«Зима 2025»

"Армандастар" әнін асқақтатқан Н.Нүсіпжанов

№5 сабақ жоспары

Сынып:6

Күні:04.05.2018ж

Сабақтың тақырыбы: «Армандастар» әнін асқақтатқан Н.Нүсіпжанов.

Сабақтың мақсаты: Әнмен, әншімен танысу. Ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу. Білімділік: Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Нурғали ағамыздың әндері арқылы оқушылардың білімдерін көтеру. Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Кәсіби әншінің ерекшеліктерін танып білу, теориялық музыкалық білімді дамыту.Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып әншінің әндері арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау, Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлау, ойын сабақ. Сабақтың әдісі: Ұқсас пен айырмашылық, бағалау сұрақтары, автор орындығы, бірігіп сурет салу. Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер: 1. Ой қозғау 2. Топтық жұмыс 3. Бейнеролик көрінісі Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: 1. Құралдар: Магнитофон, интерактивті тақта, компьютер, маркер, маркерлік тақта, А 1 форматты қағаз т. б. Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, жасырын сөздер, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері т. б. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, валеология, география, дүниетану. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 - топ «Дарындылар»

2 - топ «Тапқырлар»

3 - топ «Білімділер»

Топ басшыларын сайлау. «Дарындылар» тобының басшысы: «Тапқырлар» тобының басшысы: «Білімділер» тобының басшысы: Шаттық шеңберіне тұрады. Бір - бірлеріне тілек айтады. Ән «Дос болайық бәріміз» Хор. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Енді өткен сабағымызды еске түсіру үшін экрандағы жұлдыздардың сұрағына назар аударып, жауап берейік. 1 жұлдызша ұяшық (Экраннан сурет көрсетіледі) Бұл суреттегі кім?(Бибигуль Толегенова) Е.Хасанғалиев кім? (Әнші, композитор) 2 жұлдызша ұяшық (Роза Рымбаева) ?Қай жылы дүниеге келді?(1940ж) 3 жұлдызша ұяшық (Қайрат Нұртас) ?Қандай шығармалардың авторы?(200 аса әндер мен романстар және хорға арналған шығармалар) 4 жұлдызша ұяшық (Мақпал Жүнісова) ?Қандай мемлекеттерге барып, әндерін паш еткен?(Монголия, Болгария,Югославия, Алжир, Сирия, Ливан, Швеция,Финляндия) 5 жұлдызша ұяшық (Асқар Жүнісбеков) ?Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді? 6 жұлдызша ұяшық (Бейбіт Қорған) Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты? 7 жұлдызша ұяшық (Жеңіс Ысқақова) Е.Хасанғалиев қандай тақырыпта әндер жазды?(туған ел, жастық шақ, махаббат) - Оқушыларды бағалау критерилері арқылы топ басшылары әр айналымнан соң бағаланып ұпай саны айтылып тұрады. Жауап берген оқушыға нота кілтін беріп отырады. ІІІ. Жаңа сабақ: «Армандастар» әнін асқататқан Н.Нүсіпжанов. -Оқушыларға берілетін тапсырма. 1 топқа Н.Нүсіпжановтың өмірбаяны. 2 топқа «Армандастар» әнінің шығу тарихы. 3 топқа Әсет Бейсеуовтың өмірбаяны. Осы берілген тапсырма бойынша постерлерін қорғайды. ( Плакатқа сурет салу, жазу) IV.Ән үйрену.«Армандастар» әні караоке қойылады балалар қосылып айтады. V.- Ендігі тапсырма: Бүгінгі сабақтан түйген ойларың жайлы дәптерлеріңе эссе жазу. Автор орындығы қойылады. Соған отырып жазғандарын оқиды. VI. Жаңа сабақты бекіту. - Мен сендерге бүгінгі өткен жаңа сабағымыз бойынша сөйлем бастаймын сендер сол сөйлемді аяқтайсыңдар. 1. Н,Нүсіпжанов атақты...( әнші) 2. Әнші ол.. (әнді орындайтын адам) 3. Н.Нүсіпжановтың ән қорында... (қазақтың халық әндері және қазақ композиторларыңың әндері бар ) 4. Концерттік сапармен..... (шет мемлекеттерде қазақ әнін насихаттаған) VII. Үйге тапсырма: Н.Нүсіпжанов туралы реферат жазу. «Армандастар» әнін жаттау. VШ. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау. IX. Кері әсер парағы. 1. Бүгін мен не үйрендім? 2. Маған не ұнады/ ұнамады. 3. Жаңа сабақ бойынша пікірің, сұрағың. - Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, келесі сабақта не үйренгілерің келетінін алдарыңдағы стикерге жазып, мына нота сызықтары бойына іліңдер. Мен осы пікірлерді оқи отырып келесі сабақта осыған тоқталып өтемін.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Армандастар» әнін асқақтатқан

Н Нүсіпжанов

Сабақтың мақсаты: Әнмен,әншімен танысу

Дамытушылық: Кәсіби әншінің ерекшеліктерін танып білу,

теориялық музыкалық білімді дамыту

Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

2.Ұйтапсырмасын тексеру:

- Туған ел жайлы қандай әндерді білесіңдер?

- Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді?

- Не себепті «Атамекен» әніхалықтың көңілінен шықты?

- Ән орындау.

3.Жаңа тақырып:

1 топ – «Армандастар» әнінің шығу тарихы

2 топ – Ә. Бейсеуов кім екенін айту.

3 топ – Н.Нүсіпжанов Нұрғали  туралы айту(05.01.1937) - әнші, Қазақстан Республикасының  халық әртісі, Мемлкеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов Талдықорған облысының   Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. Нұрғали Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды.

19 жасқа келген Нұрғалиды ән өнерін кәсіби, жан-жақты білім алу мақсаты алға тартты. Ол 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Нұрғали консерваторияны бітірген соң Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Мұнда ол екі жылдай әншілік қызмет атқарды. Ол жеке әнші болуды аңсады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетіне әкелді. Бұл ұжымда Н.Нүсіпжанов музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы ұжымда Н. Нүсіпжанов (1966 – 1976) он жыл қызмет етті. 1976 жылы Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, ол әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. Нұрғиса Тілендиев Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан.

Әнші Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық оркестрінде кызмет етеді.

4. Постерларын қорғау

5.Дауыс жаттығу

6.«Армандастар» әнін орындау

с. Н.Әлімқұлов

ә. Ә. Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік

Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз де жазылмаған дастан едік

Армандастар - құрдастар


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


Арман қуған, қиял қуған кезің қайда

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар - құрдастар


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

7.Багалау

8.Үйге тапсырма: Н.Нүсіпжанов туралы мәлімет










 

 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее