«Зима 2025»

Баяндама: "Шағын жинақталған мектепте педагогикалық процесін ұйымдастыру ерекшелігі"

В этом докладе организация педагогической деятельности в малокомплектной школе.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы

Сәуле орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Уалиева Рабиға Қапарқызы

Шағын жинақталған мектепте педагогикалық процесті

ұйымдастыру ерекшелігі.

Егемен еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектебінің де қосар үлесі мол.

Шағын жинақты мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Шағын жинақталаған мектептің ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Осы орайда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыруда бірдей жастағы немесе білім саласы бойынша пәнаралық байланыстары бар пәндерді біріктірген тиімді. Мұндай ұстаным балалардың ерекшелігіне сай әртүрлі жастағы ұжымда бейімделуіне мүмкіндік береді.

Өркениетті елдер деңгейіндегі білім беру, ойлауы қабілетті, рухани байлығы жоғары, мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады. Шағын жинақталған мектептің беделін көтеру, педагог мамандарды бүгінгі өмірге бейімді және жаңа талапқа сай деңгейде даярлау,сонымен бірге мұндай мектептің жұмысын жақсарту, оқу-тәрбие сапасын көтеру - әлеуметтік-экономикалық әрі педагогикалық мәселе болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуына мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.

Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігіне тоқталар болсақ:

1.Екі сыныптың оқу бағдарламаларын сәйкестендіру.

2.Екі сыныптың оқу сағаттары, жүктемелерін сәйкестендіру.

3.Пән бойынша оқу мазмұнының, бөлімдер мен сәйкес келуі.

4.Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының сәйкестігі.

5.Күнделікті оқу жоспарының сәйкес келуі сияқты жұмыстарды пән мұғалімі алдын ала нақты жоспарлап жасау керек.

Мысал ретінде 2 сынып пен 4 сынып алатын болсақ, оларды сәйкестендіретін төмендегі оқу құжаттары жатады:

-Бағдарламалар; -Сағат саны; -Күнтізбелік жоспарлар; -Тақырыптар;

-Күнделікті сабақ жоспарлары

Шағын жинақталған мектептің білім беру процесін ұйымдастыру.

Шағын жинақталған мектептің білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен анықталады. Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру.Бастауыш сыныпта екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан аспау керек. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.Бiрiншi сынып оқушыларын ,сондай-ақ мектепалды даярлық сыныптарын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ жеке режимде жүргізіледі. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту қажет.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Бірпәндік оқыту принциптері белгілі бір пән мазмұнындағы тақырыптарды (мазмұны ұқсас немесе мазмұны әр тектес) кіріктіре оқытуға негізделген. Мұндай сабақтарда мұғалім, алдымен, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпта мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды анықтап алуы керек. Сондай-ақ мұндай сабақтар жоғары сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Бірпәндік оқыту принциптері бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда қолданылады. Ал бірпәндік сабақ дегеніміз – біріктірілген сыныптарда бір ғана пән бойынша өткізілетін сабақ. Бір саладағы сабақты өткізетіндіктен, мұғалім назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай аударады.Бірпәндік сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін сабақ кестесін дұрыс құру керек. Ол үшін мұғалім пәндерді біріктіргенде, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеруі керек. Сабақ кестесін тиімді құрастырудағы негізгі мәселе – ұқсас пәндерді дұрыс біріктіру. Бірақ пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндіктері бойынша пәндер екі топ құрайтынын ескерген дұрыс. Бірінші топқа шартты түрде математика, қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, технология сияқты, яғни өзіндік жұмыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа табиғаттану, ана тілі, ән сабағы, дене шынықтыру пәндерін жатқызуға болады. Сабақ кестесін құрастырғанда, бірінші және екінші топ пәндерін біріктіруге болатынын есте ұстаған жөн. Сондықтан сабақ кестесін құрастырғанда пәндік біріктіру жүйесін енгізген дұрыс. Себебі бірнеше сыныпта сабақтың кейбір кезеңдерінде біріктіріп оқыту арқылы мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс уақытының мөлшерін арттыруға мүмкіндік туады.

Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:

сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;

– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;

– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;

оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;

– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;

– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;

– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;

– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;

– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.

Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып, өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы жүзеге асырылады.

Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Біздің Сәуле орта мектебі де шағын жинақталған мектеп деп саналады. Бірақ мектебімізде сабақтар әр сыныпта жеке өткізіледі. Мектебіміздің әр ұстазы оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін меңгере отырып, тынымсыз еңбек етуде.

Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.





Ақмола облысы

Еңбекшлідер ауданы

Сәуле орта мектебі







Облыстық тамыз кеңесі

Тақырыбы: «Шағын жинақталған мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру ерекшелігі»









Оқыған: бастауыш сынып мұғалімі Уалиева Рабиға Қапарқызы











2013 жыл

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее