«Зима 2025»

Дәмді әрі пайдалы

Дүниетану Қысқа Мерзімді Жоспар.Жаңартылған Білім Беру Бағдарламасына сай құрастырылған.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Пән: дүниетану Мектеп: Рудный қаласының №15 орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні:

Мен және қоғам

Күні: Қатысқандар саны: 20

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Дәмді әрі пайдалы

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы түсінеді;

Көптеген оқушылар: Дұрыс тамақтанудың пайдасын біледі, атайды.

Кейбір оқушылар: Дұрыс тамақтану ережелерін құрастыра біледі;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

Дәмді және пайдалы тағамдарды атайды, тамақтану ережесін құрайды.

Тілдіу мақсаттар:

Дәмді, пайдалы, зиянды, рецепт.


Құндылықты дарыту

Еңбек және шығармашылық арқылы, астың маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайд

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу.

«Төрт қадам алға..» 5 минуттық жаттығуы орындалады. Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады да, «Алға – төрт қадам» (алға жүреді), «артқа төрт қадам» (артқа жүреді)»менің аяғым топ – топ дейді» «аяқтарын топылдатады), «менің қолым шапалақтайды» (шапалақтайды), «менің көзім жыпылықтайды» (көздерін жыпылықтатады), «ал, мен секіремін» деп әркім өз орындарына отырады.

Топқа

Суреті бар карточкаларды балалар суырып алып, оларды басқа балаларға пантомима арқылы көрсетеді. Содан соң сол сурет арқылы топқа бөлінеді. (Жемістер, көкөністер,сусындар)

(ТЖ)«Артығын тап» ойыны

Тапсырма:Әр қатардағы тағам атауын тап.


Қоян, түлкі, аю , ет, қасқыр.

Қарлығаш, сүт, тырна, торғай, аққу..

Сиыр, қой, нан, жылқы, түйе.

Сазан, май, шортан, итбалық, дельфин.

-Балалар, қай сөздер артық болып шықты?

-Оларды бір сөзбен не дейміз?

-Бүгінгі сабақта не жайлы сөйлесеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Түрлі түсті алмамен бағалау.







Қимақағаз


(Ұ) Дымбілместен хат: ойыны

«Сәлем, достар!!!»

Өз хатымды мен ауруханадан жолдап отырмын. Денсаулығым нашарлап, күнде ішім ауырады.Дәрігер мұның бәрі де дұрыс тамақтанбағандықтан деп отыр. Маған көмектесіңдерші.

Достарың Дымбылмес.

– Балалар, Дымбылмеске көмектесеміз бе?

– Қандай тағамдарды жеуді ұсынамыз?

– Қазір дүкеннен дәмді әрі пайдалы тағамдарды таңдайық.

«Азық-түлік дүкені» ойыны.

/Әр топтан 1 оқушы дүкенге барып, тағамдарды таңдайды/

- Қандай азық-түлікті сатып алдыңдар?

-Олардың қайсысы пайдалы?

- Осылардың ішінен ең пайдалы деген тағамдарды таңдап алыңдар.

/Оқушылар топта ақылдаса отырып, өз пікірлерімен бөліседі/




«Дәмді тағам әзірле» Ойыны.(Рецепт)

Алдындағы тапсырмадан жиып алған тағам суреттерінен плакатқа жабыстырып, тағам жасау.


(ЖЖ) Тамақтану пирамидасы.

Мұғалім тамақтану пирамидасын оқушыларға таратады

-Балалар, мына пирамидаға назар аударыңдар.

-Бұл пирамида неше бөліктен тұрады?

-Пирамиданың қай бөлігі ең маңызды деп ойлайсыңдар?

-Неліктен?





  • Пирамида неше бөліктен тұратынын анықтайды.

  • Пайдасын қарай орналастырады.

  • Ең маңызды бөлігін атайды.



Тамақтану туралы бейнематериалды тамашалау.


(ЖЖ) Тамақтану ережесі.

/Әр жұп дұрыс тамақтану ережесін құрастырады/


Сабақтың соңы

Рефлексия.

Сабақ бойы жинаған алма суретін тақтадағы ағашқа жабыстыру.

Жасыл –түсіндім.

Сары –кейбіреуі түсініксіз болды.

Қызыл – түсінбедім.

Бағалау





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее