«Зима 2025»

Ата -ана жиналысы "Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі"

Ата-ана жиналысында қолданылатын тренинг сабақта сынып жетекшілер ата-ананың тәрбиедегі рөлі туралы біраз ақпараттар мен жатығулар берілген. Жақсы әдістемелік құрал болып табылады.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тренинг сабақ

Тақырыбы: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

Көрнекіліктері:Слайд, қағаздар, шам, доп,  жаднама, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

2. «Біз біргеміз!» қызықты сұрақтар жаттығулар.

3. Ситуациялық сұрақтан шығу.

4. Ой- толғаныс «Жалғасын тап»

5.Өлең шумақ

6.Қорытынды

1. Баяндама оқу

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

2.Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Сабаққа дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15. Балаңыз кеше қандай баға алды?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

3. Ситуациялық сұрақтар.

Сынақ; Мына үстел үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

- Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

-Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

-Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

-Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

-Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

-Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

- Сізге мектептегі мұғалімдерден 
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 -Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»
Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
-Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?
  -Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?
-Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?
-Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Ауызша қою

-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

-Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

-Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

- Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

4.Жалғасын тап:

Сәби бақыты, ол –
Ата - ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер - азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

5. «Өлең шумақ» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір - бірден оқып талдайды.
6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі тренинг - сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!

6.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.

Рефлексия

Аты-жөні--------------------------------------------------------------

Менің тренинг барысында түйгенім--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Маған ең пайдалы, құнды болған-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қолы------------------------------------

«Өлең шумақ» ойыны

Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырыңыз

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА

Сәби бақыты, ол _________________________________________________
Ата - ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер - азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол

Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

Сізге мектептегі мұғалімдерден 
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»
Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

 Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Серия олимпиад «Зима 2025»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее