«Зима 2025»

"Қарсы мәндес сын есім" ( 4-сынып)

Сабақтың мақсаты: Білімділік:қарсы мәндес сөздер туралы түсінігін кеңейту

Қарсы мәндес сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну; Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, Дамытушылық: тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру;

Тәрбиелік:сөз мағынасын түсіне білуге,сауаттылыққа тәрбиелеу: Қарсы мәндес сөздерді қолданып және оның мағынасын ұғынып,іс- жүзінде сауатты жазуға,сөйлеуге дағдыландыру Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап Көрнекілік: интерактивті тақта

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі

Уақыты:02.03.2018.

Кабинет:

Мұғалім:Усенова А

Сабақтың атауы

Қарсы мәндес сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік:қарсы мәндес сөздер туралы түсінігін кеңейту

Қарсы мәндес сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну; Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, Дамытушылық: тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру;

Тәрбиелік:сөз мағынасын түсіне білуге,сауаттылыққа тәрбиелеу: Қарсы мәндес сөздерді қолданып және оның мағынасын ұғынып ,іс- жүзінде сауатты жазуға,сөйлеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта

Топқа бөлу

1-топ Дара және күрделі сын есім

2-топ Негізгі және туынды сын есім

3-топ Қарсы мәндес сын есім

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.



Қызығушылықты ояту

5- минут

Өткен сабақты пысықтау6-жаттығу.

Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?

1. Оқулықпен жұмыс  7 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз,сын есімдерді тап Олардың мағынасына назар аудар.

  1. Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

  2. Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.

  3. Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

  4. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

  5. Ереже

  6. Мағыналары бір-біріне қарама –қарысы сөздерді қарсы мәндес сөздер дейміз.


8 - жаттығу. Өлеңді оқып,жатқа жаз.Қарсы-мәндес сын есімдердің астын сыз.

Үйрен жақсы әдептен,

Жирен жаман әдеттен

9 - жаттығу.Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. 

Мейірімді  (қайырымды,  мейірбан );      

Инабатты(сыпайы,  кішіпейіл, тәрбиелі, әдепті  );                                              

Жуас ( момын,  қой ауызынан шөп алмайды, момақан, бұйығы

10 – жаттығу. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.

Ірі – ұсақ Жұқа – қалың Құрғақ – ылғал

 Дәлелдеу үлгісі:                                        Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді.

Бұл - сын есім, өйткені                           қандай? сұрағына жауап береді.

Мағынаны тану

15- минут

















5- минут

Сергіту сәті 3-минут

Ойын

Ой толғаныс

10 - минут


12-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз,қарсы-мәндес сын есімдерді тауып,астын сыз

1 Жаман адамға да жақсы көзбен қара

2 Аш болсаң да,тоқ болсаң да,құдайыңды ұмытпа

3 Ақылды мақтанса,істі тындырар,ақымақ мақтанса,аяғын сындырар

13-жаттығу Жұптастырып жаз ойыны

Шығармашылық тапсырма

1-топ 11-жаттығу

2-топ 14-жаттығу

3-топ 14-жаттығу

Сабақты бекіту «Еркін микрофон»

Сабақтың соңы

2 минут



















Үй тапсырмасы

Рефлексия

Бағдаршам.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Үй жұмысы. 15-жаттығу

Смайликтер



















Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.












Сабақтың  тақырыбы:     Қарсы  мәндес  сын  есім   

Сабақтың атауы

Дара және күрделі сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу.  Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнектілігі:  Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


«Сыңарын тап» ойыны.

(Терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ-қатты, жуан-жіңішке)

А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Дара                                          Күрделі

Ұзын                                    Қызғылт сары

Қысқа                                        Қара сұр

Қызыл

Ақ

-1- бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?

-2- бағанға ше?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.

Ой толғаныс


Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
(екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дара және күрделі сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Карта арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
Зат есім дегеніміз не?
Арал, Талдықорған Айжан қандай зат есім?
Жалпы есім дегеніміз не?
Етістік қандай сөз табы?
Балалар сыныпқа кірді. Етістік болып тұрған сөзді ата?
Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Өткен шаққа мысал келтір?
Сын есім дегеніміз не?
Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есімге мысал келтір?

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

1 - тапсырма.
Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.
Үлгі: жеті – жетпіс жеті,...
Келесі ғаламшарымыз – Шолпан.
2 - тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар,
Жеті күннен құралады әр апта:
- Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп,
Ойланбастан шыға аламын санап та!...
Ал отыз күн бір айыңды құраса,
Он екі ай - жыл, көп емес қой бұл аса.
- Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!-
Жауап берем, егер біреу сұраса.
Қалай менің уақытым бос өтпек,
Кержалқау боп жатып алман төсекте!
Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында,
Аз ба, көп пе...
Көрші өзің есептеп!...
Келесі ғаламшарымыз – Марс

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.

Ой толғаныс


Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
(екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

                        

Сабақтың мақсаттары:

   Білімділігі:              Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,      

                                     сын  есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.

   Дамытушылығы:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін,

                                     сөйлеу тілін дамыту.

   Тәрбиелігі:              Сабақ барысында  ана тілін құрметтеуге, сөздік  қорын молайтуға,             

                                     сауатты  жазуға,  білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:         ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

Технология түрі:  Сын  тұрғысынан ойлау әдісі

Көрнекілігі:  слайд, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Танысу.

Мен  …   … .

Біз жайнаған гүлдейміз.

Шуағын шашқан күндейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.

  • Ақ, көк, сұр, құла, күрең.

  • Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.

  • Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.

  • Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.

  • Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.

Бұл сөздер заттың несін білдіреді?

Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?

     Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

 

                                                                 Құрамына қарай  түрлері

           Сын есім

 

 

             

                                    негізгі                        туынды             дара              күрделі

 

Мысалдар  келтіру:

Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)

Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)                       

Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)

Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)

Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.

Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)

Сөз деген не? (зат)

Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?

Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.

Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)

Мағынасы қарама-қарсы сөздер. (жас-кәрі, сулы-құрғақ)

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

Сызбаны көрсете отырып толық мағұлмат беру.

Үлкен – кіші

Бұл мағынасы қарама-қарсы сөздер,  өйткені олар бір сөз табына жатады.

Мағынасы мәндес сөздер – олар бір сөз табына жатады,бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің  орнына бірін қолдануға болады.

Бұлар көп мағыналы.

Мағынаны тану.

 Жаңа сабақ.         Қарсы мәндес сын есім.

Дәптерге күннің жады. Көркем жазу.  Тт.                                 Тәрбие басы —  тіл.

                                                                                                                    (Махмұд Қашқари)

Олай болса,  қарсы-мәндес сын  есімдер  айтайық.

 

  Ойын:   ,, Ойна, ойла, толықтыр ,,

жақсы —                                                                              жұқа –

  • тұщы —   ылғал

оңай —                                                                                 жуан  —

Қандай қорытынды жасауға болады?

Сабақтың  тақырыбы:     Қарсы  мәндес  сын  есім                           

Сабақтың мақсаттары:

   Білімділігі:              Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,      

                                     сын  есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.

   Дамытушылығы:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін,

                                     сөйлеу тілін дамыту.

   Тәрбиелігі:              Сабақ барысында  ана тілін құрметтеуге, сөздік  қорын молайтуға,             

                                     сауатты  жазуға,  білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:         ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

Технология түрі:  Сын  тұрғысынан ойлау әдісі

Көрнекілігі:  слайд, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Танысу.

Мен  ...   ... .

Біз жайнаған гүлдейміз.

Шуағын шашқан күндейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.

1)      Ақ, көк, сұр, құла, күрең.

2)      Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.

3)      Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.

4)      Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.

5)      Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.

Бұл сөздер заттың несін білдіреді?

Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?

     Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

                                                                Құрамына қарай  түрлері

           Сын есім

                                    негізгі                        туынды             дара              күрделі

Мысалдар  келтіру:

Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)

Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)                       

Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)

Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)

Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.

Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)

Сөз деген не? (зат)

Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?

Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.

Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)

Мағынасы қарама-қарсы сөздер. (жас-кәрі, сулы-құрғақ)

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

Сызбаны көрсете отырып толық мағұлмат беру.

Үлкен – кіші

Бұл мағынасы қарама-қарсы сөздер,  өйткені олар бір сөз табына жатады.

Мағынасы мәндес сөздер – олар бір сөз табына жатады,бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің  орнына бірін қолдануға болады.

Бұлар көп мағыналы.

Мағынаны тану.

 Жаңа сабақ.         Қарсы мәндес сын есім.

Дәптерге күннің жады. Көркем жазу.  Тт.                                 Тәрбие басы -  тіл.

                                                                                                                    (Махмұд Қашқари)

Олай болса,  қарсы-мәндес сын  есімдер  айтайық.

 

  Ойын:   ,, Ойна, ойла, толықтыр ,,

жақсы -                                                                              жұқа –

-          тұщы                                                                       -   ылғал

оңай -                                                                                 жуан  -

Қандай қорытынды жасауға болады?

Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.

 

Оқулықпен жұмыс.

7 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

  1. Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

  2. Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.

  3. Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

  4. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар. 

- Не жаздық? Мақалдар неге жатады? Тағы нелер халық ауыз әдебиетіне жатады? (ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар).

 

Өзіндік жұмыс.

9 - жаттығу.

Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Берілген сөздерге мағынасы жуық сын есімдер тауып жаз. (жеке оқушыға беру) Карточка.

 Мейірімді  (қайырымды,  мейірбан );      

Инабатты(сыпайы,  кішіпейіл, тәрбиелі, әдепті  );                                              

Жуас ( момын,  қой ауызынан шөп алмайды, момақан, бұйығы).

Сергіту сәті.

Мақал сөздің мәйегі      «Жалғастыр»

Қарсы мәндес сын есімдері бар мақалдар айтып жарысу.                                                     

10 – жаттығу. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.

Ірі – ұсақ

Жұқа – қалың

Құрғақ – ылғал

 

Дәлелдеу үлгісі:                                        Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді.

Бұл - сын есім, өйткені                           қандай? сұрағына жауап береді.

-Біздің жеріміз қандай жерге жатады?

-Өлкемізде кездесетін қандай жануарларды білесіңдер?

Ой толғаныс:

Шығармашылық тапсырма.

Қасқыр- мағыналас сөздерін жазу,  қарақұйрық- сипаттап жаз,  қоян – суретін сал.

 

Тақтаға назар аудару.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Өлеңдегі сын есімдерді тауып оған қарсы мәндес сын есім айтыңдар?

Желсіз – желді,   жарық – қараңғы,   терең – таяз.

«Жоғалған сөз» ойыны.

 Ең тәтті де - .....

Ең ащы да - ......

Ең қатты да - .....

Ең жұмсақ та - .....

       Мадақтайтын да, жылататын да, ауыр сөздер айтатын да, еркелететін де не екен?

Тіл екен. Ендеше, балалар, тіл деген сөздің мағынасын ашып көрейік. Тіл деген сөз тағы қандай мағынаны білдіреді? Аузымыздағы тіл және мемлекеттік, ана тіліміз екен.

Балалар. Әр ұлттардың өз тілдері бар екен. Қандай ұлттарды білеміз? ( орыс, қазақ, қырғыз, өзбек, ағылшын). Өте жақсы.

Кәне,  кім бізге ағылшын, орыс тілдерінде кімдер тақпақ оқып бере алады екен?!

Жақсы! Өте жақсы!

     Біз де басқа ұлттың тілінде сөйлей алады екенбіз!

Оқушылар, сіздерден неге тіл туралы сұрап тұрмын? Себебі не деп ойлайсыңдар?

Оның себебі,  мен сабақтың   танысу кезеңінде  айтқандай  «22 ақпан- Халықаралық ана тілі күні»  мерекесіне орай аудандық деңгейде олимпиада өтіп жатыр. Соның бір белгісі – сіздердің  сыныптарыңызда қазақ тілінен өткен ашық сабақ.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деп ақын ағаларымыз жырлағандай қазақ тілінің мерейі үстем болсын дегім келеді.

Сабақты қорытындылау.

Сонымен, біз бүгін не туралы айттық?

Қарсы мәндес сын есім деген не?

Бағалау.

Үйге тапсырма: 12-жаттығу. Ереже  жаттау

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Мейірімді , . . .

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Инабатты  , . . .

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Жуас , . . .





Усенова Амангуль Койчыбаевна



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее