«Зима 2025»

Ғылыми жоба. "Циссус гүлі "

Циссус гүлі туралы оқушының ғылыми жобасына дайындалған материал ұсынылып отыр.Құсман Айнельдің ізденумен сәуір айынан бастап осы гүлдің өсу жолы зерттелді. Сипаттамасы мен күтімі туралы жазылған. Бөлме өсімдігінің мектепте оқушылардың тығыздығына байланысты осы гүлді көбірек өсіру өзектіліг болыптабылады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазастан облысы

Семей қаласы





Секция: Жаратылыстану Тақырыбы: Бөлме өсімдігі- циссус









Орындаған: 4 -сынып оқушысы Құсман Айнель Заманбекқызы

Жоба жетекшісі: Дуйсенбаева Айгуль Тилегеновна







2017-2018оқу жылы



Өзектілігі:Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр.

Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.

 Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайдасын, оны қалай күту керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.


Зерттеу нысаны: Циссус гүлі


Құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.


Зерттеу кезендері:

1) Бөлме өсімдігінің тарихымен танысу, цисус өсімдігі туралы мағынаны ашу

2) Алынған деректерді жүйелеу.

3)Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді жазып шығу.


Зерттеудің әдісі-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау, циссус гүлі туралы деректер жинау;

Зерттеудің жұмысының жаңалығы:Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Мектептегі бала санының тығыздығына байланысты бөлмелерді залалсыздандыру үшін қазіргі таңда өсімдіктер санын көбейтіп және оларды күту.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:Циссус гүлін және оны күтудің ережелерін

Нені игереді: Циссус гүлін күтіп баптауды меңгерді

Нені біледі:Циссус гүлі бөлмеге көрік береді, ауаны тазартады








         -                           


Мазмұны.

  1. Кіріспе............................................................................................................4

    1. Циссус гүлінің тарихы...................................................................................4

  1. Негізгі бөлім :

    1. .Циссус гүлінің сипаттамасы .........................................5

    2. .Циссус түрлері ................................................................6

    3. .Циссус гүлдерін күтудегі кеңестер...............................................6

    4. .Циссус гүлінің көбеюі ...................................................................9

  1. Практикалық жұмыстар:

Тәжірибе №1 «Банан суының гүлге әсері»..................................................10

Тәжірибе №2 «Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару».....................10

Тәжірибе №3 «Ала көлеңке жерде өсетін өссімдіктерді суару».............. ....10

Тәжірибе №4 «Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы»................................

4.Қорытынды..........................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................

























    1. Кіріспе

Бірде мектептегі барлық кабинеттерді аралап көріп жүріп биология кабинетіне келдік. Ондағы гулдердің көптігімен сынып бөлмесін әдімі қылып тұрғаны бізді таң қалдырды. Маған әсіресе қабырғаларды алып, тұрған шырауықтар қатты қызықты болы. Бізде өз сыныбымызға осындай гулдер өсіруді жоспарладық. Сондықтан «Гүл өсірейік » атты акция ұйымдастырдық. Мен сонда циссус гүлін зерттеп көруді жөн көрдім.

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты.

Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдігі циссус гүліне саяхат жасаймыз. Бұл жоба рақылы оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күту керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.

Циссус гүлі өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім.

Циссустың тарихи Отаны-топикалық және субтропикалық мемлекеттер. Негізгі Отаны Африка және оңтүстік Америка. Бұл жұзім тәрізділер тұқымдасына жатады. Түрлері өте көп. Лиана өсімдігінің 350 түрі кездеседі. Біздің зерттегелі отырған гүліміз ромбжапырақты циссус.























2 . Негізгі бөлім

2.1 Циссус сипаттамасы :

Бөлме өсімдіктерінің ішінен жүзім тұқымдасына жататын циссус өсімдігін көптеп кездестіруге болады. Бұл өсімдікті көп жағдайда бөлме жүзімі деп атайды. Цииссустың көптеген түрлері бар, соның ішінде ең танымал ромбжапырақты циссус.



фото
үлкейту үшін суретті басыңыз

 
жапырақ түсті: қараңғы жасыл 
www.puyallup.wsu.edu

 
жапырақ түсті: қараңғы жасыл 
www.biolib.cz

 
жапырақ түсті: таңбада тап 
albinopri.up.seesaa.net

Cissus сипаттамалары

Өсімдік биіктігі (см)

100-150 см

сабақтарының түрі

сусымалы

Ол улы ретінде белгілі

улы емес

жапырақ түсті

қараңғы жасыл

нысаны жапырақтары

сопақ

Cissus көгалдандыру

өсімдіктерорналастыру

Жарық бөлме, шығыстерезе, батыстерезе, солтүстіккеқараған терезе

күнорналасуы

сыртқыжарық

ҮйӨсімдіктерCissusқамқорлық

суаружиілігі

орташа

ылғалдықауа

ұстамды

өсіруқиындық

қарапайым

демалукезең

жоқ

ҮйӨсімдіктерCissusөсіпкележатқан



Циссус өте жылдам өсетін үнемі жасыл болып тұратын өсімдік. Циссустың мұрттары болады, соның арқасында олжоғары қарай тік болып өседі. Жапырақтары бүтін, әдемі болып келеді. Үй жағдайында бұл өте сирек гүлдейді. Ал табиғатта гүлдері ұсақ , жасыл түсті болады.

Сәндік үшін өсірілетін бұл гүлді әуелі горшокта өсіріп алып, содан кейін арнайы тіреулерге іледі. Циссустың ұзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Сондықтан оны баспалдақтар мен бағаналарға әдемілік үшін, көгалдандыру мақсатында пайдаланады.

Циссус күтімі қарапайымдылығымен ерекшеленеді . Ол қарқынды және жедел өседі . Өсімдікті кез келген үй жайларды, көгалдандыруға қолданатындықтан гул өсірушілер бұл гүлді жақсы көреді.





2. 2 Цисусс түрлері

Гүлөсірушілер цииссусты бірнеше түрге бөледі.

Төрт қырлы

Ромбжапырақты

Түрлі-Түсті



Негізінен циссустың кең тараған антарктикалық, түрлі түсті, және ромб жапырақты түрлері бар.

Ромбжапырақты циссустың жапырақтары ромб пішіндес жасыл түсті, ал ішкі жағында қызыл түсі бар. Барлық өсімдік ұсақ мұрташаларымен жапырақтардан тұрады. Бұл үшін өсімдіктердің жан- жаққа тарап әдемі өсуі үшін тіректер керек. Өсімдік гулдеген кезде қызыл жемістер пайда болады. Бұл түрі күтім талғамайды.. Бұл сорттың танымал болуына Элен Даника қызмет атқарған. Бұл мәңгі жасыл өсімдік тің жапырақтары ұсақ жүрек тәрізді. Жапырақтары бірден тұтасып өсетін үш жапырақты болып келеді.

Жиектерінен ұсақ тістерді анықтауға болады Қара-жасыл жапырақтарда күміс түсті дақтар бар. Жапырағының ішкі беті қара-қою күлгін түсті болып келеді.

2.3 Циссустың күтімі

Егер өсімдіктің жақсы, дұрыс күтімі болса, көлемі үлкейе береді және жапырақтары жылтырап тұрады. Өсімдік күту кезінде бөлме температурасына, жарықтығына, ылғалдылығына, суаруға назар аудару қажет. Өсімдіктің тез жылдам өсуі үшін – 16-25 градус температура қолайлы. Циссус үшін төменгі температура 10-15 градус болып табылады. Бір көңіл бөлетін жайт циссустың кез келгені желдеткіштен қорқады. Бұл гүл бөлменің тікелей жарық түспейтін , көлеңкелеу тұстарын ұнатады. Циссус күннің көзін ұната бермейді.Жазды күні сәндік үшін балконға қояды. Жылы күндері жиі және мол қылып суарған жөн. Қыста суаруды азайтып, су бүркіп отырса дұрыс болады. Айына бірнеше ретжылы душ ұйымдастырған дұрыс. Алайда топырағын құрғақ қалтыруға болмайды. Топырғының өте ылғалды және өте құрғақ болмауын жіті қадағалау керек. Құрғақ топырақта жас жарырақтары солып, дамуы тежеледі. Егер көп сура берсе, тамыры бүлініп, солады, егер су тапшылығы болса, онда жапырақтарына дақтар түсе бастайды Ромбжапырақты циссус құрағақ ауаға төзімді келеді. Ромбжапырақты циссустың әдемі болып өсуі үшін тыңайтқыштармен қоректендіріп отыру керек. Аптасына бір рет минерлды және оргникалық тыңайтқыштармен көктемнің ортасынан бастап, күзге дейін қоректендіріп отрыу керек. Циссутың топырағы құнарлы болу керек.Гүлді отырғызғанда керамзит, пенапласса, құм, топырақтар қолданады. Жас циссустарды жылына бір рет гүлінің көлеміне байланысты ыдысын ауыстырып отырады. Ал бірнеше жылдық циссустарды 5-6 жылда ауыстырған жөн.

Өсімдіктерге қажетті жарықтың мөлшері

 

Жарықмөлшері

Өсімдіктердіңаттары

Тікелейкүнкөзі

 

Жарықсүйгіш

Asparagus, Caladium, Cyclamen, Hibiscus, Pseuderanthemum,  Stephanotis

Тікелей күн көзіненсақтау керек

Жарықсүйгіш/жартылайкөлеңкелі

Azaliea, Cyssus

 

            Үйде өсірілетін гүлді өсімдіктердің өсуі топырақта болып жататын процестер температурамен байланысты болады. 

2-кесте

Бөлмедегі температура мөлшері

 

Температура, °С

Өсімдіктің түрлері

Қыста

Жазда

 

20-25

20-25

AgavePassiflora

16-19

20-25

AnthuriumCissus, Gardenia, Jasminum, Pseuderanthemum

 

Кестеденбайқағандайкөптегенөсімдіктердіңтобыжазғыуақытта 20-22 С, алқысқыуақытта 14-18 С.

            Үй өсімдіктерінің тіршілігі факторларының арасында тұтыну мөлшеріне байланысты су бірінші орынды алады.  Өсімдікке су бірінші күндерінде-ақ қажет болады. Гүлдің өсу процесі сусыз жүрмейді, ол үшін өзіне өсімдік белгілі мөлшерде суды өзіне сіңіруі керек.

Өсімдіктерге қажетті судың басым көпшілігі (95%) олардың жапырақтары арқылы буланып, ұшып кетеді.





3-кесте

Үй өсімдіктерін қысқы және көктемгі мезгілде суғару мөлшері.

Суғарумөлшері

Өсімдіктіңтүрі

Қыста

Жазда

жиісуғару

жиісуғару

CyperusPassifloraPseuderanthemum

мөлшерменсуғару

жиісуғару

Asparagus,  AucubaAzaieaBegoniaCalatheaCissus, ClerodendrumFuchsiaGardeniaHoyaImpatiensJasminum,  SheffleraStephanotis

 

Топыраққа оттегі жетіспеген жағдайда өсімдіктің тамыры қысқа және жуан болады, тамыр түгі азаяды.

4-кесте

 Ұсыныл ған ауа ылғалдылығының мөлшері

 

Қатыстыауаылғалдығы , %

Үйөсімдіктерініңаты

 50-ге дейін  (бөлме)

AgaveAsparagusAucubaChlorophytumClerodendrumCyclamenCyperusDraceanaFuchsiaHoyaImpatiensJasminusPassifloraPelargoniumRosaSansevieriaSaxifragaStephanotis

50-60

Anthurium, Begonia, Caladium, Cissus, Gardenia, Hibiscus, Myrtus, Pseuderanthemum, Sheflera,

60-80

Azaiea, Calathea,

 

Топырақтағы көмірқышқыл газының мөлшері жердің және атмосфераның жылу балансына әсер ететінін айту керек. Бұл газдың қатысуымен фотосинтез процесі жүретіні белгілі.

Циссустың жайқалудың сыры неде? Циссустың ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махабатта. Гүлдерменде тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатында білдіріп, баптап, күтіп махабатпен қарап, еркелетіп тұруқажет. Олар да өздеріншеқуана да, мұңаяды да аладыекен. Және жақсылап баптауға тырысукерек.

Циссу гүлдерін күтудегі кеңестер:

Жарық.Циссус тікелей жарық түскенді «жақтырабермейді».

Желөті.Циссус желөтінде (сквозняк) тұрып қалмаукерек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын.Үй жағдайында гүл егілген құмыраны теледидиардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысукерек, себебі вибрацияның да гүлдерге к ері әсері бар.Мұны мен каникул кезінде үйге қарауға апарғанда байқадым

Жылу әсері.Циссус гүлін жылужүргізілген батарейкадан алысырақ ұстаған жөн.

Суару.Гүлді таңертең суарып отыру керек, бұл қолайлы уақыт. Сарғайған жерін кесіп тұру зиян емес.







2.4 Циссустың көбею жолдары

Циссустың барлық түрлерін көбейтуге болады, 3 түрлі тәсілдермен: қалемшелер арқылы, тұқымымен, бұтағымен бөлу арқылы. Ең қарапайым тәсілі – қалемше арқылы. Қалемшелер тамырланған соң ыдысқа орналастырады. Отырғызған гүлді температурасы 20-22 градус жылы бөлмеге қою керек. Циссус гүлі тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан олардыәлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлеріншырмалағанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызаралдында кесек топырақ жібігенше, су құюкерек. Өсімдікті қыш құмырадай топырағымен қоса қопарып алып, сілкілегеннен кейін, оныкөшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс.

Көшеттеп отырғызу жұмысын,әдетте, көктемде (наурыз, сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыстарға көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақтытаяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдіке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйге) құяды.




















Практикалық бөлім

Тәжірибе №1

Цитрусты жемістер салынған  судың гүлге әсері

Зерттеу әдісі: Гүлді аптасына 2рет суару (дүйсенбі және бейсенбі).

Мақсаты: Гүлге банан салынған судан тыңайтқыш жасап, суарғанын нәтижесінде гүлде болған өзгерісті бақылау.

Уақыты: 1апта

Зерттеуобъектісі: циссус гүлі

Қорытынды: Зерттеуобъектісінеекі «циссус» гүліналдық.

Екеуінде жас ерекшеліктерібірдейгүлалдық. Сөйтіпбізбіріншігүлдібанан салынған сумен аптасына 2 рет 2стакан)тыңайтқыштан құйып отырдық. Ал 2 гүлге кәдімгі ауызсумен 2 рет (2стакан) суарып отырдық.Нәтижесінде бананның суы мен суарылып отырған бірінші гүл бірінші болып бүршік жарды және жапырағы ірілеу болды.Ал кәдімгі сумен гүлмен суарылған екінші гүл бүршігін жай жарды жапырақтары кішілеу болды.Бананды қабықтарымен ұсақтап тураймыз да, 1 литрлік банкіге салып, қайнаған ыстық суды толтыра құямыз. Бетін жауып, толық бір күн қоямыз. Келесі күні суды төгіп, әлгі жемістің сыртқы қабығын аршып алып тастаймыз да, ішінде қалған жемісін қайтадан банкаға салып, тағы 1 литр сумен толықтырамыз. Міне, дайын болған жемісті сумен енді кез-келген түбектегі гүлді суара бересіз. .

Тәжірибе №2

Ала көлең ке жерде өсетін өсімдіктерді суару

Зерттеуәдісі: Ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерін неше күн сайын суаруын білу.

Уақыты: 2 апта

Зерттеуобъектісі: «Циссус» гүлі

Қорытынды: «Циссус » гүліне 9 қазанда (дүйсенбі) 0.5 л су құйылды.

Топырақтың ылғалдығы 5күнге шыдады. Сөйтіп 6 күнінде топырақ құрғап қалды. 7-ші күні гүлді қайта суардық. Сонымен ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерді

Аптасына бір реет суарса жеткілікті. Өйткені, өсімдік көлеңке жерде тұрғандықтан ылғалдылықты жақсы сақтайды.

Тәжірибе №3

Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді жарық жақсы

түсетін жерге қойғанда өзгерісті байқау.

Зерттеуәдісі: Циссус гүлін жарықтүсетінжергеқою.

Мақсаты: Ала көлеңкеж ерде өсетін өсімдіктерді күннің тікелей түсетін жерге қою барысында, өсімдіктегі өзгерісті байқау.

Уақыт: 1күн

Зерттеуобъектісі: «Циссус» гүлі,

Қорытынды: «Циссус» гүлі:дүйсенбі күні жарық жақсы түсетін терезенің алдына қойылды. Гүлде 2күн өзгеріс

Байқалған жоқ. 3-ші күнінде жапырақтары жұмсарып,1 жапырағы түсіп қалды. Жапырақтардың түсі ақшылдана түсті.

Тәжірибе №4

Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы

Зерттеуәдісі: Бақылау

Мақсаты: сыныптағы барлық бөлме өсімдіктеріне шаң неше күнде басатынын білу.

Уақыт. 12 күн

Зерттеуобъектісі: «Циссус» тәріздестікендігүл.

Қорытынды: Осы 3 бөлмегүлдерінініңжапырақтарыншаң 15 күндебасты. Сонымен, бөлмеөсімдіктерінәр 15 күнсайын, яғнибірайда 2 ретсүртіпотырсажеткілікті2. 7. Циссусті шаңнан тазарту

Циссус жапырақтарын шаң басып кетсе, оның өсуі тежеледі әрі оттегіні бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Сондықтан гүлге су бүркіп, дүш қабылдатқан дұрыс.

Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, аураға тез шалдығады.

Мектеп оқушыларының осы гүл туралы қаншалықты мағлұматтары бар екені тексерілді. Ол үшін сауалнама алынды. Төртінші сыныптан 63 бала қатысты


Циссус гүлі туралы білесің бе?

Кабинеттеріңде циссус гүлі барма?

Циссус гүлі туралы білгің келеме?

38%

68%

100%



Мектепте қай кабинетте цисус гүлі бар екені анықталып, кеңес берілді.

кабинеттер саны

циссус гүлі

жалпы ауданы

сынып комплекті

бала саны

бір кабинетке

36

27

3283,8кв м

65

1516

3

Бұл өте аз көрсеткіш. Сондықтан осы гүлді көптеп өсіруге кеңес берер едім.















3.Қорытынды

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адамайналасындағы қоршаған ортаны био аумағын тазартады. Үйішінде әдем іөсімдіктер көпболса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдар дың гүлдерге су құйған кезде олар мен сөйлеске нін көрдіңіз бе? Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үйішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайған ауруғ ашалдығуы мүмкін.

Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен циссус гүлдері туралы, оның шығу тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, циссус гүлінің түрлерін, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.

Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Әсіресе, гүлдер сыныптың шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімді таң қалдым. Үйдегі жіне сыныптағы басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл әрекетім інім Алиханға жіне сыныптастарыма үлгі болатын болды деп ойлаймын. Және де өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын.

Енді мен тек осы білгеніммен шектеліп қалмай зерттеу жұмысымды ары қарай жүргізгім келеді. Оқушыларды, достарымды бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтуге баулу үйретіп, мектептің тығыздығына байланысты әр кабинетке осындай оншақты циссус гүлін отырғыздыртықым келеді. Ол үшін параллель төртінші сыныптарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздім Циссус гүлі адмаға жақсы әсер етді. Оларды тірі ағза емес пе? Адам жанын түсіне біледі.























Пайдаланылғанәдебиеттер

  1. Паркер С., Уильямс Б., «Сұрақ жәнежауап», Алматы қаласы. «Алматы кітап» баспасы, 2006жыл (114-117бет)

  2. Мухаметбекович К.А., «География возникновения жизни», Алматы қаласы, «Атамұра» баспасы, 2008жыл (60-64жыл)

  3. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерәлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы 2008жыл (60-64жыл)

  4. Мұсақұлов Т., «Ботаника», Алма-Ата, «Мектеп» баспасы, 1975жыл (8 бет)

  5. Көкенов Т., Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д., Исамбаев Ә.И., «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері мен оның қолданылуы», Алматы қаласы, «Ғылым» баспасы, 1998жы (89-91бет)

  6. Баталов Э.Н., «Қазақстан өсімдіктерәлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2004жыл(100бет)

  7. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерінің асыл қазынасы», Алматы қаласы, «Алматы кітап» баспасы, 2006жыл (72-74бет)

  8. Бірмағамбетұлы Ә., Жүнісқызы К., «Табиғаттану» Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1998жыл, 2001жыл (206бет)














6


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее