«Зима 2025»

Ашық сабақ"Көңілді қыс"

Тақырыбы : Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын сезіне білуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: «Коммуникация » «Таным», «Шығармашылық» «Әлеумет» «Денсаулық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Құрастыру , Сурет салу ,
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту. Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.
Көрнекілігі: Қыз мезгілінің суреттері.

Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?
Балалар: Әрине.
Тәрбиеші:

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
Балалар: Адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шана, шаңғы тебемез.
Тосын сәт: Топқа Маша мен Аю қонаққа келеді.
Маша мен Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Маша: Балалар менде неше түрлі пішіндер бар, сол пішіндерден аққала жасауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Көмектесеміз.
Балалар Машамен бірге пішіндерден аққала жасайды.

Тәрбиеші: Біздің балаларымыздың қыс мезгілі туралы тақпақтары бар.


О, алақай қыс келді, Флора

Бізге қуаныш әкелді.

Дала қарға оранды,

Бала біткен қуанды.

Елемейді ешкімде, Аяулым

Суық пенен боранды.

Күні бойы тынбайды,

Суығына тоңбайды.


Жапалақтап ала қар Айзере

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.
Маша: Жарайсыңдар, балалар. Енді менің сурет салғым келіп тұр.
Тәрбиеші: Олай болса сендер Аю екеуің балалармен бірге сурет салуға көмектесіңдер.
Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
1 - топ: «Аққала» тобы.
2 - топ: «Ұлпа» тобы.
1 - топ: «Аққала» тобы монотопия әдісін қолдана отырып аққаланың суретін салады
2 - топ: «Ұлпа» тобы көк түсті қағазды алып, ақ түсті гуащь бояуына қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, бояуды түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.
Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.

Маша мен Аю: Балалар, сендерге көп рахмет. Өте қызықты болды бүгінгі іс - әрекеттерің. Енді қайтайық, қош сау болыңдар.
Тәрбиеші: Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Сау - саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс қызығын тамашалады.
Игерді: Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.
Меңгерді: Балалар түтікшемен қардың және монотопия әдісін пайдалана отырып әйнекке саусақ қимылдары арқылы сурет салды.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее