«Зима 2025»

Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану мәселелері

Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану мәселелері жайлы толық ақпарат берілген. Қазақ ғұламаларының ойы жинақталып, дәлелденіп, тұжырымдалған.

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ТУРСЫННБАЕВА Ж.Қ

Талдықорған қаласындағы Қ.Басейітов атындағы саз колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы


Рухани-адамгершілік білім беру – жастардың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет – дарынының ашыла түсуіне, ақыл – парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Соның негізгі сара жолы білім болып табылады.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдарының бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті жастарды талап етеді. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, Қазақтан Республикасы білім беру туралы Заңында: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі» деп атап көрсетілген[1].

Еліміздің болашағы дарынды жастардың біліміне байланысты. Қазақстан халқының әлемдегі дамыған елдерімен тең дәрежеде білім алуы бүгінгі ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Олардың ақыл-ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Сондай-ақ жастар өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлға болып қалыптасуы тиіс.

Бүгінгі білім жүйесінде, С.А.Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А.Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде: «білім беру жүйесі тұлғаның өзін – өзі тануына Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым – қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез – келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінде мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді, - деп саралап өтті[2].

Демек, білім берудің ұлттық жүйесін құруда оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамыту мен байытуда, өмірдің мағынасын түсінуде «өзін – өзі танудың» маңызы зор.

Өзін – өзі тану тұлғаның ішкі жан - дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әулетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін – өзі тануының негіздерінің даналық формуласы «өзіңді – өзің таны» ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғыш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы өзін – өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді[3].

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда – бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездердегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін – өзін өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғам талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін – өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімділік пен танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасау идеялары алынатындығы белгілі болады.

Аристотель: «Адам өмірінің мақсаты бойындағы рақымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады»- деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстағандығын сипаттайды. Сонымен қатар қазақ философтары да тұлғаның өзін – өзі тануы өзекті мәселе етіп қарастырған.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: «Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісіндей емес», - дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. «Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады – деп, ... «бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі». Ғұлама ғалым әртүрлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі, адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дамуына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани – адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді[3].

Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы – Адам. Адамның қарым – қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы «Адам-Қоғам», «Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарастары қандай ұстанымдарға, принциптерге сүйейтінін құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққы ие болғанын көреміз.

Махмұт Қашқари білімнің қажеттігі мен пайдалығын сезіну, немқұрайлылықты болдырмайды және олардың терең және орнықты сенімдерге айналуына ықпал жасайды. «Білімді адам үгіт-насихатты байқаған сәтте-ақ тез түсініп, тез ұғар»- деп Қашқаридың үйренудің белсенді және жете ұғынылып іске асырылуын сәтті атап көрсетуі осыдан. Дүниені танып білу, ғылым негіздерін игеру оңай жол емес, бұл мақсатқа жетуде табандылық пен шыдамдылық, еңбектене білу дағдысы қажет. «Білікті, дана адамдарды тап, соларға еріп, елікте, жақын жүріп, олардан өнеге көр, ұқсап бақ»- дейді ғалым. Ғылыммен өздігінен айналыспауға елеулі мән береді. Жақсыдан үйренуге «Білген, даналардың сөз-ақылдарын өсиет етіп қабылда, жақсы сөз қастерлесе бойыңа, діліңе дариды». Тәрбиеленушіге еліктеудің тамаша үлгілерін ұсынатын дәстүр мына бір деректерде жақсы көрінеді: «Ерендер озған еді, Таудай білікті, өнерлі бектер еді. Олар көп насихат-өсиет айтты, Көңілім содан сара болды. Бұрынғы замандарда ғалым, хәкім, өнерлі адамдар болған еді. Олар көп ақыл-үгіт айтқанды». Соларды естігенде көңілім сайрап, сарайым ашылар еді» - деп түсіндіреді, мұнымен балалар тәрбиесінде алдымен, көрнекті тұлғалар өмірі мен моральдық принциптер, үлкендер үлгілерінің шешуші рөлі атап көрсетілгендігіне елеулі мән берген ғалым [4].

Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім – тәрбиелік, ғибраттылық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын орны туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Сонымен қатар, ғұлама ағартушы «Құдадғу білік» дастанында білім, ақылдың қасиеттері, жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады. Мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!», «Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!». Білік – білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білім біліп – төрден орын аларсың, білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік – түпсіз, шетсіз – шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!» [6].

Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және халық даналығы, өнер және рухани тәжірбие арқылы сіңеді. Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының ара қатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайла философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан – жақты әлеуметтік қарым-қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге ала отырып,келер ұрпаққа бір сөзбен «Адам бол!»- деген немесе «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени-этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайда» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.

Ш.Құдайбердінің «Үш анық» аттышығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Адам өміріндегі мақсатты – өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы ой мен жаман ойды ажыратып, тура жолды, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағыдасы болды[5].

Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана-сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық-саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандылыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш.Уәлихановтың моральдық идеяларының негізі-қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі «жабайы» мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына:

  • «намыс»,

  • «әділдік»,

  • «парыз» т.с түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ағартушы-демократ,қоғам қайраткері әрі ойшыл,реалист ақын,ғалым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді[6].

Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан Жұмабаев: ... «Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанның сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, басқаларға да зиян жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс»-деген оә тұжырымдарын өзін-өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне ұңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игеруге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс[6].

Сонымен, қазақ зиялыларының өзін-өзі тану туралы рухани-адамгершілік идеяларына талдау жасай келе тұлғаның өзін-өзі тануының құрылымын анықтауға мүмкіндік туды.

-өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

-түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

-өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

-өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және ісі шынайы болу;

-жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

-қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана,2007ж.

  2. «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен мәні» атты республикалық семинар материалдары. Алматы,2012ж.

  3. Өзін-өзі тану [Мәтін] / О.С.Сангилбаев, Ж.А.Абишева, М.А.Қуаналиева. Алматы: DALAPRINT,2010/-201б.

  4. М.Қашқари «Түрік тілінің сөздігі», 3 томдық шығармалар жинағы. Т.3. /Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егубай. – Алматы: ХАНТ, 1998. – 119Б.

  5. http://old.abai.kz

  6. Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы [Текст]: Оқу құралы/ Баширова Ж.Р, Бекмағамбетова Р.К, Әлқожаева Н.С.-Алматы: Қазақ университеті, 2012.-248б.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее