғаған Жанқожа, Көкен, Жанназар, Бұқарбай сынды хас батырлардың, азаттықты аңсаған, ұлтын сүйген азамат Мұстафа Шоқайдың Отаны. Бұл жерден шыққан кәсіби ақын-жазушыларды сөз еткенде ең алдымен ауызға ілігері – Әбділда Тәжібаев. Жұбан Молдағалиев: «Әбділда Тәжібаев туралы сөз болғанда екі дария көз алдыңа келеді. Бірі – Сырдария. Ғасырлар бойы ел мен жерді емізіп, нұр мен нуға ене болып келе жатқан дария. Екінші дария – жыр дариясы… жыр дариясы ұшы-қиырсыз қазақ даласын ғана суарып жатқан жоқ, жер-жердің, ел-елдің поэзия мұхитына құйып жатыр. Оның аты – Әбділда Тәжібаев», – деген еді. Осындай ұлы ұлдар тудырған Сыр топырағы­нан Мұхамеджан Қаратаев, Асқар Тоқмағамбетов, Қалтай Мұхамеджанов, Әбдіжәмил Нұрпейісов сынды тұлғалар шыққан.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.


 Топырағын түртіп қалсаң, тасын төңкеріп қарасаң қарт тарихтан хабар беретін қазақтың қазыналы жерінде талай дүние тұнып жатыр. Алаш алаш болғалы қазақтың төрт астанасы орын тепкен Сырдың бойында да өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Бұл атыраптың әр төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Ал осыны алты құрлыққа айшықтау, дәуірдің жауһарындай дәріптеу біздің мойынға артылған асыл парыздың бірі болса керек. Оның үстіне, ұлттық рухтың көсегесі көгерсін десек, осынау жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа басы бүтін аманаттау да жауапты іс. Бұл орайда Сыр елінде аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Соның бірі «Сыр – Алаштың анасы» атты экспедиция еді. Жалпақ жұртқа аймақтың сүбелі тарихын тарту етуді көздеген жоба жеті аудан мен Қызылорда қаласындағы тарихи, мәдени мұраларды, көрнекті жерлері мен өндіріс ошақтары қамтылды. Экспедиция жұмысы 21 күн­ге созылып, қарт Қаратаудан бастап құланы жүйткіген Барсакелмес қорығына дейінгі аралықты толық қамтыды. Қадымнан қалған қолтаңба
 

Зерттеу мақсаты.


Сыр өңірі – белгілі бір дәстүрдің ғана жеке дамыған жері емес, тоғыз жолдың торабы, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке. Сол себепті өңірде өмір сүрген жырау, жыршы, ақын, күйші, әнші, сал – серілер шығармашылығы әлем әдебиетінде сирек кездесетін құбылыс ретінде өзіндік сипаты басым өнер түрі есебінде айрықша назар аударады. Сыр елінде өмір сүріп, аты үш жүзге мәлім болған ақын – жырауларымыз ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой – өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған. Бұл жырлар ұлтымыздың болашағына үлгі - өнеге ретінде жол салған. Атадан балаға мұра болып келе жатқан жыраулық өмір арқылы жақсылық, ізгілік туын жоғары көтеріп, жастарды адамгершілікке, гуманизмге, еңбек етуге үндейтін толғау-термелер де игі қасиеттерді көңілге тоқып, зердеге сіңіруге баулыған 

 

II. Негізгі ой

1)Сыр елінің тарихы

2)Сыр елінің мәдениеті

3)«Сыр Ана» стеласы

Қазақ тарихында өзіндік үлкен рөл атқаратын қаланың тарихы да тереңде жатыр. Сонау 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында бой көтерген алғашқы қорған Ақмешіт болып аталады. Кейіннен, яғни 1853 жылы шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Содан соң қала Перовск атанып, 1867 жылы Сырдария уезінің орталығына айналады. Міне, осыдан соң қалада мәдени орталықтар мен үлкен жұмыс орындары бой көтере бас­тады. Теміржолдар пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1922-1925 жылдары қала қайта Ақмешіт атанды. 1925 жылы қазақтың орталығы болған қала Қызылорда атын иемденеді. Яғни бұл қала қазақ халқының алғаш рет «қазақ» атануының тарихи куәгері болды.
Сонау 1920 жылдары Орынбор қазақтың бірінші астанасы болғаны баршаға аян. Бірақ қашықтан ел басқару қолайсыз болды. Сондықтан да қазақтың сол тұстағы біртуар ұлдары алты Алаштың астанасы болуға лайық орталық іздеді. Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов сынды қоғам қайраткерлері қазақтың астанасы орыстың туы тігілген қаладан гөрі қазақтың иісі аңқыған, ұлттық болмыс-нышаны көрінген киіз үйлі ауылында болғанын артық көрді. Ақыры келісіле отырып қазақтың астанасы болып сол кездегі Ақмешіт қаласы бекітілді. Әу баста өзге ұлт өкілдері астананың Орынбордан Ақмешітке ауыстырылғанында «…қа­зақтар құмға көшіп барады» деп кекет­кен де еді. Бірақ қалың қазақтың ортасы, то­ғыз жолдың торабы, Ұлы Жібек жолының бойы болғандықтан осы қала таңдап алынды. Астана мәртебесіне қол жеткізген қалада түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргесі қаланды. Қалада 1920 жылдың 13 қаңтарында алғашқы қазақ драма театрының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды.
Мұнан өзге түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен техникумдар бой көтерді. «Еңбекші қазақ», «Казахстанская степь» газеттері де осында жарық көрді.
Әрине, тақыр жерге қала тұрғыза салу бір күннің жұмысы емес. Бұл та­бандылықты талап етеді. Десе де, сол тұстағы большевиктердің оптимизмі таңда­нар­лықтай еді. Олар жоқтан бар құрап, өздері де түсініп болмайтын, қиялға бергісіз қоғам орнатуға даяр болатын. Сондықтан да қараша ауылды салтанатты қалаға айналдырудың бас жоспары қолға алынды. Қаланың сызбасын жасауға білікті мамандар тартылды. Олардың қатарында мәскеулік профессор, инженер-конструктор С.А.Фельдмен мен В.Н.Львов, қазаққа аты мәлім тұңғыш инженеріміз Мұхамеджан Тынышбаев та болған еді. Міне, осындай қауырт жұмыстың нәтижесінде қала қарыштап дамыды. Тіпті оны алғаш «Мәскеу сынды мәртебелі қаланың қатарына қосылады» деген де. Әрине, ол солай болды. Қазақтың астанасы Қызылорда сол тұстағы қазақтың «Мәскеуі» болды. Бола да бермек.

Абыздар атырабы

Қазақтың даласы әулиелерге, батырларға, би-шешендерге, сахабаларға бай өлке. Сол өлкенің бірі Оқшы ата кешенінде Асан қайғы атамыздан бастап Есабыз, Бала би, Ғайып ата, Қыш ата, Мұстафа Шоқайдың атасы Торғай датқа жатыр. Топ мүшелері киелі жерде болып, абыз-әулиелердің басына құран бағыштады. Оқшы ата мазараты Түркістаннан бұрын қаланған ертеректегі үлкен пантеон болған. Қасиетті орын Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекенінің жанында орналасқан. Өз заманында Оқшы ата қару-жарақ дайындайтын ұста әрі ерекше дарынға ие қасиетті адам болған екен. Азан шақырған есімі Ибраһим, кей деректерде Көгентүп делінеді. Х ғасырға жататын бұл мазарат аймақтағы ерекше маңызға ие жердің бірі. Бәйгеқұм ауылындағы Қанқожа көлі – туристік аймаққа сұранып тұрған демалыс орны. Ұзындығы 35 шақырым, ені 1,5 шақырымды құрайды. Демалыс аймағында бір маусымда 30 мың адамға дейін жиналады. Қамбаш көлінен кейін үлкен аумаққа ие Қанқожа көлі болашақта аймақ туризміне жаңаша серпін беретін жобаға айналатынына сенім мол. Шиелі, Жаңақорғаннан кейін экспедиция Сырдария ауданына бет түзеді. Қашанда гүл-желегі жайқалған Нағи Ілиясов ауылы бар жасауымен жайнап тұр. Топ мүшелерін жарқын көңілмен қарсы алған ауыл тұрғындары ізгі тілектерін айтып, ақжарма батасын берсе, «Ақ әжелер» ансамблі жырдан шашу шашты. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы Сырдария сапарында аудандағы көрікті орындар мен тарихи маңызы бар Сырлытам, Мүлкәлан әулие, Қалжан ахун мешіт-медресесіне ат басын бұрды. Алдымен Іңкәрдария ауылында орналасқан Молқалан (Молла-Қалан) кесенесіне кіріп, құран бағышталды. Ежелгі озық ойлы әулие-әмбиелер жайында аңыздарға қанықты. Қызылқұм жеріндегі Сырлытам кесенесі көне тарихтың куәсін қойнына жасырған ескерткіштің үлкені. Қарахан кесенесінен кейінгі Сыр еліндегі ортағасырлық сәулет ескерткішіне жатады. Тарихқа шегінсек, Хазар теңізінің жағалауын Қаңлы, Кердері, Дай ұрпақтары, кейінірек түрікмендер мен қарақалпақтар мекендеген. Кейбір дерек көздерінде Қамбар батыр мен Алпамыс батыр да (Бәміш) Сыр бойында туған делінеді. Қорқыт ата жырларындағы Қазан Салар, Бәміш, т.б. кейіпкерлер тарихта болған, Сыр бойында өмір сүрген адамдар. Баршын қыздың атымен аталған Баршындария Жетікөлден басталған көрінеді. Қазіргі Сырлытам ескерткіші осы Баршын қыздың құрметіне салынған-мыс. Сыр елінде екі Сырлытам бар. Бірі Қармақшы ауданында, екіншісі Сырдария ауданының Іңкәрдария ауылынан 29 шақырым жерде орналасқан. Көрнектірегі де осы. Сырлытам аталып кеткен Баршын қыз мазарының тарихы сонау ХІІІ ғасырдан басталады. Ескерткіш портал күмбезді, шаршы үлгімен, қызыл кірпіштен тұрғызылған. Биіктігі 10 метр шамасында. Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Сырлытам кесенесі ағашсыз салынған екен. Күмбездің бағаналары мен олардың арасына салынған бейнелер қазақтың ою-өрнегіне ұқсайды. Кірпіштері өте жұқа, шертсең, сыңғырлап тұр. Мазардың іші мен сыртындағы бейнелер мен белгілер бұл бейіттің қызға арналған ескерткіш екенін дәлелдей түседі. Ескерткіштің маңдайшасында «Ғамал Жай лахат» деген жазу болған. Бүгінде ол жазудан жұрнақ қана қалған. Бұл мазардың құнды сәулет ескерткіші екенін жете түсінбеген кейбіреулер түрлі нақыштарды бұзып әкеткен. Күмбез жанында төртқұлақты бейіт бар. Сырлытам мазарының ішінде сегіз қабір жатыр. Олар жайында: «Бәмсінің 7 қарындасы болған, сегізіншісі – әйелі Баршын (Бәну-шешек) болуға тиіс», – деп жазады түркітанушы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев. 19-шы ғасырдың ғұламасы, ағартушы Қалжан ахун Бөлекбайұлының медресесі Тереңөзек кентіне жақын жерде орналасқан. Өзі ғалым әрі діни ағартушы болған ол араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, Хиуа мен Бұхарада (Көкілташ медресесі) жоғары білім алып, ағартушылық қызметтермен айналысқан. Ислам дінін насихаттаумен шектелмей, өз шәкірттерін Шығыстың ғылыми және рухани бай мұрасымен де таныстырған. Ол халық арасында ақын және қоғам қайраткері ретінде де белгілі. Оның бастамасы бойынша 1916 жылы медресе тұрғызылды. Бұл жерде медреседен өзге ішкі кірпіштен тұрғызылған Қалжан ахунның өзі тұрған үйінің де орны бар.


Мәдени мекен

Ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи тұлғалардың танылуына, архитектуралық, археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай дүниесіне ұмтылысы күн санап өсіп келе жатыр. Зұлмат замандарды, жойқын соғыстарды басынан кешіріп, бүгінгі күнге қабырғасы сөгілмей жеткен Сыр өңірі көне дәуірлерден мәдениет оша­ғының ордасындай болғаны ақиқат. Бұл сөздің шындығына сапар барысында көз жеткіздік. Ел аңызында Сыр өңіріндегі шаһарлы мекенжайлардың көптігі соншалық, Шыназдан шыққан лақ шатырдан шатырға секіріп отырып, Арал теңізіне дейін жетеді деген әфсана бар. Бұл теңеудің тегін айтылмасы белгілі. Дегенмен, түсірілім тобының зерттеулері нәтижесінде Сырдария өзенінің оң және сол қанатында қала мәдениетінің қалыптасқандығына көзіміз жетті. Экспедициялық топ Жалағаш ауданында Бұхарбай батырдың ескерткішіне, музей үйіне және мешітінде болып, батыр ұрпақтарымен салиқалы сұхбат құрды. Ал Таң ауылындағы Әбжәли ишан мешіті жуырда ғана қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне беріліпті. Осы ауылдың тумасы, елжанды азамат Имамзада Шағыртаевтың демеушілігімен қайта жаңғыртылған имандылық үйі бүгінде жамағаттың қуанышына айналған. Ауыл қарияларының айтуы бойынша, мешітті Әбжәли ишанның өзі сол кездегі Қызылорда темір жол вокзалы ғимаратын тұрғызған ақмешіттік Нұрмұхаммед деген ұстаға қалатқан екен. Мешіт сол маңда өмір сүріп, бүкіл ғұмырын балаларды мұсылмандыққа оқытуға арнаған, жергілікті халықтың діни сауатын ашуға көп еңбек сіңірген Әбжәли молданың атымен аталады. Көнермес мұрасы мен тарихы мол Жалағаш ауданында Қосабыл асар, Үңгірлі асар, Моншақты асарлар – Қаңлы кезеңінен келе жатқан керемет жоталар. Биіктігі 15-20 метр болатын асарлар зерттеу жұмыстарына сұранып тұрған жәдігерлер. Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата кешені – облыстың туристік картасына енген бірден-бір үлкен нысан. Және түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата мазары да тарихи мұрамыздың сүбелі бөлігі. Сонымен қатар, антикалық ескерткіштер Бұланды, Шірік Рабат сияқты асыл қазыналарымызды туристерге танытуға Қызылқұм аймағындағы жол нашарлығы және ұзақтығы кедергі болғаны бол­маса, ғалымдардың назарын бұрып отырған, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескерткіштер болашақта туризм саласын дамытудағы өз мәртебесіне ие болады деп сенеміз. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы Қармақшы топырағындағы Жетіасар мәдениеті жөніндегі мәліметтер базасын да кеңейтті. Осы арқылы біз басқан асарлардың ең үлкені рес­публикалық маңызға ие тарихи-мәдени нысан саналатын Алтын асардың ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кетуге мәжбүр болған деседі. Қаралы асар, Жалпақ асар, Құрайлы асар, Базар асар және Томпақ асар, Шірік Рабат атанған қалашықтар және Бәбіш мола кешені, Баланды, Сеңгір там қылуетінің тарихи маңызы жөнінде ертеректе аймақты зерттеуге келген орыс ғалымдары И.Левина мен С.Толстовтың еңбектерінде кеңінен зерттелген. Бір әттеген-айы, қазба жұ­мыстары мен құндылықтар Ресей асқан... Сол жә­дігерлерге тіл бітсе, көне тарихтан мол сыр шертер еді-ау. Сыр өңірі Сақ-апасиактар астанасы Шірік Рабат, Оғыз тайпаларының астанасы – Жанкент, Хорезмнің шеткі аймақтарын басқаруда орталыққа айналған Жент, Ақорда астанасы Сығанақ сынды қалаларымен атағы алысқа жеткен. Экспедиция мүшелері сапар барысында осындай қала құрылыстарын, сәулет ескерткіштерін сақтау, қамқорлыққа алу келешек ұрпақ үшін маңызды екеніне тағы бір көз жеткізді. Олардың бүгінгі сақталу деңгейі, қорғалу аймағының ескерілмеуі, тіпті бұзылып кетуі кімді болса да алаңдатады деген үміттеміз. Ертеңгі күнге қойылар талап көп, ескерілер жағдай қаншама?!

Дархан дала тұлғалары

Елбасы «Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады»,– деген болатын. Осыны негіз тұтатын «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы қазыналы Қазалы топырағына аялдады. Әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі, сара жолы болады. Ұлы Жібек жолының бойындағы Жанкент, Мыңтөбе, Күйік Қала, Кескен Күйік секілді ертедегі қалалар саф алтынға бергісіз тарихи сырларды бүгіп тұр. Сараман-Қоса, Орақ, Бегім Ана, Ұзынтам, Сарыбайқазған, Қазанғап сияқты жаугершілік заманда белгі беру мақсатында тұрғызылған тарихи мұнаралар мен Құттыбай, Сырлытам, Бақа би, Кәрібай, Найзағұл, Жанқожа кесенелері, Дөңқазған, Үшназар, Қосым әулие, Жабағылы, Әулиетөбе және Манас мазараттары сынды әр заманғы тарихи-сәулет ескерткіштері бүгінгі күнге жетіп, ұрпақтарын ұлы тарихтың сырына үңілтеді. Халықты қан қақсатқан басқыншы қоқан-хиуалықтармен, жасы сексеннен асса да отаршыл орыс басқыншыларымен жан аямай күрескен Жанқожа батыр осы өңірден бастап аттан түспей, Ақмешіт бекінісіне дейінгі жерлерді озбыр жаудан азат еткен. Батыр кесенесі аудан аумағында, биік ауқымды төбе басында орналасқан. 2011 жылы баба кесенесіне жөндеу жүргізіліп, тұғырлы тас-белгі орнатылды. Қазалы қаласындағы біртуар жарық жұлдыз Ғани Мұратбаев оқыған мектеп үйі, Ноғай, Ғанибай бай, Қожаназар, Әзілхан ишан мешіттері, теміржол мәдениет үйі мен ерекше сәулет үлгісіндегі вокзал, ескі қаладағы ғасырмен құрдас тұрғын үйлер және Қазалы локомотив зауыты кез келген адамды еріксіз өткен күннің тұңғиығына бойлатып әкетеді. Ежелгі Жанкент, Мыңтөбе қалашықтары, Құттыбай, Келімбет, Сырлыбай мавзолейлері мен Сараман-Қоса және Ұзынтам мұнаралары – Қазалы ауданының бүгінгі күнге жеткен мақтаныштары. Қазақ халқының төбе билерінің бірі – Әйтеке биге арналған ескерткіш кент қақпасы теміржол маңында орналасса, қазақ жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев ескерткіші өзі атындағы ауылда орын тепкен. Сараман-Қоса мұнарасы ХVІІІ ғасырдағы сәулет өнерінің қайталанбас туындысы. Сараман есімді жігіт пен Қоса деген қызға қойылған белгі. Бiр деректе, Жент қаласын билеген ханның баласы Сараман мен жарлы жiгiт Қосай дос болыпты дейді. Екi дос жер көрiп, ел тану үшiн ханнан рұқсат алып, Қуаң мен Сырдариядан өтiп, Арқаға қарай жылжиды. Бiр күнi Тасбұлақ деген шағын таудан ағатын Талдысай өзенiнiң жағасындағы ауылда үлкен қыз ұзату тойына тап болады. Бесiкте айттырған байдың баласына ұзатылғалы жатқан қызбен Сараманның көңілі жарасып, бiр-бiрiмен үнсiз ұғысып, ақыр соңы қашуға бел буады. Сараман мен Қоса аттары болдырғанша шауып, түн жүрiп, күндiз демалып, алты күн дегенде Сырдан құлайды. Сағырдан аттарын жалдап өтiп, Қуаңға жетiп қонады. Ертеңiне қуғыншыларды қазiргi ескерткiш тұрған төбеге жете бергенде көредi. Тұрақтарын бiлсе, әскер әкеліп, оның соңы қырғынға ұласарын сезген Сараман: «Бұлардың қанын басқаларға жүктегенше, өзiмiз болайық. Мен алдын бөгейiн, Қосай қызды алып Қызылқұмды бетке алыңдар. Мен тiрi қалсам, сендердi табармын», – дейдi. Сонда Қосай «Екеуiңнең садағаң кетпесем, менiң достығым қайда?! Жол менiкi, кiдiрмеңдер», – депті. Бiрақ Сараман көнбейдi. Қыздың алты ағасы жиырма жiгiтiмен жеткен екен. Күшi басым болады. Жетi адамның жастығын алып, ақыры Сараман қолға түседi. Қыз бен Қосай ұзай алмай жүредi. Төбенiң басына шығып қараған Қосай шайқастың бiтпесiн бiлiп, қызға «Осы бетiңмен қаша бер. Тiрi болсаң ұмытпағайсың. Жаңағы шайқас болған төбенiң басында Жент деген қала бар. Сараманның елi сол» дейдi. Қыз «Өзiм қара жамылдым, елiңе не бетiммен барамын?» деп ойлайды. Қуғыншыларға Қосай қарсы шабады. Күшi басым қуғыншылар оның да, қыздың да басын қанжығаға байлайды. Хан жарлығымен әрқайсысын өзiнiң өлген жерiне жерлейдi. Кiрпiш бас­тырып, күйдiрiп, мұнара салады. Сараман жігіт пен Қосай қыз туралы аңыздың тағы бір нұсқасы бар. Ол бойынша да бір-біріне ынтық екі жас зұлымдардың құрбаны болады. Бүгінде мұнараға республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі берілген. Мұнараның төбе жағында үш қарауыл тесігі бар, аузы оңтүстік-шығысқа қараған, өзі екі бөлмелі. Ішіне көз салсаңыз, жоғарыға айналып көтерілетін баспалдақты байқайсыз. Сырдың төменгі ағысы небір аңыз-әпсанаға тұнып тұр. Теңізбен тамырлас тарих Әсем табиғатымызбен қатар тарихымызды танытуда 4 мың шақырымнан аса жол жүріп келген топ байырғы Барсакелмес қорығына барып, ондағы «Қызыл кітапқа» енген құландарды көруге мүмкіндік алды. Сәл секемденсе сағым ұшындағы сұлбаға айналатын тарпаңдар қолжетім жерде бейнетаспаға басылды. Қарасының өзінен-ақ қарақұрымдай көбейгенін көңілге медет тұттық. Қорық инспекторларының айтуынша, биылғы сәуір айында жүргізілген есеп бойынша 513 бас тіркелген көрінеді. Бірақ бұл тек ресми санаққа ілінгені ғана. Қорық инспекторлары үйірден саяқ жүргендерінің өзі жүз қаралы деп отыр. Сонау 1954 жылы Түрікменстанның Батқыз қорығынан жерсіндіруге әкелінген 7 бас (2 аталық, 5 аналық) Пржевальск жылқысы түз тағыларымен, браконьерлерден аман-есен өсіп-өніп, жер аумай қалды. Бүгінде тарпаңдар Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының инспекторларының қырағы назарында. 160 800 гектарға созылып жатқан қорықта құланмен қатар қарақұйрық, ақбөкендер, шөл және шөлейтті жердің құстары мен балпақ, батпандары тіршілік етеді. Арал өңіріндегі тұрғындар арасында Барсакелмес жайлы аңыздар да жетіп-артылады. Солардың бірі былайша желі тарқатады. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқасын Ләтпай деген кісі, руластарымен құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Мақсаттарына жетпек болып Изенді Арал тұсындағы ақ жартас түбін паналап, Шолпанның тууын күтіп отырғанда, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: «Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер» деген екен. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болып кетіпті-мыс. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал төбеден Шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір – күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпай жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар шектен тыс байи түседі. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның, баяғы қарияның өсиетін естерінен шығарып сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуды атқанынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз осынша қырғыннан тек сегіз жасар баланың ғана аман қалғанын жеткізеді. Қорық аумағында республикалық маңызы бар Бегім ана мұнарасы тұр. Үш бөліктен тұратын мұнара алты қырлы пирамида жобасында жасалған. Бегім анаға қатысты әфсананы тарқатсақ, Бегім өте сұлу әйел болған екен. Сол дәуірдегі Жанкент шаһарының билеушісі Шанжар хан Бегім сұлуға құлай ғашық болып, үйленеді. Бірде қызғаншақ хан ұзынқұлақтан өзінің жарының азғындық жасағанын естіп, оны қатты жазалайды. Алайда бұл хан нөкерлерінің от салуы болатын. Бегім сұлудың әкесі Қара бура әулие бір сұмдықтың болғанын сезіп, Жанкент шаһарына барғанда, барлық жайтқа қанық болады. Бірақ қызының адал, пәк екендігіне еш күмәні болмаған ол Шанжар ханға ашуланып, «ертең алаңға халқыңды жина, егер менің қызымның кінәсі болмаса кесілген қол мен бұрымы орнына келеді» депті. Жанкент шаһарының халқы алаңға жиналып, керемет сыйқырдың куәсі болады. Яғни, Қара бура әулиенің айтқаны келеді. Қатты ашуланған әулие Шанжар ханға қарғыс айтып, ордаңды жылан қаптасын деген екен. Бірде аспаннан бір мес түсіп жарылып, ішінен ордалы жылан шығып Жанкент шаһарының бүкіл халқын өлтірген-мыс. Ал бұл кезде Бегім сұлу құс болып ұшып кеткен деседі. ІХ-ХІ ғасырлардағы сәулет құрылысы күні бүгінге дейін әрін жоғалтпай, келушілердің көзайымына айналып тұр. Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан Арал теңізі бір кездері көлемі бойынша жер бетіндегі 4-ші теңіз саналған. Теңізге дариядан құйылатын суды егін суару жұмысына пайдалана бастағандықтан, 1960 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде теңіз суының беткі деңгейі 70 пайызға дейін азайып, тереңдігі шамамен 20 метр­ге дейін қысқарды. Теңіздің құрғауы айтарлықтай экономикалық және экологиялық шығынға ұшырап, сонымен қатар, тіршілік көзі ретінде санап келген халыққа ауыртпалық алып келді. Алайда, Дүниежүзілік банк пен ел Үкіметі 15 жылдан бері күш біріктіріп, теңіздің оңтүстік бөлігінен солтүстік Аралды бөліп тастайтын 13 шақырымдық бөгет тұрғызып, суды теңізге жіберетін балық шаруашылығы жүйесін іске қосқалы Аралдың тағдыры өзгере бастады. САРАТС жобасының бірінші кезеңі жүзеге асқаннан бері теңіз қайта толып, қалпына келуде. Енді ғасыр жобасының екінші кезеңі жүзеге асса теңіздегі тірлік қайта жанданатынына аралдықтар бек сенімді. Жалпы, Арал ауданының географиясы қызық. Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр. Батысы мен солтүстігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік-шығысында Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Тұран ойпатында орналасқан ауданның батысында Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солтүстік-шығысын Баршақұм, шығысын Арал Қарақұмы алып жатыр. Арал теңізі жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Сондай-ақ, Қарашоқы, Алтыншоқы жота-таулары кездеседі. Осыншама табиғат пен сұлулық теңіздің тартылған табандарына қарамастан үлкен үйлесімділікпен менмұндалайды. Осыдан бес жыл бұрын Арал қаласында 30 мыңнан астам тұрғын болса, қазіргі күні халық саны қырық мыңға жуықтаған. Демографиялық дүмпудің арқасында аудан орталығында жаңадан төрт шағын аудан ашылып, он бес көше қосылған. «Ғашықтар» алаңы, «Жалаңтөс Баһадүр», «Алаш» «Ақ кеме», «Соңғы парыз» романының сюжеті бойынша символикалық мүсін, түрлі ескерткіштер мен монументтер, саябақтар мен демалыс орындары салынып, Аралдың ажары айшықтала түскен. Арал жеріндегі көне қалалар ұлттық мәдениет пен өнердің ертеден қалыптасқанын көрсетеді. Демек, Сыр өңіріндегі ежелгі қалаларды зерттеу –тарихымызды тереңдетіп қана қоймай, ұлттың ұлылығын көрсететін мәдени мұрамыз деп білеміз. Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи-мәдени ескерткіштер шын мәнінде кімге болса да ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену һәм құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар ата-бабаларымыздың өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. ТҮЙІН: Ежелгі Римнің көне ескерткіштеріне, Египеттегі Пирамидаларға, грек мәдениетінің адамзат дамуына қосқан сүбелі мұраларына таң қаламыз, таңдай қағамыз ғой. Бұл ретте қазақ даласы құр алақан дей алмаймыз. Бір ғана Сыр топырағының өзінде тарихтың тұмарындай болған жауһарлы жәдігерлер жетерлік. Оны өзіміз танып қана қоймай, әлемге таныту біздің қолдағы іс. Әйтпесе, бабалар жүріп өткен даңғыл жолды құм басып, құпиясын ішіне бүгін жата берері хақ. Сондықтан аманатқа адалдық танытар кез келді деп есептейміз.

Қызылорда облысының рухани-мәдени дамуы. 

Қазіргі уақыттың қиыншылықтары қаншама аяққа оралғы болғанымен, рухани дамуда бұрыннан еншілеген жетістіктерді одан әрі жалғастырып, өркениетті елдердің деңгейіне көтерілуге бағыт ұсталуда. Облыстағы 289 мектепке дейінгі мекеме, 287 мектеп, 16 кәсіптік-техникалық училище: 7 арнаулы орта, 2 жоғары оқу орындары және жаңадан ашылған факультеттер, бөлімдер, колледж, гимназия, лицейлер сол ұлы мақсатқа қызмет етеді. Сыр өңірі ежелден-ақ тарихқа бай. Мұнда 504 сәулет, қазба және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде 21-і республикалық маңызға ие. Осынау ұлағатты мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп, одан татымды тағылым үйрену және елдің Қорқыт Атадан бастау алатын ірі тұлғаларының баршасына лайықты ықылас-құрмет көрсету ұдайы назарда ұсталуда. Облыс тарихы «Мемлекеттік идеологияның өзекті мәселелері» (Алматы, Атамұра», 1994. — 160 бет) деген кітапта жазылды. «Сыр өңірі» атты деректі фильм түсірілді. 1941-1945 жылдардағы соғыста бейбіт өмір үшін құрбан болған арыстарымызды есте қалдыруға арналған «Боздақтар» кітабының шығуы да адамшылық парыздың шағын ғана өтеуі. Бұл өңірді мекендейтін жүзге тарта ұлт өкілдерінің баршасының өнері мен мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі саусақтың саласындай қатар өсіп жетіліп келеді. Сырдың елі — жырдың елі. Мұнда небір аузымен құс тістеген күміс көмей жыршы, жырау, термеші, ақын, шайыр, Сыр сүлейлері және әдебиетіміздің заңғар алыптары дүниеге келген. Өнер мен мәдениеттің мерейінің үстем болуына облыстағы драма театры филармония, ондаған мәдениет ошақтарының қызметі және бүкілхалықтық сипатта ұйымдасгырылатын «Наурыз», «Алтын дән», «Тіл мерекесі». «Гүл мерекесі» секілді бүкілхалықтық мейрамдар игі ықпал жасауда. «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері, жергілікті радио мен басқа ақпарат құралдары жұртшылық көкейіндегі толғақты мәселелерді көтеріп, адамдардың рухани танымдық, ақпараттық сұранысын қанағаттаңдыруға қызмет етеді. Қызылорда облысының өз теледидарының дүниеге келуі де мәдени өмірдегі елеулі оқиға болды.

Қортынды;

Туған өлке туралы айтылғанда кең байтақ Қазақстан, оның ішінде әсем де көркем, ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда өңірін мақтанышпен ойға аламын. Қарт Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.

Жылдан жылға облысымыз бен оның орталығы Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық деңгейі көтеріліп келеді. Бір кездері үймелеген қоржын тамдардың орнына қазір сәулетті соңғы үлгідегі құрылыстар ірге көтеріп көлік қатынасының күре тамыры кеңейе түсті. Тұрғындардың демалуына жағдай  жасайтын бірнеше ойын-сауық кешендері, жасыл желекті жағажай тағы бар. Сырдария өзенінің оң жағалауын абаттандыру көп жылдан бері айтылып келеді.  Ендігі кезекте сол аумақты абаттандыруға мән берілмекші. Оның аумағы қазіргі заманға сай абаттандырылады. Жаяу жүргіншілер мен велосипед тебуге арналған жолдар қарастырылады. Өзге де халыққа қажетті орындар бой түзейді. Бұл жұмыстың бәрі біз үшін, қызылордалықтардың игілігі үшін жасалып келеді.

Ата-бабаларымыздың қасық қанымен жасалған тарихты таразылап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту – біздің буынның азаматтық борышы.

Мен осы өлкеде дүниеге келгенімді мақтан етемі. Экологиялық табиғаттың құрсауында тұрса да сұлуланып, нұрланып келеді. Сыр сұлуы- Қызылрданың шежіресі жалғаса береді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 
1 Редакция алқасы Аңсатова М.Н., Мыңжасов Н.К., Қожамберлив Б.Қ., Бегімқұлова Ш.А., Қараманова М.С., Нәрікбаев Ә., «Ғибратты ғұмыр», Қызылорда, 2009жыл,195б. 


2 М.Кереев, «Қызылорда облысы комсомол ұйымының тарихынан (1919-1925)», Қызылорда, 1958жыл, 60б. 


3 А.Айдосов, М.Кереев, Ы.Қалиев, «Қызылорда», Алматы, 2005жыл, 47б. 


4 Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан», Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ, журналист Қызылорда облысы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее