«Зима 2025»

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.

Қысқа мерзіиді жоспар 5 сынып математика пәнінен арналған

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі» Мектеп :


Күні: Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.1.1.7 ортақ бөлгіш, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ұғымдарының анықтамаларын білу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу.


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін және өзара жай сандарды біледі;

Басым көпшілігі: Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін қалай табуға болатынын және өзара жай сандар анықтамасын есептер шығаруда қолдана алады;

Кейбіреулері: ЕҮОБ қасиеттерін пайдаланып қосылғыштар коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгіштерін жақша сыртына шығарып және өзара жай сандарды анықтап, проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана алады.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • ЕҮОБ , өзара жай сандар анықтамасын біледі;

  • Натурал сандардың бөлінгіштік қасиеттерін пайдаланып ең үлкен ортақ бөлгішін табады және өзара жай сандар анықтамасын есептер шығаруда қолданады;

  • Өзара жай сандардың анықтамасын , ЕҮОБ қасиеттерін пайдаланып қосылғыштар коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгіштерін жақша сыртына шығарып жаза алады.


Тілдік мақсаттар

ЕҮОБ, өзара жай сандар ұғымдарының анықтамасын біледі,жатқа айта алады. Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін таба алады, берілген сандар олардың ішіндегі ең кішісіне бөлінетін болса ЕҮОБ неге тең екенін біледі, өз ойларын еркін жеткізе алады.

Тақырып бойынша терминдер: натурал, ЕҮОБ, жай сан,

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын терминдер:

  • Қандай сан берiлген сандардың ең үлкен ортақ бөлгiшi деп аталады?

  • Екi санның ең үлкен ортақ бөлгiшi қалай табылады?

  • Берілген сандар олардың ішіндегі ең кішісіне бөлінетін болса,

олардың ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?

  • Өзара жай сандар деп қандай сандарды атайды? Мысал келтiрiңдер.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. (Сабақ басы: Мозайка әдісінде Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің суретін аламын: Хожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Арыстан баб кесенесі. «Сандарды бейнеле» тапсырмасы арқылы ынтымақтастық, достық қарым қатынас орнайды.)


Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану.

(Сергіту сәті: «Психологиялық тренинг» ойыны арқылы тапсырманы орындайды)

Алдыңғы бөлім

«Натурал санды жай көбейткіштерге жіктеу»


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мин.

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

0-5








5-10














10-20















20-23

Сәлемдесу. «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір бірімен амандасады. «Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты 1, 2, 3 - топқа бөлу. Мозайка әдісінде Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің суретін аламын: Хожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Арыстан баб кесенесі. Психологиялық жағымды ахуал орнату. «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту. Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.


Ширату тапсырмалары: Жаңа сабақты бастамас бұрын жалпы сыныппен жұмыс.

1 тапсырма. «Миға шабуыл»: Естеріңе түсіріңдер!

24 және 40 сандарының бөлгiштерiн жазып, кестенi толтырыңдар:


Бөлгіштері

24






40







24-ке де, 40-қа да бөлгiш болатын сандарды (ортақ бөлгiштердi)

бояңдар. Боялған бөлгiштердiң ең үлкенiн табыңдар. Сол сан 24 пен

40 сандарының ең үлкен ортақ бөлгiшi болады.а) 36 және 42 сандарының бөлгіштерін жазыңдар;

ә) Олардың ең үлкенін жазыңдар.


Топтық жұмыс. № 2 тапсырма. «Галерея шарлау» әдісі. Постермен жұмыс.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында барлық топқа тапсырма беріледі.

Тақырыбы:

1 топ ЕҮОБ

2 топ Өзара жай сандар

3 топ Венн диаграммасы

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Әр топ жасаған постерлерін тақтаға галерея жасап іледі. Топтар бір бірінің жасаған жұмыстарымен танысады, маңызды ақпарат алады, ой түйеді.

Қалыптастырушы бағалау: Топтар өзара «бағдаршам», «бас бармақ», «смайлик» әдістері арқылы бағалайды.


Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Психологиялық тренинг» ойыны арқылы. 1-ден 9-ға дейінгі сандарды оң қолымен және сол қолымен жазады. 1-саны ұқсас жандар\өте шыншыл. 2 саны ұқсас болса ол сәнқой оқушы. 3 саны ұқсас болса\ өте зерек оқушы т.б..

Кеспе қағаздар.







Интерактивті тақта



















Овал 5274











Сабақтың ортасы

23-26














26-30





















30-40










































40-43

3 тапсырма «Бес сұрақ» әдісі.

Жаңа тақырыпты түсініп мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, әр топқа арнайы сұрақтар беру, сол арқылы топен жарыс ұйымдастыру.

  • Қандай сан берiлген сандардың ең үлкен ортақ бөлгiшi деп аталады?

  • Екi санның ең үлкен ортақ бөлгiшi қалай табылады?

  • Берілген сандар олардың ішіндегі ең кішісіне бөлінетін болса,

олардың ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?

  • Өзара жай сандар деп қандай сандарды атайды? Мысал келтiрiңдер.

ҚБ: Бас бармақпен.



4 тапсырма. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

а) 28 және 42 сандарының ортақ бөлгіштерінің астын сызыңыз:

1, 2, 3, 4, 6, 7, 14, 21, 28;

ә)Егер a саны b санына бөлінетін болса, онда ЕҮОБ (a,b) ...

б)Егер ЕҮОБ (a, b)=1 болса, онда


Қалыптастырушы бағалау: мақтау,мадақтау.

5-сынып

Ж.У.Кобдикова, Ш.Қ.Нұрманбетова, А.К.Жолдасова, Е.Харабай. «Арман-ПВ» 2015ж,

89-бет.




Интерактивті тақта










Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну, Қолдану

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Білім алушы

  • ЕҮОБ , өзара жай сандар анықтамасын біледі;

  • Натурал сандардың бөлінгіштік қасиеттерін пайдаланып ең үлкен ортақ бөлгішін табады және өзара жай сандар анықтамасын есептер шығаруда қолданады;

  • Өзара жай сандардың анықтыстаамасын , ЕҮОБ қасиетін пайдаланып қосылғыштар коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгіштерін жақша сыртына шығарып жазады.

Оқулықпен жұмыс. №5 тапсырма. «Академиялық дау –дамай әдісі» арқылы жаңа тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Оқушылардың мұндағы тапсырма барысында өздері талқылауға түсіп, өз ой-пікірлерімен санаса біледі, топпен жұмыс жасайды.


1 топ. 2 топ 3 топ

А) № 277. Ең үлкен ортақ бөлгiшiн табыңдар:

1) 12 мен 32;

ЕҮОБ(12,32)=4 4) 36 мен 63; 7) 42 мен 56;

2) 30 бен 42; ЕҮОБ(36,63)=9 ЕҮОБ(42,56)=7

ЕҮОБ(30,42)=6 5) 30 бен 45; 8) 80 мен 32;

3) 35 пен 60; ЕҮОБ(30,45)=15 ЕҮОБ(80,32)=16

ЕҮОБ(35,60)=5 6) 27 мен 54; 9) 39 бен 65.

ЕҮОБ(27,54)=9 ЕҮОБ(39,65)=9

В)№ 286. Берiлген сандардан өзара жай сандар жұбын құрастырыңдар:

1) 25, 30, 39; 3) 78, 35, 91; 2) 55, 26, 58;

25 пен 39 78 бен 91 55 пен 26

5) 212, 148, 259; 4) 185, 123, 205; 6) 315, 154, 135.

С)291. Қосылғыштар коэффициенттерiнiң ең үлкен ортақ бөлгiшiн

жақша сыртына шығарып жазыңдар:

1) 12а + 20b; 3) 30m + 42n; 5) 18а + 45b;

4(3а+5в) 6(5m+7n) 9(2a+9b)

2) 16с + 24d; 4) 48х + 60у; 6) 28с + 63d;

8(2c+3d) 12(4x+5y) 7(4c+7d)

Дескриптор:

  • ЕҮОБ, өзара жай сандар ұғымдарын біледі;

  • Өзара жай сандарды таниды, ажырата біледі;

  • Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба алады, есеп шығару барысында пайдалана алады .

  • ЕҮОБ қасиеттерін пайдаланып қосылғыштар коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгіштерін жақша сыртына шығарып жазады.
















5 –сынып

Т.Алдамұратова, Е.Байшолпанов.

«Атамұра» 2015ж.

І-бөлім.

Кеспе қағаздары


277. 103-бет

286. 105-бет

291. 106-бет

Саралау тәсілі: Қарқын

«Жалауға  кім  бұрын  жетеді ?»

Ойын  шарты  баспалдақтағы  санардың  ЕҮОБ –ін  табу  керек, ол  сандар баспалдақтың  ең  төменгі сатысында  тұр.

  

        48  және  64

 

 

26 және 65

 

36 және 72

 

 

32 және 40

 

34 және63

 

 

12 және 36

 

15 және 45

 

6және16

 

9 және 15

           12,        9,        16,       3,      7,       5,        13,       17,        15,       1,       36,       2,       8,       6.

ҚБ: жетондар арқылы


295. Теңдеудi шешiңдер:

М . х + 187 : 11 = 21; О. 581 : 83 + 51 : х = 2 4 ;

Т . 1 6 · 2 5 – 2 8 х = 612 : 3; А. 216 : х + 16 · 18 = 324;

К. 27 : х + 405 : 9 = 48; Е. 24х – 345 : 23 = 105.

Кестедегі сандар тұсына тиісті әріптерді қою арқылы сөз шығару.


9

3

4

5

7

6







ҚБ: жапсырма смайликтер


5-сынып

Ж.У.Кобдикова, Ш.Қ.Нұрманбетова, А.К.Жолдасова, Е.Харабай. «Арман-ПВ» 2015ж





Кеспе қағаздар



Овал 5274
















Сабақтың соңы 43-45

Қорытындылау. Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы кемшіліктерім

Оның себептері






Үлестірме парағы






Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздің техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Дарынды және талантты оқушыларға жоғары дәрежелі есептер берілді, Оқушылар деңгейлеріне байланысты жетекші деңгйлік тапсырмалар берілді. Қолданылған белсенді оқыту әдіс тәсілдер: Топқа бөлу «Мозайка әдісі», Сабақтың басы «Миға шабуыл», «Бес сұрақ», «Галерея шарлау» әдісі. Постермен жұмыс,

«Академиялық дау дамай», Саралау әдісі «Қарқын», Сергіту сәті «Психологиялық тренинг»

Құндылықтарды бағалаудағы салыстырмалы талдау жасай алулары бағаланады. Қалыптастырушы бағалаулар және дискрипторлар арқылы бағаланды. Оқушылар сабақ барысында бағдаршам, бас бармақ, шапалақ, мадақтау, жапсырма смайликтер қалыптастырушы бағалаулары арқылы бағаланады.


Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып АКТ құралы интербелсенді тақтаны денсаулыққа зияндылығын және нормативке сай 10 минут қолдану.

Денсаулыққа пайдалы сергіту сәтін, психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру кезеңдерін ұйымдастыру.


Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай


Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее