«Зима 2025»

Альдегидтер мен кетондар

Оттекті орнаникалық қосылыстар туралы білімдерін кеңейтіп, альдегидтер жайлы толық мәлімет алады. Мысалы олардың физикалық және химиялық қасиеттерімен таныс болады. Сондай олардың қолданылу аясы мен алыну жолдарын да біледі.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 24.01.2017

Сынып: 11 «А» Пәні: ``Химия`` Пән мұғалімі: Сейітханова Ж.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Альдегидтер. Кетондар

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға альдегидьтер ұғымын кеңінен түсіндіре отырып, олардың физикалық және химиялық қасиеттерімен, өкілдерімен таныстыру.

2. Оттекті органикалық қосылыстар туралы алған ақпараттарын әрі қарай толықтыру, топта жұмыс істеу қабілеттерін одан әрі дамыту.

3. Ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі: жаңа білімді игеру

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО технологиялары және оқу мен оқытудағы әдіс – тәсілдер.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, презентация, үлестірмелі материалдар, ватман, түрлі маркерлер мен стикерлер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Ұйымдастыру кзеңі (3мин)

Амандасу. Түгелдеу.

Екі топқа бөлу (кәмпит түрлері арқылы). Топ басшысы сайланып, бағалау парақтары ұсынылады (бағалау критерийімен таныстырылады).

Амандасу.

Топқа бөлінеді



Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

Лездемелік сұрақтар:

I-топқа: 1. Фенолдың химиялық қасиеттері байланысты? (гидроксил тобына және бензол сақинасына)

2. Фенолдың физикалық қасиеттері? (суда нашар еритін, түссіз кристалдық зат, өзіне тән иісі бар, оңай балқиды)

3. Фенолдың спирттерден ерекшелігі? (қышқылдармен әрекеттеспейді)

4. Фенол қандай зат? (улы)

II-топқа: 1. Фенолдың қолданылуы? (медицинада антисептик, тамақ өнеркәсібінде антиоксидант, химия өнеркәсібінде дәрі-дәрмек, т.б.)

2. Фенолдан алынатын заттар? (бояулар, қопарылғыш заттар, пластмасса)

3. Фенолдың халықаралық атаулар жүйесі бойынша атайды? (гидроксибензол)

4. Фенолдың көрсететін қасиет? (әлсіз қышқылдық)

Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап береді.























Жаңа сабақ (10 мин)

«Оқулықпен жұмыс» (5 мин) оқулықты пайдалана отырып:

I-топ: Альдегидтердің физикалық қасиеттеріне топтастыру жасайды.

II-топ:Альдегидтердің химиялық қасиеттеріне топтастыру жасайды.




«Графикалық диктант»

I-топқа: 1. Барлық альдегидтердің алғашқы мүшелері суда жақсы ериді. (+)

2. Альдегидтер тотыққанда спирттерге айналады. (-)

3. Альдегидтерде карбонил тобы бір радикалмен және сутек атомымен байланысқан (+)

4. Халық. атаулар жүйесі бойынша көмірсутектің атына –аль деген жалғау қосып айтды (+)

II-топқа: 1. Альдегидтерді көмірсутектерді және спирттерді тотықтырып алуға болады. (+)

2. Құмырсқа альдегидінде ғана карбонил тобы бір сутек атомымен байланысқан. (-) екі

3. Альдегидтер тотыққанда сәйкес спирттерге айналады (-) карбон қышқылдарына

4. Альдегидтер – химиялық белсенді қосылыстар (+)



Сергіту сәті: (5 мин) «Қазақия»

Жасаған жобаларын қорғайды.








Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.















Оқушылар жаттығу жасайды.






Бекіту

«Сәйкестендіру тесті» (5 мин) 2 – топқа бірдей сәйкестендәру тесті беріліп, бірін –бірі тексеріп, өздеріне ұпай қояды.

  1. Карбонилді қосылыс а) өткір иісті газ

  2. Альдегидтер в) оңай тұтанатын сұйықтық

  3. Құмырсқа альдегиді химиялық белсенді зат

  4. R су қосып альдегид алады

  5. Кучеров реакциясы қосылу, тотығу реакц.

  6. Этаналь өткір иісті газ

  7. Ацетон этанолды дегидрлеу

Тестті сәйкестендіреді.









Үй тапсырмасы (1 мин)

Параграфты мазмұндау (179-187 бет). 7,8,10 жаттығулар және 4,5 сұрақтар (188 бет).

Күнделікке жазып алады.

Рефлексия (2 мин)

«Менің бүгінгі білгенім....»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

Бағалау (2 мин)

Өзін-өзі бағалау және жиынтық бағалау.

Күнделікке баға қойдырады.










































Бағалау парағы

(бүкіл әдіс – тәсілдер бағаланады, «5» балдық жүйемен, дұрыс әрі толық жауап)

Оқушының аты – жөні: _________________________________


«Лездемелік сұрақтар»

«Оқулық бойынша жұмыс қорғау»

«Графиктік тест»

«Сәйкестендіру тесті»

Қорытынды ұпай және баға
















15-20 ұпай -``5``

11-14 ұпай -``4``

10-5 ұпай -``3``

4-1 ұпай -``2``





































Бағалау парағы.

(бүкіл әдіс – тәсілдер бағаланады, «5» балдық жүйемен)

Оқушының аты – жөні: _________________________________




Иә- жоқ

Ғалымдарды танимыз ба?

Мағлұмат жинақтау

Ой қозғау

Биологиялық диктант

Қорытынды баға












Бағалау парағы.

(бүкіл әдіс – тәсілдер бағаланады, «5» балдық жүйемен)

Оқушының аты – жөні: _________________________________




Иә- жоқ

Ғалымдарды танимыз ба?

Мағлұмат жинақтау

Ой қозғау

Биологиялық диктант

Қорытынды баға






















































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее