«Зима 2025»

Ауыл мектебіндегі жеткіншектердің қарым-қатынасын зерттеу

Қазіргі кезеңде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласында жеткіншектік кезеңде тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол жеткіншектердің жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын жеткіншектердің жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Ал жеткіншектердің тәрбиесіне, дамуына жеткіншектік кезеңнің ықпалы аса зор.

Жеткіншектік шақ деп адамның 11-16 жас аралығын айтамыз. Осы бір ең қысқа астрономиялық уақыт ішінде жеткіншек өз дамуындағы ең үлкен жолды жүріп өтеді. Бұл жолды өзімен өзінің және басқалармен өтетін ішкі қақтығыстары арқылы сыртқы әсерлердің көмегімен жеке адамдық сезімдерін жинау арқылы жүріп өтеді. Сонымен қатар дүние оған дем беріп, жігерлендіре түседі.

Жеткіншек кезеңі жалпы процесс кезіндегі жеке тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. «Жеткіншек» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.

Қазіргі ақпараттың қоғамда жеткіншектердің ересектер статусына ұмтылуына аз нәтижелі арман ғана. Сондықтан осы кезеңде жеткіншектер ересектену сезімін емес, жастың толық еместігі сезімін жақтайды. Жеткіншектік шақтан ересектікке өтуі қалыпты мінездеме үрдісіндегі қарқынды мақұлдау, тәуекелге талпыну, өзінің қабілеттілігін тексеру. Жеткіншектік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыдан тәуелді болып қалады. Өмірге келген сәттен бастап заттық дүниеде өмір сүргендіктен, оның қызметі шектелгендігінің мәнділігін түсіне оттырып, жеткіншек осы өмірге ой жүгірте бастайды.Соның арқасында ол жеткіншектік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге талдау жасау арқылы жеткіншек тұтынушыға айналады. Затты тұтыну оның өмірінің мазмұны болып қалады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр түрлі құндылықтарды жинайды.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ж. ШАЙЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ КММ

ОМИРАЛИЕВА Г.М.


АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ


Қазіргі кезеңде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласында жеткіншектік кезеңде тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол жеткіншектердің жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын жеткіншектердің жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Ал жеткіншектердің тәрбиесіне, дамуына жеткіншектік кезеңнің ықпалы аса зор.

Жеткіншектік шақ деп адамның 11-16 жас аралығын айтамыз. Осы бір ең қысқа астрономиялық уақыт ішінде жеткіншек өз дамуындағы ең үлкен жолды жүріп өтеді. Бұл жолды өзімен өзінің және басқалармен өтетін ішкі қақтығыстары арқылы сыртқы әсерлердің көмегімен жеке адамдық сезімдерін жинау арқылы жүріп өтеді. Сонымен қатар дүние оған дем беріп, жігерлендіре түседі.

Жеткіншек кезеңі жалпы процесс кезіндегі жеке тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. «Жеткіншек» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.

Қазіргі ақпараттың қоғамда жеткіншектердің ересектер статусына ұмтылуына аз нәтижелі арман ғана. Сондықтан осы кезеңде жеткіншектер ересектену сезімін емес, жастың толық еместігі сезімін жақтайды. Жеткіншектік шақтан ересектікке өтуі қалыпты мінездеме үрдісіндегі қарқынды мақұлдау, тәуекелге талпыну, өзінің қабілеттілігін тексеру. Жеткіншектік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыдан тәуелді болып қалады. Өмірге келген сәттен бастап заттық дүниеде өмір сүргендіктен, оның қызметі шектелгендігінің мәнділігін түсіне оттырып, жеткіншек осы өмірге ой жүгірте бастайды.Соның арқасында ол жеткіншектік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге талдау жасау арқылы жеткіншек тұтынушыға айналады. Затты тұтыну оның өмірінің мазмұны болып қалады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр түрлі құндылықтарды жинайды.

Жеткіншек үшін анықталған бір заттың түрлерін шешу, өзінің жеке адамдық сезімін қолдау үшін мәнді бола бастайды. Мұндай уақыт ішінде жеткіншектер тек қана дене бітімі жағынан ғана есеймейді, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік жағынан есейеді.

Жеткіншектердің даму үрдісінде көптеген шарттар болады, бір бағыт бойынша даму бағыттылығы тез жүрсе, ал басқада ол баяу жүреді. Сондықтан жеткіншектерде балалық шақпен есею кезеңі қатар жүреді, ал жеткіншектермен құрдастары бір-бірімен даму кезеңіндегі әр түрлілігімен ерекшеленеді 1, б.8.

Қарым-қатынас негізінде жеткіншектердің жеке бас қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас жеткіншектердің танымдық үдерістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал жеткіншектердің өзін-өзі дамытып, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де жеткіншектердің ересектермен және басқа жеткіншектермен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы жеткіншектердің қарым-қатынасының мәнділігі әркімге - психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі жеткіншектердің әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, жеткіншектердің қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті. Жеткіншек кезеңдегі қарым-қатынастың жеткіншектердің жеке адам ретінде дамуында алатын орнына, роліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес.

Жеткiншек кезеңдегi қарым-қатынас аймағының ерекшелiктерi мен дамуын эксперимент түрiнде зерттеу және теориялық тұрғыдан жалпылау үшiн А.В.Запорожец жетекшiлiгiмен КСРО, Педагогика ғылымының Академиясының жанындағы жалпы және педагогикалық психология ғылыми Зерттеу Институтында арнайы лаборатория ашылды. Қарым-қатынас механизмдерi мен оның өзгерiп, даму, жетiлу жағдайлары кеңестiк ғалымдардың - философтар мен социологтардың (М.С.Каган, Д.Б.Парыгин, И.С.Кон), психолингвистердiң (Л.А.Леонтьев), әлеуметтiк психология (Б.Ф.Поршнев, Г.М.Андрева), жас ерекшелiк және бала психологиясы (В.С.Мухина, Я.Л.Коломинский), педагогикалық психология (В.А.Кан-Калик) саласындағы мамандардың зерттеу пәнiне айналды 2,б.135.

Қарым-қатынасты зерттеу мәселесiмен айналысушы ғалымдардың көпшiлiгi (А.Г.Ковалеев, М.Ф.Добрынин, М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский, В.С.Мухина, А.Кальпинский, және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруда қажетсiну, басқа адамды танып-бiлуге ұмтылу, ниет бiлдiру ерекшелiктерiн тағайындаған.

М.И. Лисина, А.Г. Рузская, С.Ю. Мещерякова, Г.Х. Марипова және т.б. еңбектерiнде қарым-қатынас мотивi «затталған қажеттiлiк» деген А.Н. Леонтьев түсiндiрмесiне негiзделiп, адамның қарым-қатынаста танымдық iскерлiк және жеке бас мотивтерi болатындығын, баланың коммуникативтiк мотивтерiнiң топтары мен генезисi сипатталады 3, б.87.

Қарым-қатынас анықтамасындағы (М.И. Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесi ретiнде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынды. Нақтыласақ, жалпы нәтиже – өзара қатынас (Я.Л. Коломинский), таңдамалы бауырластық (С.В. Корницкая, Р.А. Смирнова), қарым-қатынас субъектiлерiнiң бейнесi (А.А. Бодалев, Н.Н. Авдеева, А.Н. Силвестру) деп қарастырылады.

Әдебиеттерге талдау жасай отырып, қарым-қатынас механизмдерiне қарым-қатынастың тиiмдiлiгiн анықтайтын, өзара түсiнiктi сипаттайтын күрделi психологиялық құрылым деп түсiнемiз. Осы орайда В.С. Агеев, А.А. Бодалев сынды ғалымдар топ iшiндегi және өзара қарым-қатынастың механизмдерiн көрсетiп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектiсiн жатқызады.

Қоғамымыздың қазiргi даму кезеңi әлеуметтiк ортаның барлық саласын қайта құрумен, әлеуметтiк-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруiмен сипатталады. Бұл қазiргi кездегi жеткiншектердiң әлеуметтiк жағдайдағы дамуына, қарым-қатынас сферасына үлкен өзгерiстер келтiредi. Ауыл жағдайында бiлiм алатын жеткiншектердiң қарым-қатынас ерекшелiктерi олардың тұлғалық дамуына әсерiн тигiзедi. Бұл ерекшелiктердi ауыл жағдайындағы психологиялық қызметте ескеру қажет. Социумде жеткiншек әлеуметтiк ролдердiң жүйесiн орындайды, бұл әрекеттерге жеткiншектiң даярлығы мен қабiлеттiлiгi қарым-қатынас дағдыларының қалыптасу деңгейiнiң объективтi көрсеткiштерi болып табылады.

Жеткiншектiң қоғамға енуi жанұя, мектеп, қатарластарының тобы, ересектер ортасы арқылы қарым-қатынас процесінде жүзеге асады. Жеткiншектiң тұлғалық, психикалық дамуында негiзгi орынды әлеуметтiк қатынастар жүйесi алады. Осы кезеңде қатарластарымен қарым-қатынасы бала үшiн құнды әрi маңызды болып табылады. Қатарластарының тобында жеткiншектер әр-түрлi әлеуметтiк iс-әрекеттерге атсалысу арқылы әлеуметтiк қарым-қатынас сферасын кеңейтедi. Бұл тұлғаның рухани-адамгершiлiк қасиеттерiнiң, мотивтерiнiң, құндылықтарының қалыптасуына әсер етедi. Жеткiншектерде қатарластарымен қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас барысында өзiн-өзi тану, әлеуметтiк статусқа ие болу қажеттiлiктерi доминантты болады.

Бұл қажеттiлiктердiң қанағаттануы барысында жеткiншек қоғамдық талаптарды игередi, ортаға бейiмделiп, әр-түрлi мәселелерге қатысты өз көзқарасын қалыптастырады. Олардың iс-әрекетi мен қылығына қатарластарының, достарының пiкiрi ерекше әсер етедi. Жеткiншектердiң қатарластары тобымен үнемi қарым-қатынас жасауы осы топта статусқа ие болу талпынысын тудырады. Бұл жеткiншектiң қылығы мен iс-әрекетiндегi доминантты мотивi болып табылады. Топ оның беделiн мойындауы үшiн жеткiншек өз көзқарастарына қайшы әрекеттерге де баруы мүмкiн.

Ауыл жағдайындағы жеткiншектердiң қарым-қатынасын зерттеу нәтижесiнде доминантты тенденциялардың ерекшелiгi зерттеледі. Өз-өзiне сенiмдiлiк, басқаларға талап қою, сенiм арту адаптивтi деңгейде қалыптасқан. Яғни, жеткiншектер топтағы қарым-қатынасында өзiне сенiмдiлiк, тәуелсiздiк, iскерлiк көрсете алады. Эгоизм, қаталдық топ iшiнде бейiмделуге кедергi келтiредi. Сонымен қатар, достарына сын көзқараспен олардың әрекетерiне баға беру, сыйлау, сенiм арту адекватты қалыптасқан.

Тенденциялардың iшiнде аралық деңгейде доминанттылық, басқаға жол беру, мейiрiмдiлiк пен көмекке даярлық орын алады. Жеткiншектерде әлi де болса қарым-қатынас құру дағдылары толық жетiлiп, қалыптаса қойған жоқ. Тәуелсiздiк ересек болу түсiнiгiмен байланысты қабылданатындықтан оны басқаларға басымдылық көрсету, доминантты болу арқылы өтеуге тырысады.

Нәтижесiнде өзiне жауапкершiлiктi алу жеткiлiктi мөлшерде атқарыла алмайды. Кей жеткіншектерде ұяңдық, ұялшақтық, өз көзқарастарын қорғай алмау, топтың әсерiне конформизм, басқалардың кемшiлiгiне ескерту жасай алмау қарым-қатынасындағы қиыншылықтардың себебi болып табылады.

Жеткiншектердiң негативизмi, қыңырлық дезадаптивтi тенденция болып табылады. Ол ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынаста айқын бiлiнедi. Соның салдарынан жеткiншектер басқаларға сенбейдi, қызғаншақтық, өкпешiлдiк, өткендi ұмыта алмаудан қарым-қатынасында қақтығыстар туып, әлеуметтенуiнде, ересек кезеңге өтуiнде кедергiлер орнайды.

Жеткiншектердiң аралық және дезадаптивтi тенденцияларын қарым-қатынасына керi әсер ететiндiктен, тренинг және индивидуалды-коррекциялық тәсiлдермен дамытуды қарастыру қажет 4, б.329.

Жеткiншектердiң қарым-қатынасына әсер ететiн – қарым –қатынаста ашық және белсендi бола алмауы. Көптеген жеткiншектерде көпшiлiк ортасынан бас тарту, жалғыздыққа талпыну, тiл табысуда белсендiлiктiң жеткiлiксiздiгi салдарынан әлеуметтiк ортаға бейiмделуi нашар болады. Бұл жеткiншектiң күрделi ситуацияларды шеше алмауына, эмоциялық тұрақсыздығының күшейуiне әкеледi. Эмоциялық тұрақсызыдығы мазасыздығының, әсiресе мектептен мазасыздану, өзiндiк баға бергенде сенiмсiздiк таныту, сыртқы бағаға тәуелдi болу және қарым-қатынастағы мазасыздықтың өсуiне әкеледi. Бұл ерекшелiктер қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасында өзiне бағытталған сынды адекватты қабылдауына кедергi келтiредi, жеткiншектiң ортаға әлеуметтiк бейiмделуi нашарлайды. Сондықтан, ауыл жағдайындағы жеткіншектер мен профессионалды жұмыста психологиялық көмек көрсетуде қарым-қатынас дағдыларын дамыту жұмыстарын жүргiзудi қолға алу қажет. Осы мақсатта топтық тренинг әдiстерi және индивидуалды-коррекциялық тәсiлдер жақсы нәтиже бередi.



















ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Шериязданова Х. Әңгiмелесудiң сыр-сипаты/Х.Шериязданова. – Бастауышмектеп, 1986, № 12.

  2. Аверченко А.К. Управлелние общением/ А.К.Аверченко. - М.: Просвещение, 1999. – 200 с.

  3. Лисина М.И. Возрастная психология/М.И.Лисина. - М.: Просвещение, 2001. – 456 с.

  4. Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста/Ф.Райс. – СПб: Питер, 2000. – 624 с.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее