«Зима 2025»

Ашық сабақ тақырыбы "Мәңгілік ел" 8-класс

Мәңгілі ел ашық сабақ 8 г сыныбы.Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки



















































07.12

8 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Мәңгілік Ел

Жалпы мақсаты:

Мәңгілік Ел сөзінің мағынасын ашу

1-САБАҚ

САБАҚ ЖҮРІСІ























  1. Ұйымдастыру. (мұғалімнің кіріспе сөзі)

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.

2.Қызығушылығын ояту. (бейне фильм) президент жолдауынан үзінді

Оқушылардың пікірін тыңдау

  1. Миға шабуыл. «Ойлы болсаң – озып көр»

Астана қаласының тарихы деген видео қосылады, көріп болған соң оқушыларға сұрақтар қойылады.

 
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)


4. Топқа бөлу (сиқырлы қалпақшадан оқушыларға қима қағаз алу тапсырылады, сол қима қағаздағы сөздерге қарап бөлінеді.) Оқушылар үш топқа жайғасады,әр топқа бірдей тапсырма беріледі.( топтың аттары: Мәңгілік Ел жобасын жасау.

5. Сергіту сәті (экранға назар аударыңыздар)

6. Деңгейлік тапсырма ( әр оқушыға жеке тапсырма таратылады )

1. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

2. Қазақстанның қазба байлықтары

3. Көп ұлтты Қазақстан

Балалардың жеке тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар қайтадан орындарын ауыстырады. Орындарын ауыстырған соң топтық тапсырма орындалып, әр оқушы өз ойларын қысқаша жеткізеді.

Қорытынды сөз: Елбасымыз өзінің жолдауында айтып кеткендей,Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтатын да, ең абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер.Сондықтан да әрбір күндерініз мерекелі, әрбір істеріңіз берекелі болсын.

Балалар бүгінгі ой пікірлеріңіз үшін үлкен рахмет.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее