«Зима 2025»

8 сынып.Қазақ әдебиеті "Әбу Насыр Әл-Фараби шығармашылығы".

8 сынып қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жоспары.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр Әл-Фараби шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
1)Білімдік: Тарихи тұлға, ұлы ғұлама данышпан Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын қортындылай отырып, ұлы ғұламаның өмірінен алған білімдерін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу
2)Дамытушылық: Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, оларды өз бетінше ізденуіне жол ашу, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3)Тәрбиелік: Өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматты тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта , компьютер, шығармалар жинағы, бүктеме, стикерлер,постерлер
Пәнаралық байланыс: 1.әдебиет 2.тарих
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес интеллектуалды сабақ.
Жұмыс түрлері: ұжымдық, жұптық, жеке.
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, сұхбат, сұрақ-жауап, баяндау, бес жолды өлең, СТО.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа зейінін аудару
2.Кезекшімен сұхбат
3.Психологиялық дайындық, оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір- біріне жақсы тілек айтқызу.

4. Бағалау парақшасын үлестіру.

Топпен жұмыс:
I топ - биографтар
II топ - әдебиеттанушылар
ІІІ топ- зерттеушілер
Мұғалім:
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.
Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдиниетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдыра білді
Әлемдік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына өзіндік үлес қосқан Ұлы ғұлама Әл-Фараби өмірінен сыр ашамыз.
«Ғылыми мұра қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып, күркіреп тұрып, жаумай өткен бұлтпен тең”, — деген араб халқының дана мақалы бар. Осындай қанатты ойды ту қып ұстаған Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырады.
Бүгінгі сабақта: Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын қорытындылай отырып, ұлы ғұламаның өмірінен алған білімдерін, оқушылар шығармашылық жұмыстарына пайдалана отырып, көркем әдеби тілде сөйлеу арқылы, өз ойларын тиянақты жеткізе біледі.


Мұғалім: Осы тарау барысында әр топ біраз мағлұмат дайындап әкелдіңдер.
І топтың тапсырмасы: Әл-Фараби өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
Биографтар:
1-оқушы:
Әл Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Фараб қаласында дүниеге келеді.
Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырар. Арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен.
2-оқушы:
Сырдария бойын мекен еткен қалың қыпшақ тайпасынан шыққан.
Мухаммед Ибн Тархан отбасында дүниеге келген. Әкесі Тархан Ибн осы атақты қала қорғанының бастығы болды, ауқатты, сауатты адам болған.
3-оқушы:
Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан.
Сондықтан, әйгілі ғалым Фараби өз қолымен “Отырар қаласында туылдым, руым - қаңлы - қыпшақ” деп жазып қалдырған.
4-оқушы:
Он алты жасынан бастап оқу іздеп, керуенге ілесіп Бағдадқа аттанады.
Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Сайф ад Дәула Әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылығын зерттеп он екі тараудан тұратын “Музыканың үлкен кітабы” атты күрделі еңбек жазған.


II топ тапсырмасы: Әдебиет саласында еткен еңбектері.
Әдебиеттанушылар тобы
1-оқушы:
Қазақ әдебиеті мен тарих үшін Әл- Фарабидің орны бөлек. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған. Данышпан энциклопедист- ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан жақты тұлға екенін көрсетеді.
2-оқушы:
Бүкіл шығыс араб- парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке, ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп калдырды.
3-оқушы:
Әл- Фараби өзін тек қана ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады, өлеңдерінен үзінділері сақталған, күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.


III топ тапсырмасы: Ұлы ғұламаның меңгерген ғылымдары.
Зерттеушілер
1-оқушы:
Әл- Фараби философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді,ғалымның шығармаларының саны : неміс ғалымы Ш.Штейншнейдер-117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш - 160 еңбек, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров-200 трактат деп көрсетеді.
2-оқушы:
Көп тілдерді жетік білген ғалым мынадай кітаптарды біздерге мұрағып қалдырды: 1.“Ғалымдардың шығуы.”2.“Ғалымдар энциклопедиясы.” 3.“Музыканың үлкен кітабы.”4.“Ақылдың мәні” тағы басқа көптеген еңбектер жазған.
3-оқушы:
Ал тіл ғылымы, логика, психология, география,этика тағы басқа ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше.
Өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап ала білді,өз дәуірінің шынайы әнциклопедиясын жасап қалдырды.

Топтардың жұмысына жақсы баға бере отырып әр топқа тапсырмалар беріледі. Жасаған постерлерін тақтада қорғайды
1 топ . Әл- Фараби өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

2 топ. Венн диаграммасы . Әбу Насыр Әл- Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау.

3 топ. Суреттер сөйлейді.

М: Рахмет, үш топта жақсы білімдеріңді көрсете алдыңдар.


Сергіту сәті : Қазақтың ұлттық аспабы сазсырнаймен халық әнін тыңдату.


М: Ал,енді Әбу-Насыр Әл Фараби өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, тақырыбын анықтап, мазмұнын ашып,өлеңдерін құрылысына қарай талдау. Берілген үлгі бойынша әр топ ақынның өлеңдерін өлең құрылысына талдайды және шумақ, тармақ, бунақ, буын түрлеріне жеке-жеке тоқталады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, ортаға салады,қорғап дәлелдейді



І топқа –«Қашықтасың,туған жер» өлеңі .Әдеби теориялық талдау



өлеңі

теңеу

эпитет

 

 

 

 



ІІ топқа –Өлеңдерінің мағынасын ашу,тәрбиелік мәнін тусіндіру.


ІІІ топқа –«Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі . Өлең құрылысына талдау

Өрге жүзген// өнегелі ісімен,                                           1 шумақ

Танда адал //дос теңіңнің ішінен.                                    4 тармақ

Жүргендер көп// достық атын малданып,                       8 бунақ , 11 буынды

Алайда тек// қалма оған алданып.                                  а,а,б,б егіз ұйқас

.

Сабақ бойы алған білімдерін жинақтап,білімдерін саралау .

"Бес жолды өлең"әдісі.Берілен сөз: Фараби

Қорытынды сөз: Көне сөз-жаңа сөздің қазығы, сендерVII-VIII ғасырлардағы өмір сүрген ғұлама Әл-Фарабидің еңбектерінен көп білім алдыңдар. Шіркін, арамыз жермен көктей! Балалар тек қана еңбектің арқасында көп, үлкен биіктерге жетуге болады екен.


Рефлекция. Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсері мен ұсыныстарын жазғызу.

Үй тапсырмасы; Әл-Фараби туралы эссе, Фараби аңыз әңгімелерінен сахналық көрініс дайындап келу.





















































ІІІ-Сабақты бекіту. «Рөлдік ойын» әдісі
Ғалым жаққан шырақ
Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Кәне, балалар, кім өнер - білім туралы мақал - мәтел біледі?
Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол - білім.
Білім – таусылмайтын байлық.

Интеллектуалды сайыс. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтар қою, әр топтан бір оқушыдан шығарып, басқа топ мүшелері сұрақтар қойғызу.
Әр топтан бір оқушы шығып, «Ыстық орындыққа» отырып, топ мүшелерінің және мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
М: Әр топ алған білімдерін жетілдіру үшін дайындалған сұрақтарға жауап береді.
Ескерту: Жауапты тез, жылдам, анық айту керек.
Сұрақ-жауап
1. Отырар-Фараб қаласының түрікше аты қалай? Қарашоды.
2. Әл-Фарабидің толық аты-жөні? Әбунасыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби.
3. Әл-Фараби бейнесі неде бейнеленген? Ұлттық теңгелерде бейнеленген.
4. Алматыда Әл-Фараби атында нелер бар? Қазақ мемлекеттік ұлттық университет.1993 жылдан бастап Әбу Насыр Әл-Фараби атымен атанған. Әл-Фараби даңғылы,Әл-Фараби сауда-үйі.
5. Ғалымның 1100 жылдық мерей тойы қай қалаларда аталып өтті?
1975 жылы Мәскеу мен Бағдад шаһарында.
6. Әл-Фараби қолжазбалары бар ма? Қайда тапсырылған?
Қазақстан тәуелсіз ел болғалы Фараби қолжазбалары алғашқыда Ираннан тауып әкелген.Алматыда ұлттық университетінің кітапханасына тапсырылған.

М: Қазақ халқы ежелден сөзге шешен бай болған халық, мақал-мәтелге ерекше мән берген.Алдарыңдағы мақалдарды дұрыс құрастырып, оқып шығу(Конвертте мақал-мәтел қиындылары жатады)
Сабақ қорытындысы
Қорытынды сөз: Көне сөз-жаңа сөздің қазығы, сендерVII-VIII ғасырлардағы өмір сүрген ғұлама Әл-Фарабидің еңбектерінен көп білім алдыңдар. Шіркін, арамыз жермен көктей! Балалар тек қана еңбектің арқасында көп, үлкен биіктерге жетуге болады екен.
М: Осындай жақсы көңіл-күймен, жақсы тілектер айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Әр оқушы түрлі-түсті қағаздарға жазған тілектерін бір-біріне ұсынады. (Қанатты тілек сөздер)
1. Қазақ тілін жақсы меңгер!
2. Сабақтан жаңалық ал!
3. Ақылың азбай, білімің тозбасын!
4. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!
5. Әр тіл,өз орнында ұлы!
6. Ана тіліңді жақсы меңгеріп алмай, басқа пәндерді түсіну мүмкін емес!
7. Құнды сөз, құнарлы ойдан тұрады!
8. Күш білімде!
9. Еңбек пен бақыт егіз!
10.Адам мақсатқа өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді!
11.Өнер адамдарды біріктіретін құрал!
12. Оқы да біл, ойна да күл!
13. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
14. Көне сөз жаңа сөздің қазығы.
Оқушының білімін бағалау.
Үй тапсырмасы:
Әл-Фараби туралы эссе және бір өлеңін жаттап келу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее