«Зима 2025»

Жаңа технология

Я Есентемирова Айжамал Жаксыбеккызы. Учитель

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Ағылшын тілін оқытудағы қолданылатын технологиялар

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі кезде көптеген өзгерістер жүруде. Осыған орай еліміздің мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр. Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде қолданылып жүрген технологиялар қатарында ағылшын тілін оқытуда коммуникативті оқыту технологиясы маңызы зор. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету. Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Коммуникативті оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдіс. Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі кеңейеді. Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар- оқу үрдісі оңайдан қиынға қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген. Коммуникативті оқытуда білім беру- оқушының өзін ауызша ( тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға(оқу және жазбаша) тарту, яғни оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру. Коммуникативтік әдіс ағылшын тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міндеттерін қамтиды. Басты көңіл бөлінетін нәрсе ол сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп , тілді қатынас қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының маңызы зор. Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп: -басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі -тілдік серіктестің шынайы болуы -өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі Топтық жұмыс кезінде: -оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады -топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін тигізеді -өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді -оқушылардың іскерлік қабілеті артады Жоба жұмысын қорғау барысында: -белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу -қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту -монологты дамыту -мәселелерді анықтау, көтеру және шешу Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу, мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады. Оқушының оқу іскерлігін дамыту үшін мәтін кеңінен қолданылады. Мәтін - негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны білу керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауға болады. Оқушыны еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Тыңдап - айту. Сөйлеу үшін тыңдап түсінудің маңызы зор. Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 2-5% таныс емес сөздер қосуға болады. Тыңдалған әңгіме бойынша сұраққа жауап алу, сөз мағынасына назар аудару, сөз тіркестерін жазу,мәтінге ат қою, жоспар құру, ауызша қысқаша мәтіннің мазмұнын беру, әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру. Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Шетел тілін үйрену тұлғаның рухани жан дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы.[/i][/i]













































Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану» қазақша ашық сабақ Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы, Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы Шығармашылық тақырыбым: «Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану» Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. Міндеті: 1. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. 2. Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: • лексиканы оқып үйретеді; • сөйлеу ырғағын; • диалог, монолог және рөлдік ойындарды; • хат жазуға үйретеді; • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын. “English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі. “Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады. Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; • оқушылардың шығармашылығын арттырады; • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады; Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді: Танымдық бағыт бойынша: • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; • Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) • Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; • Сөз мәдениетін таныту; • Пікірталас мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту; • Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: • Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту; • Тілдік сауаттылығын арттыру; • Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; • Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; • Шығармашылық қабілеттерін дамыту; • Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; • Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру; Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді. Бұл қағидаларды өз оқу - әдіс , іс-тәжірибемде үнемі естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын. Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1. Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар. Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар. 1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б. 2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.). 3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.). Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.
Источник: http://www.bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/english/417-zhaa-aparatty-tehnologiyalardy-aylshyn-tl-sabaynda-timd-paydalanu.html



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее