«Зима 2025»

"Адал жол" сынып сағат

Тақырыбы:«Адал жол»

Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілік сияқты асыл қасиетпен таныстыру.

2.Ойларын ашық, айтып үйрену, мақал- мәтелдердер туралы білімдерін,жағдаяттар шеше білу қабілеттерін дамыту.

3.Достық сезіммен, достықтың түрлерімен таныстыру арқылы адал достық пен жалған достықты ажырата білуге,адамгершілік сияқты асыл қасиетті қадірлей білуге тәрбиелеу.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Тақырыбы:«Адал жол»

Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілік сияқты асыл қасиетпен таныстыру.

2.Ойларын ашық, айтып үйрену, мақал- мәтелдердер туралы білімдерін,жағдаяттар шеше білу қабілеттерін дамыту.

3.Достық сезіммен, достықтың түрлерімен таныстыру арқылы адал достық пен жалған достықты ажырата білуге,адамгершілік сияқты асыл қасиетті қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, достық туралы слаидтар, жағдаяттар салынған

Конверттер.Видеосюжет.

Мұғалім : Салеметсіңдер ме , құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі біздің «Адал достық -адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға адамгершілік қасиеттермен таныстыра отырып, адал достық пен жалған достықты айыра білуге, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу.

І кезең : 1жүргізуші: Дос емес, достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады.,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

І кезеңіміз «Таныстыру» кезеңі. Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ кезең. 2 жүргізуші : Топтарға тапсырма : «Адамгершілік» сөзінің мағынасын түсіндіру

(Әр топ өз ойларын ортаға салады, ал бір жүргізуші тақтаны ашып тұрады)

Мұғалім қорытындылайды: Олай болса адамның бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы адамгершілік деген асыл қасиеттің мағынасын білдіреді екен. Соның ішінде шын достық та адамгершілік белгісі.

ІІІкезең. 1жүргізуші : Достық әдеп сыйласым,

Дос өмірлік қимасым

Дос арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті,дей отырып ,

Келесі тапсырмамызға көшейік : «Достық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Тақтада «достық» сөзі .Әр топ кезекпен жауап береді.)

Мұғалім қорытындылап тақтадағы сөзді көрсетеді.(1оқушы )


ІV.кезең 2жүргізуші : (Енді назарымызды видеосюжетке аударамыз)

V.2жүргізуші :Досым саған сенемін, сеніп өтем !

Жолы бөтен демеймін,жөні бөтен.

Достық деген адамның көрігі екен.

Достық деген ақылдың серігі екен.







Мұғалім: Балалар, біз сендермен көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Қазақстанда 100деген ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүруде.Ендеше қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

Сендердің басқа ұлт өкілдерінен достарың бар ма? Өздерің басқа ұлттың қандай өлеңін, не тақпағын білесіңдер?(оқушылардың жауабы тыңдалады)

Ал қазір әр ұлттың сәлемдесу рәсімдерін көрсете қойыңдар.(оқушылар әр қайсы айтып шығады.)

VІ.1жүргізуші: Дос арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті,дей отырып келесі мақал –мәтелдер кезеңіне көшейік, әр топ берілген мақал-мәтелді толықтырып аяқтауы қажет.

Мақал-мәтелдер кезеңі (Тақтада мақалдар)


VІІ.2жүргізуші:Ертеде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты

Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:Достықтың екі түрі болады.

  • Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

  • Дұрыс-ақ .Енді оны қалай ажыратамыз дегендерге :

  • Адал достықтың -өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген екен.

1жүргізуші: Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен – деп келесі бөлімге көшейік

(Жан досым әні орындалады)

Келесі тапсырма « Адал жол» мен «Амал достың» мағынасын түсіндіру

«Бірлік» тобы «Адал жолдың», ал «Жолдас тобы» амал достың мағынасын түсіндіреді.(содан соң тақатаға барады).

Тақтада екі сурет сол суреттер бойынша бейнелейді.

VІІІ.2Жүргізуші: Қиындықты сенімен бір көрісіп,

Қажымайтын, тайсалмайтын жігері,

Дос деген жарты нанды бөлісіп,

Адалдықтан жаралады жүрегі.


Жағдаяттар кезеңі

Дей отырып алдарымыздағы конверттерде жатқан жағдаяттардың шешу жолын іздейік

(Әр топта конверттерде екі- үш жағдаяттан)







Әр топ дауыстап оқиды, сосын шешу жолын айтады.(Тақтада жағдаяттар жазылған)

ХІ.1жүргізуші: Не жетеді нағыз досқа асылға ,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда

Қиналады- сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң- ұйықтамайды ол дағы.

Қорытынды: Мұғалім : ал енді топтарға тапсырма :

: «Адамгершілік» сөзінің мағынасын түсіндіріп тақтаға жазу.

: «Адал жол» сөзінің мағынасын түсіндіріп тақтаға жазу (оқушылар тақтаға кезекпен шығады)

:Мұғалім: Нақыл сөздерді тақтаға жазып қояды.

Достың көңілін қалдырма,

Досыңа адал бол!

Досыңды қорлама!

Досыңды кешіре біл.

Досыңа көмектесе біл.

2Жүргізуші : Достың көңілі шар айна,

Сындырып алма абайла ,дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее