«Зима 2025»

Интеллектуалды ойын

внеклассное мероприятие. внеурочное мероприятие на трех языках,

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

61 орта мектепте 5-7 сынып оқушылары аралығында өткізілген Интеллектуалдық ойын

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде үш тілді пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 

Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3.Үш тілге деген қызығушылығын арттыру.

 

Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар АКТ слайдтар

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

 

Іс-шараның барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Ойынға қатысушылармен танысу.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің  «Үштілділік- дәуірдің талабы, заман қажеттілігі» атты интеллектуалды ойын 5-7 –сынып оқушыларының арасында өткіземіз.

  

Енді, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

 

І топ – «Алғырлар»

ІІ топ – «Тапқырлар»

2. Кіріспе сөз.

- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы. Сонымен қатар , Үштілділік – заман қажеттілігі болып табылады.

Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:

I асу – «Бәйге»

II асу – «Полиглот»

III асу – «Мақалдың жалғасын тап»

IV асу – «Тапқыр болсаң тауып көр»

V асу - «Сиқырлы сандар»


I асу – «Бәйге»

Әр ойыншының қолында нөмірленген карточка. Қай  ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді.

 

Сұрақтар:

 І топ

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
ІІ топ
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте, -  дей келе екінші «полиглот» кезеңін бастаймыз.

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілге аудару керек.

1. Сырт – сырт етіп соғады

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз сөйлейді,

Жансыз оның жүрегі. (Сағат)-  часы- Watch (вотч)

2. Жарқылдаған қос қылыш

Қолың тисе, жоқ тыныш. (Қайшы) Ножницы- Scissors (сизорс)

3. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. Ай, жұлдыз- Луна,звезды-Moon,Star( мун ,стар)

4. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.   (кітап,книга, воок)  ( бук)

- Қорытынды жасаймыз.

     Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.

     Сөз әділқазы алқасына беріледі.

    

III асу – «Мақалдың жалғасын тап »

   

1. Никогда не откладывай на завтра то, что ты можешь сделать ----. (сегодня, today, бүгін)
2. Нет дыма без ----. (огня, fire, от)
3. Без труда не вынешь и ---- из пруда. (рыбку, балық, fish)
4. Куй железо, пока ----. (горяче, ыстық, hot)
5. На вкус и ---- товарищей нет. (цвет, colour, түс)
6. Лучше поздно, чем ----. (никогда, never, ешқашан)

 

    IV асу – «Тапқыр болсаң тауып көр»

1. Тақия толған сөк, таң атқанда жоқ. (жұлдыз, звезды, star)
2. Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)
3. Аласа ғана бойы бар, тоғыз қабат тоны бар.. (пияз, лук, oniоn)
4. Везет, а не лощадь, летит, а не птица, жужжит, а не пчела.. (ұшақ, самолет, plane)
5. Упадет - поскачет, ударишь - не плачет.. (доп, мяч, ball)
6. It is a vegetable. It has many eyes.. (картоп, картошка, potato)
7. It is white and sweet.. (қант, сахар, sugar)
8. A little old woman has twelve children.. (жыл, год, year)
  

 Музыкалық пауза. 5- сынып оқушыларының орындауында би.

 

 Жанкүйерлерге сұрақ:

 

  1. 1.Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)

  2. 2.«Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?

  3. 3.Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылщын)

  4. 4.Үме  дегеніміз не?

  5. 5.Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)

6. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (хан тәңірі)

7. Қазақстанда ең терең көл?(Алакөл)(Оның тереңдігі 54 метр)

8. Мақал: “Адам досымен,ағаш тамырымен...”(мықты)

9. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)

10. Жылқы  пірі? (Қамбар ата)

11. Қырғыз халқының  «Манас» дастанын зерттеген ғалым? (Ш.Уәлиханов)

12. «Тоғызқұмалақ» ненің атауы?(ойын)

V асу- «Сиқырлы сандар» ойыны.

1.     Name 5 colors- 5 түсті ата1.     SayorsingtheEnglishalphabet-Ағылшын әліпбиін жатқа айт немесе әндетіп бер!

2.     Name 5 sorts of vegetables-5 көкөністі ата

3.     Name 5 school subjects- Мектептегі 5 пәнді ата

4.     You’re lucky! You won a prize!- Сыйлық! Сіз сыйлық ұтып алдыңыз!

5.     Name 5 sorts of fruit.- 5 жемісті ата

6.     Name 5 sports- 5 спорт түрін ата

7.     Name 5 professions- 5 мамандықты ата

8.     Name 5 things that people wear-Адамдар киімінің 5 түрлісін ата

9. Name 5 English names- 5 ағылшынша есімдерді ата

10. Name 5 English-speaking countries- 5 ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді ата

11.Name 5 wild animals- 5 жабайы жануарды ата


Қорытынды

Сонымен біздің Үштілділікке байланысты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті.

Сайысқа қатысқан 5-7 сынып оқушылары марапатталды.






























































































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее