«Зима 2025»

Адамгершілік - асыл қасиет

оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілік: Слайд материалдары, жарға ілінген нақыл сөздер.

Нақыл сөздер:

  1. Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

  1. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы

құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай.

  1. “Адамгершiлiк - бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”.

В.Соловьев.

  1. “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”


К. Д. Ушинский.

  1. “Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”

М.Жұмабаев.


  1. Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
    Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
    Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
    Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ш.Құдайбердіұлы.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, сайыс сабағымыз басталып кетеді.

  2. Бүгінгі сағатымыздың тақырыбы – «Адамгершілік – асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың». «Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы.

Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Әр бұлттың астында біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты сұрақтар, тапсырмалар жасырулы тұр. Соларды шешіп, күннің бетін ашып көрелік.

Кәне, бірінші бұлт.

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында әр адам тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға кішкене уақыт беріледі.

Әр оқушы өзінің анасына, досына, бауырына арналған жақсы тілектерін немесе соларға қатысты жағымды ойларын айту.

Мұғалім:

  • Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі.

Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1-ші бұлт ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.


Екінші бұлтты сейілтеміз.

Тапсырма: Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, адамгершілік туралы ұлы кісілердің, ақындардың айтқан сөздері, мақал-мәтелдер, шешендік, даналық сөздер айту.


Мұғалім:

  • Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ қағаз.

  • Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

    1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

    1. “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”


К. Д. Ушинский.


    1. “Адамгершiлiк - бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”.

В.Соловьев



Үшінші бұлтты сейілтсек.

Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата – анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Осы қасиетке байланысты үшінші бұлттың тапсырмасы:

    1. Отанға сүйіспеншілік;

    2. Ата-анаға сүйіспеншілік;

    3. Достық қарым-қатынас.

Осы тақырыптарда төрт жол өлең өздерің ойдан шығаруларыңа немесе ұлы ақындардың өлеңдерінен үзінді айтуға, сонымен қатар ұлы адамдардың сөздерін де айтуымызға болады.

Төртінші бұлтқа таядық. Ситуациялық сұрақтар:

  1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

А) Ештеңе білмегендей боласың.

Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.

В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.


  1. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

А) Үлкен ағаш болғанда;

Б) Көшет кезінде(кішкентай кезінде);

В) Тал кезінде.

  1. Сенің үлкен әпкең немесе үлкен ағаң анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.

Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.

В) Шыныңды айтасың.

Г) Өз жауабың.


Бесінші бұлтты сейілтеміз. Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.

  1. Ар-намыс дегеніміз не?

  2. Жомарттық дегеніміз не?

  3. Кішіпейілділік дегеніміз не?




Алтыншы бұлт. Тапсырма: «АДАМГЕРШІЛІК» сөзжұмбағын шешу. Осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.





















  1. Наннан үлкен ас жоқ,

.......... үлкен ат жоқ.

  1. ..... көзден кетсе де, көңілден кетпейді.

  2. Тәртіптің ең тамаша мектебі - ...........

  3. Отбасы - шағын ........

  4. Аға - ....... ұстаз.

  5. ....... етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Әдепсіз өскен адамннан,

........ өскен тал артық.

  1. ... – дұшпан, ақыл – дос.

  2. Не ...... болса, сол мәңгілік.

  3. Күшіңе сенбе, ...... ісіңе сен.

  4. ..... бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  1. Жақыныңды жат етсең - ....... күлкі боларсың.



Мұғалім:

Күн ашылды.

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі топ сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.

Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.

Осы топ сағатынан сіздің бойларыңызға бір әсем шуақ - адамгершілік шуағы молая түсті. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (Бір-біріне бір-екі ауыз жақсы тілек айтады).

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Ықыластарыңа рахмет. Осымен топ сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


















Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее