«Зима 2025»

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Жай бөлшектерге қолданылатын амалдар: қосу,азайту.көбейту және бөлу. Жай бөлшектерді қосып, азайтқанда: бөлімдері бірдей болса бөлімін сол күйінде жазып алымын қосып, азайтамыз. Ал егер әр түрлі болса, онда жай бөлшектің бөлімдерін ЕКОЕ табу арқылы ортақ бөлімге келтіреміз.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Жай бөлшектерге амалдар қолдану


Ултуар Жунисбекова,

64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

I. Білімділігі: Жай бөлшектерге амалдар қолдану кезіндегі білімдерін жүйелеу, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру,өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
II. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ой ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру;

III. Тәрбиелігі: Әр оқушыны өздігінен еңбектенуге шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Қайталау-қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, сауалнамалық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар,тесттік тапсырмалар, бағалау парағы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Оқушыларды топқа бөлу. (әр түрлі қорапшаларға математикалық таңбаларды салу арқылы үш топқа бөлеміз)
3. Үй тапсырмасын тексеру. (Үлгі бойынша оқушылар өздерін тексереді)


ІІ. Ой қозғау (өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту) ( 10 минут)

1.Жай бөлшек деп қандай санды айтамыз?
2. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
3. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
4. Аралас сан дегеніміз не?
5. Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай салыстырылады?
6. Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай салыстырылады?
7. Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай азайтылады (қосылады)?
8. Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай қосылады (азайтылады)?
9. Жай бөлшектерді қалай көбейтеді және бөледі?

ІІІ. Топтық жұмыс

Үш топқа тапсырмалар беріледі

1-топ. Бөлшектерді қысқарту арқылы қазақша жыл атауын кестеден табамыз

(Р) (Б) (А) (С) (Ы)

Б

А

Р

Ы

С



2-топ. Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырындар

(Ы) (Н) (Ж) (А) (Л)

Ж

Ы

Л

А

Н



3-топ. Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдырындар

(І) (Н) (Е) (М) (Ш)

М

Е

Ш

І

Н



2. «Кім жылдам» ойыны

1-топ

2-топ

3-топ



-1=

-2=

-4=

1+

2+

7+



3. Сергіту сәті.

Қызықты логикалық есептерді оқушылармен шығару.

1. Пирогтың 1/3 жеп қойдым неше бөлігі қалды? (2/3)
2. Тауық бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса ше? (3кг)
3.                Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

4.                Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

5.                Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?  (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)



IV.Математикалық диктант:

Оқушылар төмендегі тапсырмаға “иә” немесе “жоқ” деп жауап береді

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

3. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі

4. Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші

5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады

6. бөлшегі дұрыс бөлшек

7. Бұрыс бөлшек 1- ге тең немесе бірден үлкен

8. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады


V.Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

1. № 1190, № 1191 есептердің жұптары;

2. Жай бөлшектер тарауын қайталау.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее