«Зима 2025»

«Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама»

«Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру.

2. Ана ұғымының мән-мағынасын ашу, аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға, құрметтеуге үйрету.

3. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қабырға газеті, суреттер, буклет т.б.

Барысы: үнтаспадан «Анашым» әні баяу баяу естіліп тұрады.

Мұғалім: (өзім)

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру.

2. Ана ұғымының мән-мағынасын ашу, аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға, құрметтеуге үйрету.

3. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу..

Сабақтың көрнекілігі: қабырға газеті, суреттер, буклет т.б.

Барысы: үнтаспадан «Анашым» әні баяу баяу естіліп тұрады.

Мұғалім: (өзім)

Шырылдап жерге түскеннен–ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар ол ана, қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырыңа жабысатының, шырылдап уанбай жылап, сенің іздейтінің-ана. Сен жан болып дүниеге келдің,сенің іздейтінің бірақ жан ол-ана. Ол саған бәрінін қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан сен бірақ жанды білесің ол-ана.

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен–ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

Құрметті де ардақты аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушыларым, 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз. Бүгінгі «Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама» ертеңгілігін сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.


1-жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.


2-жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан асыл аналар, қадірлі апайлар, бүгінгі әніміз, өлеңдеріміз өздеріңе арналады.


Хор. «Ақ мамам»


1-жүргізуші: 8-наурыз мерекесі! Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің аналарды даңққа болеп тұрғандай. Неге дәл осы күні 8-наурыз күні әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді?

2-жүргізуші:

1908 жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурызды «Жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын әйелдер пролетариатының халықаралық ынтымақтастық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылдады.


1-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.


2-жүргізуші: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?


Омарова Сәния:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,- гүлі аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.


Калыкова Ақбота:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам ай мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.

Жұре берсең қасымда,

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.


Мағауия Индира:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана-деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті Аналар!





1-жүргізуші: Ана ең әдемі ең сұлу сөз. Анасыз бала тәлім тәрбие ала алмайды. Ананың жылы, ақылды сөзі көптеген қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Кішкентай болса, өзіне ең жақын адам болғанды сезіп, тілі шыққанда айтатын бірінші сөзі «Ана»


2-жүргізуші: Расул Ғамзатовтың мынандай сөзі бар: Ана дегеніміз- әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол-тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. Ана сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақтықты сездіртпей қоймайды.


Муз.номер. Жұмажан Назерке. Ән


1-жүргізуші: «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген екен қазақтың атақты жазушыларының бірі - Ғабиден Мұстафин, шынында да бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім? Анамыз!


Жұмажан Назерке:

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Сен деп айтам алғаш өлең жолдарын

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба өзің жоқ деп жас тамды,

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба тек өзіңнен жасқандым.


Қайырбеков Әділбек:

Ана-өмірдің қуанышы тірегі,

Бала-оның жұбанышы, жүрегі,

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі


Уахит Даниял:

Ана десем , алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем, әділдікті ұғынам.


Жунусбаев Едиль

Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым, күнім»-дайтін.

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе мен де,

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырған

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Ақ мамамды мен әрқашан,

Жүрсем деймін шаттандыр


Муз.номер. Мағауия Индира. Ән


2-жүргізуші: Ана өз баласын көзінің қарашығындай қорғап, түн ұйқысын төрт бөліп, аялап өсірген. Ананың аяулы жүрегінің мейрімділігі ешқашан сөнбейді. Неше жаста болсаң, бесте әлде елу бесте, саған әрқашан ананың аяулы бейнесі, оның айтқан ақылы, жылы сөзі керек.


Мұғалім: Тапсырмалар орындау


Оқушылар үшін



Аналар үшін


Мұғалім: Біздің сынып қыздары өнер асқан,

Билейді мың бұралып әуел бастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.


Жұмажан Назерке _______________________________биі



Мұғалім: Құрметті аналар, Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін, сізден жақын адам бар ма, аналар! – дей келіп, өздеріңіздің тілек-баталарыңыз, құттықтау тілектіріңіз болса айтуларыңызға рұқсат.


Бізді өсірген аналар

Еңбектерің зор екен.

Құтты болсын аналар,

Құтты болсын мерекең.!

Оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Оқушы:

Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.


Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегіме сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Ана –көркі көгінің,

Ана-нұры жерімнің.

Ана-бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.


Оқушы:

Адам бар ма ана сүтін ақтаған.

Алуан–алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам.


Аяулы да, алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен-асқарсың, сен-аспансың, биіксің,

Сен-дарқансың, сен- жомартсың, данасың.


Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаға,

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы, анашым!

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың,

Тірлігімнің тірегі,

Уайымың болмасын.


Жан анам құттықтаймын март күнімен

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен,

Өрлесін елең берген бақыт бағың,

Жазбасын шат көңілің шат күйінен.


Тентек болсам, ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып.

Келгенімде оқудан.

Тосып тәтті дәмдісін

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін,

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.


Ана кейде қалжырап жұрсін мейлі,

Бір сәтте қабақ шытып күрсінбейді.

Өмір бақыт тілейді баласына

Мәңгілік тыныштық боп тұрсын дейді.


Арым да ардағым да анам екен,

Ана деген адамға ата мекен.

Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті.

Жүрегіңде жыр болып жатады екен.

Ана деген адамға ата мекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.


Осымен аналарға арналған тәрбие сабағымыз соңына жетті ынтамен тыңдағандарыңызға рахмет.












 



ШАҚЫРУ

 



 

 

Құрметті _____________________

Сізді 7 наурыз күні сағат 1100-де  мәдениет ошағында өткізілетін     

                                        

«Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама» атты 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікке шақырамыз

 3 «а» сыныбы.

Сынып жетекшісі Аширбекова Б.К.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее