«Зима 2025»

Ерте жастан бастап ағылшын тілін үйретудің тиімді жолдары

Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларды ағылшын тіліне үйрету -өте қолайлы кезең болып табылады, өйткені осы жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы және еліктегіш қасиеттері жоғары болады. Бүлдіршін жаста меңгерілген білім берік әрі мықты болады.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Ерте жастан бастап ағылшын тілін үйретудің тиімді жолдары



Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларды ағылшын тіліне үйрету -өте қолайлы кезең болып табылады, өйткені осы жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы және еліктегіш қасиеттері жоғары болады Бүлдіршін жаста меңгерілген білім берік әрі мықты болады. Біз осы кезеңді пайдаланып, балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуіміз қажет. Яғни, балалардың ағылшын тілінде сөйлеу білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тілдің коммуникативтік қызметін меңгерту, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, бір-бірімен қатынас жасай алуға ынталандыру, ағылшын тілінде қойылған сұрақтарға жауап беруге үйретуіміз керек. Егер балабақша іргетасында өзге тілді меңгеруді бастаса, келешекте ана тіліндей таза, анық сөйлеуіне мүмкіндіктер алады. Осы ретте ертен жастан ағылшын тілін үйретуде озық тәжірбиелерді, жаңа технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор.

Балабақшадағы балалардың негізгі іс-әрекеті- ойын екенін ескере отырып, ағылшын тілін үйрету барысында ойын технологиясын қолдану аса тиімді. Оқу қызметінде ойын элементтерін қолданған жағдайда балалардың тілді үйренуге ынтасы артып, қызығушылықтар пайда болады..

Ағылшын тілін үйретуде ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойындар, үстел-үсті ойындары, сөздік ойындар, логикалық ойындар қолданылады.

Өз тәжірбиемде қолданылатын ойындардың бірі:

"Ойлан, тап" ойыны.

Қапшықта ойыншықтар болады немесе жануарлардың, жемістердің муляждарын салуға болады.

Мақсаты: Балалар қапшық ішіндегі ойыншықтарды қолымен ұстап, сипап -сезу арқылы тауып, олардың атын дұрыс айтуы қажет.

"Не жоғалды?" ойыны.

Үстел үстінде бірнеше ойыншықтар немесе жануарлар, жемістер, тақырыпқа байланысты заттар тұрады. Балаларға көздерінді жұмыңдар деген бұйрық беріледі, сол мезетте бір ойыншық немесе зат үстел үстінен алынып тасталынады.

Мақсаты: Балалар қандай зат жоқ екенін тауып айтуы қажет.


Ағылшын тілін үйретуде рөльдік ойындардың орны ерекше. Балалар ауыз- екі тілде сөйлеуге бейімделеді. Балалар белгілі бір рөлдерде ойнайды, мысалы: сатушы-сатып алушы, дәрігер-емделуші, мұғалім-тәрбиеленуші және т. б.

Олар, өз кезегінде, рөлдерге бөлінеді, үлгі диалогты қолдана отырып ойнайды.

Мысалы: үлгі диалогтар:

What ' s this? (бұл не?) Мұғалім болған бала карточканы көрсетеді, балалар сөздерді атайды.

What 's doesn' t belong? (Бұған не жатпайды?)

Show me (маған көрсет) – біреуі сөзді айтады, ал екіншісі сол сөзді бейнелейтін суретті тауып көрсетуі қажет.

"Сиқырлы айна" Балалар аңдардың маскасын киіп сыйқырлы айнаға қарайды. Қалған балалар қандай аңдарды көргенін және неше аң көргенің айту керек. Мысалы: I see a dog. I see five dogs.

Ертегіні сахналау - балалардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне ықпал етеді. Балалар күрделі сөйлемдерді қысылмай айта білуге, ертегі мазмұның толық түсінуге үйренеді. Әсіресе, балабақшадағы балалар "шалқан", "үйшік", "бауырсақ", "қолғап" ертегілерін оңай меңгеріп алып, аса қызығушылықпен сомдап береді.

Ағылшын тілін үйретудің тағы бір тиімді жолдарының бірі-оқу қызметінде ақпараттық технологияны (АКТ) қолдану. Қазіргі кезде АКТ-ның мүмкіншіліктері орасан зор. Балаларға интерактивтік тақта арқылы аудио, видео жазбаларды көрсете аламыз, әр түрлі тапсырмаларды орындата аламыз. Aсtive Studio бағдарламасының көмегімен флипчарттар құрып оқу қызметін түрлендіріп жүргізуге болады. Әрі көрнекіліктердің саны көбейіп, оқу процесінің уақытын үнемделеді. Аудио, видео бейнелерді көру, есту арқылы балалар тек қана мұғалімнің айтқанын ғана емес, ағылшын тілі ана тілі болып келетін диктордың айтқаның қайталайды. Бұл балаларға дыбыстың дұрыс айтылу ырғағын меңгеруіне зор ықпалын тигізеді. Әсіресе ағылшын тіліндегі мультфильмдер жаңа сөздерді, мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды байытуға зор ықпалын тигізеді. Кішкентай балаларға ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын меңгеру өте қиын. Мысалы зат есімнің көпше түріне байланысты There is/ there are...құрылымын Eg. There is an apple on the table. There are three apples on the table. Балалар алманы табақшаға қою арқылы заттың жекеше және көпше түрін тез меңгеріп алады. Сондай -ақ ағылшын тілін оқыту барысында сергіту сәтін өткізуге зор септігін тигізеді. Егер видеоны қосатын болсақ балалар естіп қана қоймай, көзбен көріп қайталап, қимылдарды орындайды.

Ағылшын тілін үйретуде ата-аналармен жұмысқа ерекше назар аударған жөн, өйткені ол балалардың ағылшын тілін одан әрі сәтті меңгеруіне зор ықпалын тигізеді. Тәжірбие көрсеткендей, ата-аналардың көпшілігі өз балаларының тілді игеруіндегі жетістіктеге көп мән береді және қолдарынан келгенше көмек көрсетеді.Балалардың ағылшын тілін меңгерудегі қызығушылығын арттыру үшін ата-аналардың күнделікті оқу қызметінде қандай жаңа сөз үйренгенін, не үйренгенін сұрап отырған жөн. Педагог, өз кезегінде, ата-аналар бұрышын ұйымдастыруы керек. Ата-аналар үйреніп жүрген тақырыппен танысып отырады.

Балаларға ағылшын тілін үйретуде барлық тиімді жолдары қарастырылса, жаңа технологияларды, озық тәжірбиелерді, ойын технологиясын қолдана отырса, соңымен қатар ата-аналармен ынтымақтастықты арттырса оң игі болары сөзсіз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее