«Зима 2025»

Бала тәрбиесі - жауапты іс

Балабақша тәрбиешілеріне арналған бала тәрбиесіне байланысты баяндама. Мақалада автор өз ойымен бөліседі

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Бала тәрбиесі- жауапты іс!

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»-деп дана бабаларымыз бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін бір ауыз сөзге сиғызған. Қоғамның алғашқы ұйытқысы –отбасында , бала үлкендермен араласады.Баланың қоғамдық,әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.

Бала -жас шыбық, қалай бейімдесек, солай өседі, жақсы мен жаманды бірдей қабылдайды. Халқымызда «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер; әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер,» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған.

Ата-ана өзінің мінезі,дағдысы,сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті,жылуды,сүйіспеншілікті қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

Дүниенің тамаша туындысы- тамаша тәрбие алып шыққан бала болып табылады. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Ержетуі,бойындағы адамгершілік, еңбексүйгіштік, сыйластық қасиеттері отбасында қалыптасады, сондықтан,

Туған үйден алатын жылу-оның көкірегінде ұзақ жылдар сақталады.

Бала үшін ата-ананың орны ерекше. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы, сол себепті баланың еңбекқор, тәрбиелі, тәртіпті болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.Бүгінгі тілазар бала, кешегі-Сіз.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі-деген Әл-Фараби.

Сонымен, қорыта келе жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам, балабақша,ұстаздар қауымы,ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болады.

Балаларымызды отансүйгіштікке,ата-баба салт- дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу –жауапты іс, баршаға ортақ міндет.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен, баланың бас ұстазы -ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Отбасында әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке – отбасының асыраушысы,қамқоршысы,тірегі. Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы,шуағы.Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп,отбасын бақытқа бөлейді.

Ата-анаға баладан артық ешнәрсе жоқ,сондықтан да бала отбасының байлығы. Әр ата-ана баласының әдепті, білімді,мейірімді,қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды. Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға,адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. Өнеге отбасынан - деген текке айтылмаған.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее