«Зима 2025»

7 саны мен цифры

Математика сабағын «Бауырсақ ертегісі желісімен» өткіздім. Ертегі кейіпкерінің тапсырмаларын орындай отыра білім алды. Сабақта ойын элементі «Кім тапқыр», санамақтар, сергіту сәттерін пайдаландым. Сабақ соңында мадақтау әдісі арқылы смайликтер жабыстырды.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки





Математика

Уақыты:

Кабинет: №5

Мұғалім: Сырымбаева Ш.К

Сабақтың атауы

7 саны және цифры

Сілтеме

Әдістемелік оқулық

Сабақтың жабдығы

«Бауырсақ» ертегінің кейіпкерлері (сюжеттік  суреттер)

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: 7 саны және цифры, 7санының құрамы

    2.Дамытушылық:  Оқушылардың  ой-өрісін  дамыту.

    3.Тәрбиелік: Іізеттілікке, зейіншілікке    тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін

Ынтымақтастық атмосферасы

Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

-Балалар,  бүгін  өткенді  қайталау  үшін   ауылда  тұрған  әже  мен атаға  барып,  хал  жағдайын  біліп келейік.

     Психологиялық  дайындық

    Көтеріп шаңырақ,

    Керегелер  керіліп.

    Өрімдей  болып өріліп,

    Киіз үй боп көріндік.

    -Әже  не істеп жатыр?     

   -Ұн  илеп  бауырсақ    пісіріп жатытыр екен .

   - Бауырсақ піскенше, санамақ айтып көрейік.

Қызығушылықты ояту

Ал  санайық,  санайық,

    Сан  сырына  қанайық!  

    Бір саусақты  жұмайық,

   «Бір  саны», -деп  ұғайық!

    Екі  саусақ  жұмайық

    «Екі  сан»-деп тынайық!

   Үшіншісін  жұмайық,

   «Үш  саны»-деп шығайық!

    Тағы  бірін  жұмайық .

   Төрт санына лайық.

   Жұдырықты жұмайық.

   «Бес  болды»  -деп  ұғайық.

    - Балалар,  біз санамақ айтқанша   «Бауырсақ»     домалап  кетті.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

ІV.Оқулықпен жұмыс .Қасқырдың  тапсырмасы.

2 тапсырма

  А) Сабақ «Төлдерге қамқорлық», тақырыбына түсінік беруден басталды. 7 санының пайда болуы суреттегі қозылардың санына қарай анықталды. 7-нің алдындағы санды шығару өтілген сабақтардың негізінде жүргзіледі. Бала 7 қозыны екі қораға қалай бөледі? – деген сұраққа жауап алынады. (6+1,5+2,4+3). Ал 6 бұзауды қалай бөлеміз? (5+1,4+2,3+,3).

Сан қатары: 1,2,3,4,5,6,7, тура, кері санау.

Ә) 7 таяқшадан әртүрлі пішіндер құрастыру.

Б) 7 санының құрамын ажырату


Сергіту сәті

  Қоянның тапсырмасы

Ұзын құлақ  сұр  қоян,

  Естіп қалды сыбдырды.

  Ойлы-қырлы жерлермен

   Ытқып -ытқып жүгірді.

  Қарап еді артына,

  Қиығын сап көзінің.

  Келе жатқан тоңпаңдап,

  Көжегі  екен өзінің.


Ой толғаныс

Дәптермен  жұмыс  22 бет

7 цифрымен таныстыру. 7 цифры неге ұқсайды? (Шалғыға)

7 цифрын алгоритмімен таныстыру

« Жеті лақ» ертегісінің мазмұнын айту, 7 цифрын жазу.

7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы өз бетінше орындату.

Геометриялық фигуралардың орны қалай ауыстырылғанын бағыттаушы сызық үлгідегідей көрсету.

Көбелектің суретінің жартысын салып, аяқтап оны бояу.

Яғни 7 санына байланысты: 7 күн, 7 қат аспан, 7түс, 7 шелпек, 7 ата ұғымдарын түсіндіру.

«Нешеу?» деген сұраққа жауапты 1-ден 7-ге дейінгі сандарды қолданып жауап беруге болатынын айту. Бұл сабақта балалар қазақ, халқының күнделікті тәлім-тәрбие жұмысында кездесетін (7апта,7күн,7 шел-пек) т.б, ұғымдарын түсініп, халықтың өмірі оның әдет-ғұрпы жөнінде ойлау жүйесі, дүние танымы кеңейеді.

Түлкінің  тапсырмасы.  Бауырсақты  Түлкіден қалай  құтқару керектігін ойланайық.  І  -қатар  «Ойлан, тап!»,    ІІ -қатар «Кім тапқыр?»   тапсырмаларды  орындайды, жауаптарын  дәлелдейді.

  VІІІ. «Ойлан, тап!»   ойын арқылы  оқулықтағы №3  тапсырманы орындау.

Заттар тобы қандай белгісі  бойынша  топтастырылған?

Үй тапсырмасы

«Кім тапқыр?»  ойыны. 


 Бағалау

Мадақтау

Смайликтерді жабыстырады

Кері байланыс







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее