«Зима 2025»

Арнайы балабақшаларда түзету дамытушы процестерді ұйымдастыру.

разработка по логопедии для логопедов дошкольных организаций на казахском языке

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки


Арнайы балабақшаларда түзету дамытушы процестерді ұйымдастыру.

Өте ауыр тіл мүкісі бар балаларға арналған мектепке дейінгі білім мекемелеріне әртүрлі ауыр деңгейдегі жалпы тілдері дамымаған балалар қабылданады, олар алалия, афазия, риналалия, дизартирия деген түсініктермен анықталады.

Тілдері дамымаған мектеп алты жасындағы балаларының тіл мүкістерінің ерте анықталуы және арнайы оқытулары 3-4жыл бұрын бұзушылықты жеңуге және оларды мектепке дайындап үлгіруге мүмкіндік береді.

2008 жылғы ҚР мемлекеттік білім аймақтарын анықтайды және олар барлық мектепке дейінгі ұйымдар үшін міндетті болып саналады: «Денсаулық», «Коммунация», « Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік». Жалпы тілдері дамыған балалар үшін ерекше орын «Коммуникацйя» аймағы алады, бұл дегенің балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Арнаулы мектепке дейінгі мекеменің спецификасы балалардың тілдерін барлық оқу- тәрбие процесі барысында дамытады. Сондықтан барлық білім беру аймақтарын жүзеге асыру барысында, педагог тіл түзету маманының сабақтарында қалыптастырған тілдік материалдарды бекітуге міндетті.

Тіл түзету маманы тіл дамыту бойынша сабақтарды бар жас ерекшелік топтарда жүргізеді, дұрыс айту және тіл дамыту бойынша –ерекше топта. Мектепке даярлық топта сауат ашу сабағы қосылады.Бұл сабақтарда тіл түзету маманы «Коммуникация» білім беру аймағының мазмұнын жүзеге асырады.

Тіл дамыту және дыбыстарды дұрыс айту сабақтарында тек қана тілдің дыбыстық жағы ғана машықталмай6 сондай-ақ балаларды сауат ашудың негіздері мен таныстыру жұмыстары жүзеге асырылады: Фонематикалық есту қабілеттері дамытылады дыбыстық анализ және синтез жасау дағдылары қалыптастырылады. Сауат ашу сабақтарында фонетикалық қабылдау машықталынады, дыбыстық анализ және синтез, балалар әріптермен танысады және оқудың позициялық әдісін меңгереді. Балаларды ұйымдастыру мақсатында тіл түзету маманы фронталдық шағын топтық және жеке сабақтар өткізеді. Фронталдық сабақ саны балалардың жас ерекшелігіне қарай оқу жоспарын мен анықталады. Шағын топтық және жеке сабақтар сабақ кестесінен тыс уақытта өткізіледі. Шағын топпен сабақ жүргізу барысында тіл түзету маманы балаларды фронталдық сабақтарға дайындайды. Шағын топ құрамын балалардың дайындығына қарай тіл түзету маманы анықтайды және ол өзгертілуі мүмкін. Әдетте жеке сабақтар тілдің айтылу жағын қалыптастыруды көздейді. Тәрбиеші фронталдық сабақтарды айналамен таныстыру бойынша жүргізеді, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша, (« Таным» білім беру аймағы ) құрастыру, бейнелу, жапсыру мүсіндеу бойынша («Шығармашылық») білім беру аймағы. Осы аймаққа музыка сабақтары да кіреді. Денсаулық білім беру аймағы дене тәрбиесі сабағымен берілген. Ересектер тобындағы тәрбиеші жүргізетін көркем әдебиет сабақтары «Коммуникация» және «Әлеуметтік» білім беру аймақтарының базалық мазмұнының құрамымен жүзеге асырылады. Қазақ тілін үйрету маман педагогтың шағын топпен жұмыс жүргізу барысында жүзеге асырылады.Бұл сабақтар тек тілдік дамудың 4-ші деңгейіне көтерілген балалармен жүргізіледі. Шағын топқа әртүрлі жастағы, бірақ міндетті түрде тілдік дамудың бірдей деңгейіндегі балалар біріктіледі.





Бірінші сәбилер тобы.

Бірінші сәбилер тобына 2 жастан 3 жасқа дейінгі сөйлемейтін балалар қабылданады. Олардың арасында тілдік дамуларының тежелесі бар балалар және 1деңгейлі жалпы тілдері дамымаған балалар болуы мүмкін. Топ құрамы 10 балаға дейін болуы қажет.

Бұл тілдік күйлердің жеке диагностикасы комплекетік тексеру барысында жүзеге асырылады, бұған соны мен қатар психикалық және тілдік процесстердің ауытқу сараптамалары да енеді. Алғашқы ауытқудың сәйкестігі және оның зардабы, басты ауытқуды анықтау (тілдік немесе интелетуалдық). Балалар анамнезін тексерген маңызды, бұл дегенің құрсақта жатқан кезеңде, босану кезінде немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында, жиі суық тиіп ауыру кезінде пайда болған ми дамуының зақымдалуын анықтау. Балалардың тілдерінің тілдерінің дамымауы көбінесе әлеуметтік жағдайы жоқтықтың салдарынан пайда болады: отбасындағы шиеленіс жағдайлардан, тәрбиенің дұрыс емес әдісінен, қос тілдіктің және т.б. салдарынан. Бірақ барлық балаларда тіл кеш пайда болады. Оқу процессінде балаларға динамикалық бақылау жүргізу тілдік дамудың тежелісі мен жолып тілдің дамымауын шектейді.


Бірінші сәбйлер тобының оқу жоспары.


Оқу іс-әрекетінің түрлері.

Тіл түзету маманы.

Тәрбиеші.

Музыка жетекшісі.

1.

Денсаулық. Дене тәрбиесі


2


2.

Коммуникация. Тіл дамыту

2



3.

Таным. Айнамен таныстыру


1


4.

Шығармашылық. Музыка тәрбиесі. Бейнелеу Мүсіндеу Жапсыру Құрастыру





0,5

0,5

0,5

0,5

2


Барлығы: 9 сабақ ұзақтығы 10-15 минут. Балалармен жеке және шағын топтық сабақтарды тіл түзету маманы күнделікті 10-15 минуттан өткізіп отырады. Шағын топтық сабақтардың санын тіл түзету маманы анықтап отырады, жеке сабақтар әр баламен аптасына 3 сабақтан кем емес.

Сабақтың жетекші түрі-ойын. Ойында тілдің мотиевациялық негізі қолыптасады. Сабақ педагогпен бірлескен іс- әрекет түрінде ұйымдастырылады.

Тілдің қалыптасуы тақырыптың таңдау негізінде жүзеге асырылады. («Ойыншықтар», « Аңдар», «Көкіністер», «Жемістер», «Отбасы» және т.б.)

Тақырыппен біріктірілген сөздер топтамасымен балалардың танысуы оларды естерінде сақтап, меңгерулерін жеңілдетеді.

Тақырып арнаулы балабақшалардағы оқу процесі барысында қайталанып отырады, ал бұл дегенің тақырып бойынша мәліметтеркөлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, тілдік әдістерді күрделендірген түрін меңгеруге жағдай жасайды. Бір тақырып шамамен 2 немесе 4 апта меңгеріледі.

Тіл түзету маманы мен тәрбйешінің сабақтары шағын топпен қатар 10-00ге дейін жүргізіледі. Қалған уақытта тіл түзету маманы жеке жұмыстар жүргізеді. Күннің екінші жартысында тәрбиеші тіл түзету маманың тапсырмасы бойынша жеке жұмысты жүзеге асырады: балалардың тілдік біліктерін бекітеді, назарларын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ саусақ моторикасын дамытады. Күннің екінші жартысында деректолог, музыка жетекшісі өз жұмыстарын жүргізе алады, дене тәрбиесі сабағы өткізіледі.

Баланың топқа келіп жүрген кезінде жақсы орта қалыптастыруы, тілдегі болып жатқан әрбір жақсы өзгерістерге, баланың тәртібіне мақтау айтылуы қажет.

Ересектер мен балалардың қарым- қатынасы ана мен баланың арасындағыдай қарым- қатынасты еске саларлықтай болуы қажет, мұндай қарым- қатынас эмоционалды – жақсы психологиялық ауа –райын жасауға ықпал етеді.

Жеке сабақтар ұзақтығы балалардың тілдік мүмкіндіктеріне байланысты. (15 дейін)

Логопедиялық сабақтардың төмендегідей құрамын өткізуге кеңес беріледі:

1. Ұйымдастыру сәті;

2. Психикалық процестердің дамуы (қабылдау, көру және есту назары, есте сақтау, ойлау қабілеттері).

3. Тілді түсіне білуді дамытуға арналған жаттығулар.

4. Балалар тілдерін жандандыру.

5. Артикуляция мүшелерін (органдарын )белсендіру.

6. Дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды айту.

7. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.

Бірінші сәбилер тобындағы оқыту процессінің соңында балалар өз құрдастарымен және ересіктермен байланысқа (сөз байланысы) жеңіл түсулері қажет.


Тіл түзету маманы тәрбиешілермен әдістемелік жұмыс жүргізеді.



  1. Балалардың тілдік дамулары бойынша тәрбиешіге нұсқау береді.

  2. Түзету тобындағы жұмыстың перспективті жоспарын құру.

  3. Дыбысты автоматизацияларды жасау.

  4. Балаларды сауат ашуға үйретеді бірлесе жүргізу.

  5. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар өткізу.

  6. Шараларды бірлесіп өткізуге дайындық (ата-аналар жиналысы, ертеңгіліктер, ашық сабақтар).

  7. Бірлесе отырып ата –аналарға нұсқаулар беру.

  8. «Бақытты жағдай» тақырыбына ойын түрінде педагогикалық кеңес өткізу.

Тәрбиешілер тіл дамытудан ашық сабақтарды өткізу барысында түзету міндетерін ескерулері қажет.

Қаралып отырған топтағы балалар арасында кездесетін кейбір лексикалық – грамматикалық дамудың тежелісін ескере отырып, түзету оқыту жүйесінде сөздікті кеңейтуге және нақтылауға және грамматикалық дұрыс байланыстыра сөйлеуді тәрбйелеуге бағытталған жаттығулар қарастырылады.

Байланыстыра сөйлеу дағдылары дамымаған мектепке дейінгі:

  • Оқиғалар арасындағы себеп – салдар қатынасын Жетекшілікте ажырата алмау;

  • Шынайы өмірді өте тар ұйымда қабылдау ;

  • Тілдік тәсілдердің жетіспеушілігі;

  • Монологты жоспарлауда қиналысқа түсуі;

Сондықтан балалардың өмірлерінің жетінші жылында байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру үшін бірнеше кеңестер өткізілуі тиіс. Балалардың тілдік даму деңгейлеріне байланыстыра сөйлеуді оқытуды жүйесінің негізгі 3 нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Байланыстыра сөйлеу деңгейі жоғары қалыптасқан топтардағы балаларды оқыту барысында, педогогтарға төмендегнідей шығармашылық әңгімелеуге кеңес береді:

  • Әңгімеге алдыңғы немесе соңғы оқйғаларды кірістіру;

  • Берілген әңгімеге ұқсас, тек уақыты мен ақырұғы іс әрекетті өзгертілген әңгіме құрастыру,

  • Әңгімеге объектіні қосу (немесе алып тастау);

  • Ойыншықтар жиынтығы бойынша әңгіме құрастыру;

  • Аралатпай жабық сюжетті сурет бойынша әңгімелеу;

  • Таныс кейіпкер бойынша әңгіме ойлап шығару;

  • Әңгімені тақырыбы бойынша құрастыру;

  • Бірнеше көмекші сөздер бойынша құрастыру;

Балалардың орташа тілдік мүмкіндік деңгейлері бойынша:

  • Сюжетті суреттер сериясын қолдана әңгіменің түсінігін айту;

  • Тіркеш дыбыстарды қолдана отырып әңгіменің түсінігін айту;

  • Сюжетті суреттер сериясы бойынша (шығармашылық элементерімен) әңгіме құрастыру;

  • Бір сюжетті сурет бойынша (шығармашылық элементтерімен) әңгіме құрастыру ;

  • Сипатау әңгімелерін құрастыру (сызбаны қолдана отырып) ;

  • Шығармашылық әңгімелеу;

Егер балалардың басым көпшілігінде байланыстыра сөйлеу қалыптарының деңгейі ортадан төмен болса, аталып көрсетілген әңгімелеу түрлерінде мазмұны қарапайым, түсінікті, мәтіндерді қолданылған дұрыс болар еді.

Ұсынылған сызбадағы күрделенудің өсуі байланыстыра сөйлеудің қосымша тәсілдерінің дамуының бірте-бірте азаюына орай жүзеге асырылады. Бұған көрнектіліктің барлық түрлерін, сондай-ақ сөйлеу жоспарын әрлеу жатады. Оларды нақтырақ қарастырайық. Сюжетті суреттерді қолдана отырып түсінік айтқанда көмекші құрал ретінде мәтін қолданылады, ол балалар тілдерін

қажетті лексикалық- граматикалық құралдармен, сондай-ақ сөйлеу, сөйлеу жоспарын құрастыруды жеңілдететін көру көрнекілігімен толықтырады.

Тірек дабдылдары бойынша түсінік айтқанда сызба суреттер қолданылады.

Тірек суреттер көру жаспары бола отырып, байланыстыра сөйлеу процессіне бағыттайды.

Келесі 2 кезеңде- суреттер сериясы және бір сурет бойынша құрастырылған әңгімеде – мәтіндік үлгі жоқ , бірақ педагог өзі реттеп отыра алатындай көмекші көрнекілікпен қамтамасыз етілген. Сипаттау әңгімесін құрастыру үшінбалаға заттың немесе обьектінің сапасын бөліп көрсетуге тура келеді, мазмұнын реттеп қоюға, сондай-ақ сол мазмұнды естерінде сақтау балаларды біраз қиындыққа әкеліп соқтырады.

Қарастырылған сызбалар бұл мәселелерді шешуге көмектеседі, яғни әңгімелеудің мұндай түрі балалар еңбегін біраз жеңілдетеді. Оқытудың кез –келген жүйесінде жәй нәрседен күрделіге қарай өрбитін іс- қыимыл болуға тіиісті. Түсінік айту ересектер және мектепке даярлық топтарында қолданылады, бірақ аталған соңғы топқа мазмұны бай мәтінді алу ұсынылады, ал көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда үлкейтілген. Дәл осылай сюжетті суреттер сериясы туралы да айтуға болады. Мектепке даярлық топтарды бөлімдердің күрделенуі жүріп отырады, бұл:

-Әңгіме кійіпкерлерінің іс- әрекеттерінің нұсқаларын талдау, олардың әртүрлі жағдайдағы мүмкін болушы тілдік реокциялары ;

-Басты кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің негізді паралатты бағалары;

-(Әңгіме боиынша) сөйлеу сәттерін көрсету;

- Әңгімедегі іс- әрекетердің себеп – салдар бағыныштылығын қою;

Барлық сабақтардың құрамды бөлігі болып әңгіме сараптамасы табылады немесе басқаша айтқанда мазмұнына қарай берген балалардың жауабы.

Сұрақтардың мұқият дайындалып, жасалуы өте маңызды. Бұл сұрақтарға балалар құрастырған әңгімелердің сапасы байланысты. Әңгіменің мазмұнына және ондағы оқиғалардың жүйелегіне орай педагогтың сұрақ қою өте маңызды.



























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее