«Весна — лето 2024»

"Білімділер" сайысы

Түрлі тапсырмалар арқылы баланың танымын кеңейтіп, ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамытуға арналған ересек топ балаларымен жүргізілетін сайыс

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

31 «Күншуақ» МДҰ















«Білімділер» сайысы


(топтар арасында)









Өткізген: Жубатова Р.Ж.

















Ақтөбе – 2016 жыл

Тақырыбы: «Блімділер» сайысы


Мақсаты:

Балалардың білімін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету.

  1. Балалардың ойларын тыңдау, толықтыру. Алғыр да, тапқыр баланы анықтау.

  2. Түрлі тапсырмалар арқылы баланың танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.

  3. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Түрі: сайыс


Көрініс.

Жүргізуші:

Ақтөбе қаласында  зерделі де, білімді №31 «Күншуақ» балабақшасы  болыпты. Онда  кішкентай, бақытты адамдар – балалар өмір  сүріпті. Олар  күн сайын ойнайды, ән салады, би билейді, сурет  салады, оқиды  және  әлемді  таниды. Сол балабақшада дана  билеуші – патша  билік  құрады. Дана билеуші патша деп отырғанымыз – Тажиданова Алмажай Тажиданқызы болатын. Патшаға  оның  нөкерлері, яғни қол астындағы қызметкерлері көмектесіп  тұрады. Сол  жердегі  балғындар  бақытты  әрі  алаңсыз  өмір  сүреді. Балалық елдің  ел билеушісі өздерінің  кішкентай  тұрғындарын  мектепке  барғанда  өздерін  сенімді, қолайлы  сезініп, оқуға және  өсуге  дайын  болуы  үшін  қолынан  келгенінің  барлығын  жасайды. Бірде  мынадай  оқиға  болады.


Бір  тәрбиеші  жүгіріп  келеді:

Алмажай Тажиданқызы! Балабақшамызда туындаған  мына  дауымызды  шешіп  беріңізші. Біздің  ата-аналар біздің  кішкентай  тәрбиеленушілеріміздің тәрбиесі мен  білім  алуының  сапалы  болуы  ең  алдымен  кімге  байланысты  деп  дауласып  жатыр. Одан  сорақысы  ата-аналар  балаларымызды  балабақшаға  бергендеріне  күмәнмен  қарайтын  сияқты. Осылар  балаларға  не  жарытып  үйретіп  жатыр  дейді.


Билеуші: (ойланып қалады)

«Шынында да, ең  бастысы, әрі  маңыздысы  кім? Балалар  не  біледі, не істеді. Одан да  балалардың  өздерінен  сұрайық. Не тұрыс!  Шақырыңдар  ортаға  балаларды?  Халық  өзі  куә  болсын, шынайы  бағасын  берсін!


Жүргізуші: (ортаға сайыскерлерді шақырады)


Қыдырнияз Жасмин – «Шағала» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі. 6 жаста. Жасмин ойы ұшқыр, өз ісіне тиянақты, талапты, сүйкімді қыз.


Каренова Салтанат – «Шағала» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Салтанаттың мінезі ашық, тиянақты, талантты, ұқыпты қыз. Сонымен қатар, сурет салғанды ұнатады.


Баққұл Ералы – «Балдәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Ералы салмақты, ойы ұшқыр, алғыр, сымбатты жігіт, әрі қуақы.


Елубаев Асқарбек – «Балдәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі. 5 жаста. Асқарбек ойшыл, шапшаң, тапқыр. Әншілік қасиеті бар.


Реимбаева Жанель – «Шаттық» арнайы ересек тобының тәрбиеленушісі. 6 жаста. Жанель пысық, өз ойын жеткізе алады, достарын сыйлайды, алғыр қыз. Сонымен қатар, Қалалық «дарынды бала» байқауында «Мейірімді бала» номенациясын жеңіп алған.


Дәулеткерей Гүлден – «Шаттық» арнайы ересек тобының тәрбиеленушісі. 6 жаста. Гүлден бәрін білгісі келеді, өз ойымен әңгімелейді.


Шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен. Ендеше, білімді байлығымызды көрсетейік.  «Білімділер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Бүгінгі шарамызды бастамас бұрын, сайысымыздың әділ өтуін қадағалайтын срапшылар, яғни әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 

Сайыс шарттары:

1-айналым: «Бәйге»

2-айналым: «Сиқырлы қобдиша»

3-айналым: «Он саусақ»

4-айналым: «Мәнерлеп оқу»


1-айналым: «Бәйге». Бұл айналымда сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңыздар. Егер жауабыңыз дұрыс болмаған жағдайда, келесі бала жауап беруге болады.

  1. 1 жылда неше мезгіл бар? Және оларды ата.

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

  3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

  4. Геометриялық пішіндерді ата?

  5. Судың қасиеттері туралы айт? (буға айналады, сүйық, қатады, мөлдір)

  6. 5 санының алдыңғы және артқы көршілерін ата?

  7. Үй жануарларын төлдерімен ата?

  8. 1 аптада неше күн бар? Және оларды ата?

  9. Жемістер қайда өседі және оған нелер жатады?

  10. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

  11. Көкөністер қайда өседі және оған нелер жатады?

  12. Қ.Р-ның Президенті кім?


2-айналым: «Сиқырлы қобдиша». Бұл айналымда интерактивті тақтада берілген сиқырлы қобдишаның сары, көк, жасыл, қызыл түсті ұяшықтарын таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз. 1-қатардағы ұяшықтарда ертегі желісі бойынша сұрақтар келеді. 2-қатардағы ұяшықтарда логикалық сұрақтар және 3-қатардағы ұяшықтарда әр түрлі сұрақтар келеді.


1





2





3





  1. Ертегі:

Сары ұяшық: - Бұл қай ертегі? - Мақта қыз мысықтың құйрығын неге кесіп алды?

Көк ұяшық: - Бұл қай ертегі? («Шалқан» ертегісі) - Ертегі мазмұнын жалғастыр.

Жасыл ұяшық: - «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін ата. (бақа, тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю)

Қызыл ұяшық: -Жасырылған ертегілерді тап. («Қызыл телпек» және «Аю мен Маша» ертегілері)


  1. Логика:

Сары ұяшық: - Мен белгісіз (?) сан ойладым. Ойлаған саныма 2 санын қосқанда, тең боладысы 7 саны шықты. Мен сонда қандай сан ойладым?

Көк ұяшық: - Ұяшықта не жоқ? (трамвай)

Жасыл ұяшық: - Дүкеннен мен сабын алдым,

Және оның қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Нешеу болды қолда бары? (6)

Қызыл ұяшық: - Не артық? (тік ұшақ)


  1. Әр түрлі:

Сары ұяшық: Жұмбақтың шешуін тап.

  • Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады (Аю)

Көк ұяшық: - Сурет бойынша әңгімелеп бер.

Жасыл ұяшық: - Шешуін тап.

Қызыл ұяшық: Жаңылтпашты қайтала.

  • Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.


3-айналым: «Он саусақ» (берілген әр түрлі заттарды пайдалана отырып, өз қиялымен бір бейне жасап шығару)


4-айналым: «Мәнерлеп оқу» (еркін тақырыпта, сахналық қойылыммен)


Жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі балалар» - деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділқазыларда. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)


Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңдім деп ренжімеген,
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын –

дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! – деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее